Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Шөл даладағы «Айс». АгроКараван Сүт, 1 күн
АгроКараван-Сүт 2021 іс-шарасы өз жұмысын Ақтөбе облысынан бастады. Ақтөбеден бір сағат қашықтықта Қазақстандағы ең озық сүт фермасы - «Айс» ЖШС жұмыс істейді. Аталған кәсіпорында ғылыми жұмыс жемшөп өндіруден бастап сиыр ұстауға дейінгі барлық салада жүргізіледі. Сондықтан да мұнда бір сиырдан тәулігіне 35-36 литр сүт алынады.
Ауа райының қатал болуы, шөлейт пен құрғақшылық, күрт өзгеретін температура да табысқа кедергі келтірмейді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Alltech сүт фермаларының тиімділігін қалай арттыруда
«Айс» сүт фермасы 2010 жылы пайдалануға берілді. Гольштейн тұқымдары Венгрия мен Германиядан әкелінді. Қазір 1000 бас сауылатын сиыр бар. Күн сайын 35 тонна сүт зауытта өңделеді. Мұнда балмұздаққа дейін түрлі өнімнің кең ассортименті өндіріледі.
Сүтті және құрама ІҚМ тұқымдары палатасының деректері бойынша, 2020 жылы «Айс» компаниясы 11 026 тонна сүт өндірген.
- Осыдан он жыл бұрын біз бір сиырдан жылына 5 тонна сүт ала бастадық, ал қазір 11 тоннадан арттық аламыз, - деді «Айс» фермасының басқарушысы Армен Хуршудян (басты фотода). - Яғни тәулігіне бір сиыр 35 литр сүт береді. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2020 жылы елде бір сиырдан орташа сүт алу 2360 кг болды - бұл шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша еді, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың жақсы көрсеткішке жетуі тек арма ғана еді. Ұйымдастырылған ауылшаруашылық кәсіпорындары көшбасшы фермалардан артта қалған болатын, себебі олардың 2020 жылғы орташа көрсеткіш 4862 кг құрады.
Мал азығының артықшылығы
«Айс» ЖШС –да 2700 га суармалы жері бар, Дөңгелек типті жаңбырлатқыш қондырғылармен жабдықталған. Суару жүйесіне салынған инвестициялар гектарына $3000 қаражатты құрайды, бірақ оның құны алғашқы жылдың өзінде ақталды. Егер есептер болсақ, қазір шаруашылық өздері сүрлем жем жасайтын болса, оның өзіндік құны-бір килограмм үшін 24 теңге, ал өздері шығармайтын шаруашылықтар мал азығын 140 теңгеге сатып алуға тура келеді.
«Айс» ЖШС қазіргі таңда өз өндірісін жемшөппен 85% қамтамасыз етуде, олар дәнді дақылдарды сатып алуда. Бірақ бұл мәселе осы маусымда шешілетін болады-қазір суармалы алқаптары кеңеюде. Сонымен қатар, бірнеше жылдан кейін компания өндірістері артық жемдерін сатуға мүмкіндік беретін көлемге жетуді ойластыруда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Сиыр сүттілігін арттыру: сүт фермаларындағы тиімділікті жүгері қалай екі еселеуге әсер етеді
Түйіршіктелген жоңышқаның бір бөлігі қазірдің өзінде Қытай мен Иранға экспортталуда. Алайда мөлшері аз. Негізінен алқаптарда жүгері егіледі, ол астық және сүрлем ретінде пайдаланылады. Жүгері кәдімгі комбайндармен 32% ылғалдылықта тазаланады және Murska құрылғысында тамырымен алынады. Бұл фин технологиясы, сонымен қатар техника да фин елінікі. Оның Қазақстандағы дилері «Б-Агро» компаниясы. Корнажды дайындаудың артықшылықтары бар: астықты белгілі ылғалдылыққа дейін кептірудің қажеті жоқ, өйткені корнаж бірден кептіріп құрылғыға тиейді. Бұл жағдайда оны кем дегенде екі жыл сақтауға болады. Қазір «Айс» ЖШС-да 2019 жылы жиналған астықтар сақталуда және сапасы да өте жақсы. Тағамдық құндылығы бойынша бұл жемдер ұсақталған жүгері дәнінен еш кем түспейді.
