Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақ агротехникалық университеті егістік күнін онлайн-форматта өткізеді
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 10 тамыз күні сағат 10.00-де Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы (СҚ АШС) базасында онлайн-форматта егістік күнін өткізеді.
«КазАТУ ғалымдары СҚ АШС тәжірибелік учаскелерінде цифрлық технологияларды, егіншілік элементтерін (GPS және ГАЖ жүйесі) енгізу, негізгі және перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарын (жаздық бидай, арпа, тритикале, соя және жүгері) өсіру кезінде жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) нәтижелерімен таныстырады», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, сарапшылар егіншілік жүйесіне байланысты топырақ құнарлылығын және өсімдіктердің өнімділігін басқару әдістері туралы әңгімелейді.
Егістік алқаптарында электрондық карталарды қолдану, сенсорлар мен датчиктердің көмегімен метеодеректерді есепке алу және талдау, космомониторинг, аэрофото түсірілімдерін түрлі ҰҰА көмегімен жасау, ыңайтқыштарды саралап енгізу жүйелерін пайдалану өндіріс тиімділігін арттырады, технологиялық процестер мен операцияларды уақытында түзетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясына және қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізуге байланысты Қазақстанның барлық облыстарында егіс күнін дәстүрлі форматта өткізу мүмкін болмай отыр. Осыған байланысты зерттеу нәтижелері онлайн режимде көрсетіледі.
Аталған іс-шараны мына сілтеме бойынша көруге болады https://zoom.us/j/4850718473 , конференция идентификаторы: 485 071 8473. Сондай-ақ, Қазақ агротехникалық университетінің facebook-бетінде тікелей эфир форматында өткізіледі.