Мал азығын елден әкетуге тыйым салу туралы бұйрық жарияланды

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы және қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағынан кейбір жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» бірлескен бұйрығына 12 тамызда қол қойылды және бүгін Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Аталған құжат 10 күннен кейін күшіне енеді.

Бұйрыққа сәйкес, алты ай мезгіл ішінде ҚР аумағынан шөп, сүрлем, сұлы,тұқымдық қара бидай, өзге де мал азығының түрлерін әкетуге тыйым салынады.

Бұйрықтың орындалуын бақылау аталған жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелді.

Биылғы жылы Қазақстанда құрғақшылық салдарынан мал өсірушілер зардап шекті. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азық шығаруға тыйым салынуда. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты экспорттауға квота енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Үкімет жем-шөп дайындауды және мал азығын өңірлер бойынша бөлуді қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылдады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.