Алматы облысының фермерлері Көксу зауытына бір күнде 400 тонна қызылша өткізді

Алматы облысында биыл қант қызылшасын егу көбейді. Облыстағы Көксу қант зауыты қайта жаңартылғаннан кейін олар қант өндірісін едәуір арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Биыл Алматы облысында 500 мың тонна тәтті қызылша жиналып, шамамен 42 мың тонна қант өндіру жоспарланған. Жалпы, биыл облыста қант қызылшасының егіс алқабы 2,1 мың гектарға артып, 16,1 мың гектарға жетті», - деп хабарлады әкімдіктен.

Өткен жұма қызылша қабылдаудың бірінші күні Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорғанның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері Көксу қант зауытына 400 тоннадан астам қызылша тапсырды.

Зауыт директоры Алтынбек Аббатовтың айтуынша, Көксу қант зауыты 80% жаңартылған, өндіріс толығымен автоматтандырылған, бұл қанттың сапасын едәуір жақсартады.

 «Бүгінгі таңда Көксу қант зауытындағы жабдықтар күрделі жөндеуден өткізілді. Қызылша қабылдау пунктінде салмақ өлшейтін құрал толығымен ауыстырылып, оның орнына электронды қондырғы орнатылды.  Машиналардың барлығы күрделі жөндеуден өткізілді, жалпы 5 БУМ машиналар жұмыс істейді. Зауытта сонымен қатар шикізатты қайта өңдеу желісі бар. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның жыл бойына жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Зауыттағы жөндеу кезінде 250-ден астам адам жұмыс істеді, ал жазғы маусым уақытында тағы қосымша 200 –дей адам жұмыспен қамтылатын болады. Кәсіпорынды жаңартып қалпына келтіру  жұмыстары одан әрі жалғасуда», - деді Алтынбек Аббатов.

Өткен жылы Көксу қант зауыты 230 мың тонна шикізат өңдеп, 20 мың тоннадан астам құмшекер өндірді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Көксу және Ақсу қант зауыттары биылғы науқандағы өнімді қабылдауға 100% дайын.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.