Тақырыпқа байланысты оқу: KAZSEEDS АҚШ-та Қазақстанға арнап тұқымдар дайындауда
Сүрлем туралы айтар болсақ, ферма жылына 14 мың тонна пайдаланады. Жүгері будандарының тұқымдарынан 270-280 ФАО түрі қолданылады. Тұқым себу қатаң түрде кесте бойынша жасалады, 3-5 мамыр күндері әдетте топырақтың температурасы 15 градусқа жеткеніне немесе жетпегеніне қарамастан тұқым себіледі. Жүгеріні сүрлемге жинау 15 тамыздан басталады.
Оганиканың артықшылығы
Суару жүйесінен басқа, топырақпен жұмыс істеу де жоғары өнім алуда маңызды. Мұнда Армен Хуршудян агрохимияны минималды түрде пайдалануды қолдайды. Атап айтқанда, минералды тыңайтқыштар өте шектеулі мөлшерде қолданылады, нитрат екі жылда бір рет қосылады, шамамен 70 кг дозада қолданылады. Азот осылайша толықтырылады, бірақ уақыт өте келе одан да органикалық қоспалардан бас тарту жоспарлануда. Оларда компосты дайындауды және енгізуді қамтиды. Барлық органикалық қалдықтар компост үйінділеріне фермадан әкелінеді-көң, жемшөп қалдықтары және т.б. олар сумен жақсы шайылады, бұл шіру процесіне де әсер етеді. Табиғи микрофлора компост үйінділерінде «сіңіріп» қана қоймайды, алқапқа төгілген соң, өсімдік қалдықтарын белсенді түрде «тыңайтады», топырақты өсімдіктерге қажетті «тірі» барлық микроэлементтермен байытады. Топырақтың аэрациясы мен дренажы да жақсарады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға не себепті сүт еттен де қажет
Топырақ бұл тыңайтқыштар өте өажет: компост қосылған жылдары қарашірік қабаты бұрынғы «шөлді» деңгейден 0,2% - дан қазіргі 2,7% - ға дейін артты. Суарудағы жүгерінің орташа өнімділігі гектарына 95 тонна. Сонымен қатар, әр гектардан екі рет егін жиналады - күздік (қара бидай) және жаздық (жүгері). Яғни, жүгеріні жинау кезінде комбайннан кейін қысқы қара бидай жиналады.
«Айс» шаруашылығының алқаптарындағы гербицидтер микрофлораның зардап шекпеуі және топырақтың «тың» болуы үшін өте шектеулі мөлшерде қолданылады. Сонымен қатар жақын арада гербицидтерден бас тарту жоспарлануда, толығымен органикалық өндіріске көшетін болады. Содан кейін-organic стандартының сүтін алудың тікелей жолы жасалады, өйткені Alltech компаниясының «табиғи» препараттары сүтті сиырды азықтандыруда қолданылады.
«Біз Alltech компаниясымен бұрыннан таныспыз және қазір олардың органикалық қоспалары мен сиырларға арналған құрғақ минералдарына 100% көшіп жатырмыз», - деді Армен Хуршудян. - Осы маусымда біз ферманың барлық мал басын Alltech органикалық премикстеріне ауыстыру үшін жем дайындаймыз деп ойлаудамыз, өйткені біз оның нәтижесін көріп отырмыз. Ал біздің Alltech-тегі негізгі жұмысымыз-заманауи ғылым жетістіктерін қолдану болып табылады. Бізге бұл ынтымақтастық өте ұнайды, қызметкерлер бізге үнемі көмектеседі. Біз бірлесіп эксперименттер жүргіземіз, теорияларды тексереміз. Яғни, күнделікті егіншіліктен басқа, шығармашылық және ғылыми жұмыс бар. Бұл қызықты және пайдалы.
Миллион құпиясы
Топырақта да, сиыр ағзасында да табиғи тепе - теңдікті сақтау-Армен Хуршудян осы принциптерді ұстанады. Топырақ туралы айтар болсақ, ол қосымша топырақ бактерияларын енгізу артық деп санайды, өйткені әр аймақта оның мөлшері жеткілікті. Ал енгізілген микрофлора жаңа жағдайда өмір сүре алмауы мүмкін. Әсіресе, жазда ауа температурасы 40 градустан жоғары болғанда, ал қыста 40 градустан төмен болатын Ақтөбе сияқты ауа - райының қатал жағдайлары туралы айтатын болсақ.
