Садчиковский жүгерісі. АгроКараван, 15-күн

Мамыр айында ауа температурасы көтеріліп, ыстық 35 градустан асып, жауын-шашын мүлде болмағандықтан күздік дақылдарға ауысқан дұрыс сияқты. АгроКараван шеруінің он бесінші күні ElDala.kz ұжымы Қостанай облысының егіс алқаптарындағы жағдаймен танысып жатты. Егер көктемгі дақылдар қиын ауа-райы жағдайында себілсе, онда күздік дақылдар топырақтың ылғал қорын мүмкіндігінше тиімді пайдаланудың арқасында жақсы өсуде.

Елдегі ең ірі ауылшаруашылық холдингі Olzha Agro биылғы маусымда 350 мың гектар алқапқа егін екті. Бұл туралы бізге серіктестіктің бас агрономы Александр Гринец айтты. Әдеттегідей дәнді дақылдар себілді, бірақ сонымен бірге жаңа түрлері де отырғызылды: өткен жылдан бастап күздік дақылдардан - бидай, қара бидай және тритикале себілуде. Ал биылғы маусымда кем дегенде 10 мың гектарға күздік сұлы  егуді бастау жоспарланып отыр. Алайда тұқым таңдау оңай болмай тұр, қазір сатып алу үшін жеткізушілер іздестірілуде.

Тақырыпқа байланысты оқу:  «Шөлді жерге» қалай егін егіледі және ақбас сиырларды қалай көбейтуге болады. АгроКараван, 14 күн

Жаздық дақылдар жайлы айтар болсақ, мұнда дәстүрлі түрде егілетін дәнді және майлы дақылдардан басқа, бұршақ, соя және жасымық дақылдарын себу былтыр басталды. Осы маусымда люпин қосылды. Холдинтің бұршақ дақылдарын егетін егіс алқабы 15 мың гектарды құрайды.

Біз Садчиковское ауылына бардық, онда егістік алқабы 13,5 мың га, оның ішінде 400 га суармалы.

Егіс науқаны мәреге жақындады және «Олжа Садчиковское» ЖШС-ның бас агрономы Ерлан Жетімеков бізге топырақ ылғалдылығы өте тез буланатыны туралы айтты. Енді тұқымдарды 7 см тереңдікте отырғызу керек, әрі қарай өсу қауіпті, өйткені бүкіл көктемде жауын-шашын нормадан 20% төмен болды. Аграршылар оптимистік көзқараспен көктемде болмаған жауын-шашын жазда жауады деп күтеді.

Сонымен қатар, күздік дақылдар жақсы өсуде, өйткені қыс мезгілі соңғы жылдары аязды емес. Тек желтоқсан айында, қардың аз жауғаны қиын болып тұр. Біздің шаруашылық қарды алқапта жинап көп етіп ұстауға тырысты, мұндай жерлерде қардың қалыңдығы 40 см болды, бұл дақылдардың жақсы өнуіне көмектесті. Садчиковскийде күздік бидай (483 га), тритикале (175 га), қара бидай (1488 га) жерге егілген.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қарабалықтағы экстраМАЙный. АгроКараван, 13 күн

Жаздық дақылдардың ішінде ең көп себілген жұмсақ бидай болды (5885 га). Сонымен қатар қатты бидай, арпа, рапс бар. Жүгеріге үлкен аумақ бөлінген, оның ішінде 200 га суармалы алқап. Бұл дақыл сүрлем (200 га) жемге және дәнді дақыл үшін де (1550 га) өсіріледі. «Олжа Садчиковское» шаруашылығының ұүрамына сүт фермасыда кіреді. Оны жем-шөппен қамтамасыз ету - егін шаруашылығы бөлімінің басты міндеті.

Тұқым себу кезінде қазақстанда «Агромашхолдинг» шығарған John Deere тракторлары мен тұқым сепкіштері қолданылады. Бұл құрылғылармен тыңайтқыштар да себіледі.

Суармалы жер жайлы айтар болсақ, мұнда сүрлемге арналған жүгеріден басқа картоп, көкөністер де егіледі, сонымен қатар қарбыз өсіріледі. Ерлан Жетімеков ауа-райы және топырақтың құрамы жемістерді өсіруге қолайлы, ал қарбыз әдетте өте дәмді болады.

