Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын Мақтаарал тұрғындарына аударды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратының қызметкерлері Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін бір күндік жалақыларын қорға аударды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

1 мамырда таңертең нөсер жаңбыр жауғаннан кейін және Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылды. Соның салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекарадағы торап суға толып, бірнеше елді мекендерді су басып қалды. Үйлермен қатар, жалпы аумағы 7639 га болатын ауылшаруашылық алқаптарды су алды, олардың көп бөлігінде  мақта егілген болатын. 297 мал қырылды. Фермерлерге келтірілген шығын мөлшері 4 млрд 1 млн теңгеге бағаланған еді.

Осы жағдайға байланысты Түркістан облысының Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Қазақстан Президенті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасымен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын түзету үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.