Қазақстан Беларуссияға АӨК саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесуде агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты нығайтуды және қытай нарығына бірге шығуды ұсынды. Бұл туралы БЕЛТА жазды.

Асқар Мамин Минскіде Беларуссия үкіметінің жаңа басшысы Роман Головченкомен өткізілген келіссөздер жақсы болғанын атап өтті.

«Біз екі ел үшін табыс әкелетін жаңа бағыттарды анықтадық, бірақ олар әлі жүзеге асырылмаған. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен. Біз белоруссиялық аграршылардың біліктілігі жоғары екендігін білеміз және осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуді ұсындық, өйткені қасымызда қытайдың үлкен нарығы бар», - деді ол.

Асқар Мамин Беларусь пен Қазақстан елдерін стратегиялық серіктестік, халықтардың жақындығы біріктіретінін және екі мемлекет басшыларының арасындағы жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

«Ертеден келе жатқан жақсы байланыстарымыз  бүгінгі күннің қазығы, біз соны одан әрі  дамытамыз», - деді ол.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.