Қазіргі кезде «Олжа Садчиковское» сүт фермасында 320 сауын сиыр бар, жалпы мал саны 1000. Олар Нидерландыдан бес жыл бұрын гольшино-фриз тұқымы әкелінген еді.

«Біз тәулігіне 8 тоннаға жуық сүт аламыз», - дейді ферма технологы Қуанышбек Таласбеков (суретте оң жақта). - Мал азығы  ретінде негізінен сенаж мен сүрлем береміз.

Тақырып бойынша оқу: СҚО фермерлері күнбағыс өсіруде. АгроКараван, 12 күн

Биыл сүт фермасы кең ауқымды модернизациядан өтеді. Екі сиыр қора жайында заманауи желдеткіш қондырғыларымен жабдықталады. Бұл сиыр тұратын жердің температурасын реттеуге мүмкіндік береді және көп нәрсе осы параметрге байланысты. Өйткені, егер ол нормадан жоғары көтерілсе, сиыр сүт аз береді, ал олардың репродуктивті функциялары дұрыс болмайды. Мұның бәрі нәтижеге әсер етеді.

«Сонымен қатар, біз Украинадан голтино-фриз тұқымынан 200 буаз құнажындарды әкелеміз», - деді «Олжа Садчиковское» бас мал дәрігері Владимир Плешаков (сол жақта). - Биылдың өзінде біз ол сиырлардан сүт ала бастаймыз.

 

Қорада жас бұзауларға арналған жеке орын бар. Мұнда қашарлар да, бұқалар да ұсталады. Алайда, егер сиырлар бұзаулап көбейе бастаса, онда бұқаларды басқа адамдарға сатамыз,олар өз малдарының тұқымын жақсартатын болады. Голштиндерді белгілі тұқымы жоқ малмен будандастырғанда, үш ұрпақтан кейін, өз қасиеттерін толығымен береді. Бұл, ең алдымен, әр сиырдан жылына 15 тоннаға дейін сүт алуға мүмкіндік береді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы 2019 жылғы сүт өндіретін ТОП-69 ірі өндіруші

Әрине, мұндай рекордтарға жету үшін жақсы жағдай жасалуы керек, ветеринарлық жүйе және мал азығы дұрыс болуы қажет. Владимир Плешаков фермада енгізілген электронды жүйелер осының бәріне қол жеткізуге қалай көмектесетіні туралы айтты. Олар мал денсаулығын, жағдайын бақылайды, оның ішінде өндірілетін сүттің сапасы мен мөлшерін талдайды. Сүт 32 орында сауылады, германиялық Westfalia компаниясы шығарған шырша тәрізді жүйемен жабдықталған қора жайда жасалады. Оған ауысымда екі сауыншы қызмет көрсетеді. Қазір әр бастан сауылатын сүт тәулігіне орта есеппен 24 литрді құрайды. Мақсат - 50 литрге жету.

Сауылған сүтті өзіміз - шикі сүт цехында өңдеуден өткіземіз. Барлық ережелер бойынша қараңғы, салқын бөлмеде пісетін қатты ірімшік өндіруден басқа, ассортиментте сүт пен сүт өнімдерінің әр түрі жасалады.

- «Ірімшік пісетін камерада 45 күн сақталады», - деді бізге ірімшік бөлімінің бастығы Қанат Давлеталиев (суретте). - Біз «Голландский», «Мрамор», «Фитнес» және «Садчиковский» сияқты ірімшіктер шығарамыз. Ірімшікті дұрыс жасау оның сапалы, дәмді болуына мүмкіндік береді.

 Мұнда да жаңарту жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланған. «Олжа Садчиковское» сүтінен басқа (тәулігіне 8 тонна) мұнда тағы бір холдингтен сүт әкелінеді. Бір ауысымда өңдеудің жалпы көлемі 15 тоннаны құрайды. Жаңғырту жұмыстарынан кейін оны 50 тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осыдан кейін Қостанайдан басқа еліміздің басқа қалаларына да өнімді жеткізі жоспарланып отыр.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.