Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Экспорттаушылар вагондарды ҚХР-ға өткізуді жария түрде ашық жасауды сұрайды
Қазақстанда көрші елдегі карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты Қытай бағытында жиналып қалған вагондар санының көбейіп жатқаны белгілі болды. Егер қараша айында 1 700 вагон кезекте тұрса, 2021 жылдың қаңтар айының аяғында оның саны екі есе артып- 3 700-ге дейін жетті. Бұл туралы Қазақстан астық одағы хабарлады.
«Тұрып қалған» пойыздар қатарында азық-түлік тиелген 849 вагон осы Қазақстан астық одағы компаниясына тиесілі болады. Олардың кейбіреулері 2020 жылдың 30 қыркүйегінен бері қозғалмай тұр.
«Жиналып тұрған вагондарды ақшалай есептегенде азық-түлік жүктерінің құны 6,9 млрд теңге немесе $16,5 млн болатын 57 мың тонналық өнім болып бағаланады», - деп атап өтті Одақ.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-дағы қытай шекарасында жүк вагондарының жиналуын форс-мажорлық жағдай деп таныды
Вагондардың жинақталуы ҚХР-мен шекарада және оларға баратын жолдар мен бекеттерде де байқалады. Яғни, жүк тиелген вагондар бүкіл маршрутта кептеліп тұр.
Жүктерін жөнелтушілер өнімдердің қауіпсіздігіне алаңдауда. Себебі ұзақ уақыт тұрған вагондардағы өнімнің сапасы күннің жылынуынан бұзылып, нашарлауы мүмкін. Жүк жөнелтушілер қытайлық импорттаушылар жасалған келісімшарттарын қайта қарастырады деп күтуде немесе олар бұл келісімшарттарды бұзады. Яғни, астық экспорттаушылар кез-келген жағдайда да шығынға ұшырауы мүмкін.
«Нарықтағы компаниялар, егер тиелген вагондар жүк жөнелтушіге қайтарылған жағдайда, Ұлттық тасымалдаушы жөнелтілген станциядан келіп тоқтаған жерге дейінгі жүк ақысының (тарифінің) құнын қайта есептеп, жол шығынын қайтарады», - деп атап өтті Одақ мүшелері.
Айта кетейік, 29 қаңтарда Қазақстан Қытай мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізген кезде вагондарды қабылдауға келісім берді. Алайда қабылданатын пойыздардың саны шектеулі. Сондықтан, Қазақстанның астық одағы вагондарды мерзіміне қарай алғашқы уақытта тұрғандарынан бастап өткізуді дұрыс, әділ деп санайды.
Вагондарды кіргізу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҚАО жаңадан келген, жеткізілген және тиелген вагондардың қытай жағына өткізілгендердің саны туралы жедел ақпаратты күн сайын жариялау қажет деп санайды.
Осыған байланысты, Қазақстанның астық одағы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Премьер-Министр Кеңсесіне, жауапты мемлекеттік органдарға, «ҚТЖ» ҰК АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП қызметіне Достық және Алтынкөл бекеттеріндегі ұлттық тасымалдаушы жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ету туралы өтінішпен жүгінді.