Түркістанда құрғақ ландшафты қалпына келтіру үшін 10 млрд теңге жұмсалады

Түркістан облысы мен облыс орталығында су тапшылығын жоюға және суармалы жерлердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан өңірінде құрғақ ландшафтты қалпына келтіру бойынша екі республикалық деңгейдегі жоба іске қосылды. Атап айтқанда, сыйымдылығы 18 млн текше метр «Кеңсай Қосқорған-2» атты су қоймасының құрылысын салу жұмыстары басталды. Жаңа жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, Түркістан магистральды каналын күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 9,6 км канал бетоннан жасалды», — деп хабарлады әкімдік.

Сонымен бірге, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен 134 тік ұңғыманы (скважина) қайта жаңарту үшін жергілікті бюджет есебінен ақша бөлінді .Аталған жобаның құны-2,6 млрд теңге. Қазіргі уақытта  40 тік дренаждық ұңғыма қайта қалпына келтірілді. Осы   жобаларды іске асыру егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және оларды сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жақын уақытта өңірдегі Шошқакөл атты көлдерді қалпына келтіру бойынша жобаны жүзеге асыру басталады. Сырдария өзенінен канал салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда техникалық-экономикалық талаптар мен жоба құжаттары дайындалуда. Аталған жобалардың нәтижесінде Түркістан қосымша 196 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етіледі деп болжануда.

Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 16 су объектілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстардың арқасында, қосымша 9,5 мың га жерді суаруға болады.

Айта кету керек, суармалы жерлерді арттыру жұмыстары Қазақстанның басқа да аймақтарында жүргізілуде, мысалы Жамбыл облысында суармалы жердің көлемі 200-210 мың гектарға дейін кеңейту жоспарлануда. Тағы да Қазақстанның шығысында жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы Қазақстанда 182 мың га суармалы жер қалпына келтірілуі тиіс.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.