АШМ басшысы есеп беру кездесуін онлайн режимінде өткізеді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл халыққа есеп беру кездесуін онлайн режимінде өткізеді. Бұл формат карантиндік режимді сақтау мақсатында жасалып отыр. Бұл туралы АШМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған кездесу 9 маусым күні сағат 11.00-ге жоспарланған. Трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парағында өтеді.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстар 8 маусымға дейін minagripress@gmail.com электрондық поштасымен қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша қоңырау шалу: 8(7172) 55-57-65.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.