Семейде жаңадан май зауыты іске қосылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласына сапар барысында күнбағыс тұқымын өңдейтін «Qazaq astyq group» ЖШС атты май экстракциялайтын зауытты ашты. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған өндіріске салынған жалпы инвестиция көлемі 13 млрд теңгені құрады. Кәсіпорынның қуаттылығы - тәулігіне 1000 тонна күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс / зығыр тұқымын өңдеп шығарады. Компания 300-ден астам тұрақты жұмыс орнын құрды.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, зауыт Қазақстан Республикасының өсімдік майына деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді, оның өнімі сыртқы нарыққа шығарылатын болады.

Тақырыпқа байланысты оқуСемейде не себепті жаңа май зауыты ашылуда

Сонымен қатар, үкімет басшысы Глубокий ауданы, Солнечное ауылында болып, онда сүт фермасын, егіс алқаптарын және «Майлы дақылдар тәжірибелік орталығын ауылшаруашылық техникаларын қарап шықты. 2020 жылы кәсіпорында 13 мың тонна сүт және 300 тонна сиыр еті өндірілді. 2022-2025 жылдардағы өндірісті қолдау бойынша жалпы сүт өнімділігін тәулігіне 40-тан 100 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

МДТО Қазақстан Республикасындағы көшбасшы тұқым өсіретін шаруашылықтардың бірі болып саналады. Өткен жылы ЖШС ауылшаруашылық тұқымын сату бойынша (10 мың тонна тұқым) 1 орынға ие болды. Соңғы 5 жылдағы барлық дақылдар бойынша орташа өнім көрсеткіші әр гектардан 4,3 тоннаны құрады.

Компания сонымен қатар «Ауыл - Ел бесігі» жобасын іске асыруға белсенді қатысады. Солнечное ауылында компания жалпы ауданы 3,7 мың шаршы метрді құрайтын  тұрғын үйлер кешенін салуда.

Баспасөз қызметі ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7% өсіп, 860,8 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 93,8 млрд теңге (+ 2,1%) болды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.