А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның бас директоры бөтеннің мүлкін заңсыз иемденді деп күдіктелуде

А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры 5,3 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен хабарлады.

Астық шаруашылығы ҒПО Бас директорына қатысты тергеуді Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жүргізуде.

«Ол 5,3 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатты іс жүзінде жұмыс жасамай –ақ аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді», - деп нақтылады ведомстводан.

Сонымен қатар, Агенттікте АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Әбілқасымов пен осы инспекцияның шекара маңындағы бекеттерді бақылау бөлімінің басшысы Қарашевқа қатысты үкім жарияланды. Оларға жоғарыда аталған инспекцияға азаматты жұмысқа орналастырғаны үшін 2 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылды.

Талдықорған қалалық сотының шешімімен 16 шілдеде инспекцияның екі қызметкері де мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, әрқайсысы 21 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарылды.

 Бұған дейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің КЕАҚ Басқарма төрағасы Ахылбек Күрішбаев Қазақстанның кейбір аграрлық ғылыми орталықтарында сыбайлас жемқорлық таралып келе жатқанын мәлімдеген болатын. Сонымен бірге ол бұндай күмәнді шараларды тоқтатуға уәде берген еді.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.