Фермерлер кооперациясы екі бағытта құрылатын болады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің негізгі кооперациясын мемлекеттік тұрғыда қолдау тәсілдерін өзгертуді ұсынған Мәжіліс депутаттары тобының сауалына жауап берді.

Халықтық коммунистер фракциясы депутаттарының пікірінше, ауылдағы бәсекелестік ортада таңдау еркіндігіне қайшы келеді және бұл ірі бизнес үшін жасалған артықшылық, осы іс-шара арқылы ауыл тұрғындарын тағы бір басу әрекеті болып табылады. Мәжіліс депутаттары жеке кәсіпкерлікті қолдап, аталған кооперацияларға ерікті түрде бірігуге мүмкіндік беруді ұсынады.

Премьер-Министр өз жауабында түсіндіріп айтқандай, бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі шағын шаруа қожалықтарын ірі кәсіпорындармен өзара әрекеттесуі үшін ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтар арасында өздігінен ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірігулеріне де болады.

«Осы жұмыстарды дамытуды ынталандыру үшін инвестициялық субсидиялау қарастырылуда және мемлекеттік қолдау да болады», - деді Асқар Мамин.

Тақырыпқа байланысты оқу: Кооперация фермерлерді «субсидия бұғауынан» қалай құтқарады?

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысы айтқандай «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша субсидиялау ережелері аясында ауыл шаруашылығы шикізатының құны арзан болады. Сондай-ақ ауылшаруашылық кооперативтері үшін барлық салықтарға 70% жеңілдік беретін арнайы салық режимі бар.

Сонымен қатар, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кооперативтерге 7 жылға дейін 6% мөлшерлемемен несие береді.

«Осы аталған мемлекеттік бағдарлама аясында Жамбыл облысындағы «Тараз» ӘКК арқылы 2,5% мөлшерінде микрокредит берумен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының кірісін арттыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба Жамбыл облысының 10 ауданының 11 пилоттық ауылдық округінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 2 489 өтінім қаржыландырылды, 9,2 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінді. 8,5 млрд. теңге игерілді», - деп қорытындылады сөзін Премьер-Министр.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.