- Мен сіздерге миллион тұратын құпия жайлы айтайын, - деді Армен Хуршудян. - Егістікке жақын орманға барып, сол жердегі қарашірік, өсімдік қалдықтары бар жақсы топырақ қабатын алуыңызға болады. Бұл топырақтың 10 сантиметрлік жоғарғы қабатын алып, компост үйіндісіне әкеліп қосып, су құйыңыз сонда сіз өзіңізге қажетті табиғи микроорганизмдер бар керемет тыңайтқыш аласыз. Олар сіздіалқаптарыңызды тыңайтады.
Осындай табиғи тәсілді Армена Хуршудян малдарға да қолданылады, табиғи баланс организмде микроэлементтерден құрастырылған азықтандыру рациондарын қолданады және сиыр бұзаулаған соң да осы әдіс пайдаланылады. Ал бұзаулар туылғаннан кейін бірден уыз ішеді, бұл иммунитетті табиғи түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-дағы ең көп төлдейтін ТОП аймақ
Айта кетерлік жағдай «Айс» фермасындағы бұзаулардың 2020 жылдың қорытындысы бойынша саны 87% -ды құрады, ал Қазақстан бойынша бұл орташа есеппен 75%. «Айс» -та бір сиырды ұрықтандыруға 1-2 доза жұмсалады.
«Санды» жүйе арқылы үнемдеу
«Айс» фермасындағы барлық үдерістерді сауатты басқарудың маңызды бір бөлігі - Afimilk цифрлық жүйесін пайдалану. Атап айтқанда, сенсорлардың жұмысына негізделген жүйе малды бағу кезінде қолданылады, бұл уақытында ұрықтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сенсорлар мал денсаулығын толығымен бақылайды және кез-келген проблемалар туралы уақтылы хабарлайды.
Сонымен қатар, Армен Хуршудян Afimilk-ті фермада қолдану әзірге тек 60% - ды ғана құрайтынын айтады. Цифрландыруды одан әрі енгізу шаруашылықтың жұмысын одан әрі жеңілдетуге және менеджменттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Команданың еңбек шығындары да азаяды, бұл өндіріс рентабельділігін арттырады: сүт фермасының өзіне 30 адам қызмет етеді. Ал «Айс» ЖШС-де барлығы 110-ға жуық адам жұмыс істейді. Бұл далалық жұмыстармен айналысатын механизаторлар, жеткізу қызметі, сүт тасымалдаушылардың жүргізушілері және т.б.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы 2019 жылы сүт өндіретін ең ірі ТОП-69 компания
- Бізде кадр тапшылығы жоқ, - деп атап өтті Армен Хуршудян. - Бізде жақсы ұжым жиналған. Біз жастарды қабылдаймыз, оқытамыз, дайындауға қаражат саламыз. Осының арқасында бізде мамандарға қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ең бастысы адамдарға жұмысына қарай лайықты ақы төлеу керек. Сонымен қатар құрметтеп, үйретіп, өздерін команданың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік жасау қажет.
Сондай-ақ, Afimilk жүйесі сиыр сауу залының жұмысын автоматтандырып, сауу процесін бақылайды. Айтпақшы, мұнда «Параллель» жүйесі жұмыс істейді. Ал жаңа фермада Армен Хуршудян «Карусель» орнатуды жоспарлап отыр.
«Айс» ЖШС –ның даму жоспарына келетін болсақ: қазіргі фермадағы мал басын өсіру бойынша барлық резервтер таусылды - адам санының өсу әлеуеті жоқ. Сондықтан, азық-түлік базасын нығайту негізінде жаңа ферма құру жоспарлары жасалуда. Ол бұрын салынған ферманың жанында пайда болады және онда көптеген инновациялық құралдар қолданылатын болады. Оның сыйымдылығы қандай болатыны әлі белгісіз, алдағы уақытта-менеджмент жобаға қанша мөлшерде инвестиция салу керектігін есептейді.