Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Алматы облысында 800 мың тоннаға жуық картоп жиналды
Биыл Алматы облысында 790,1 мың тоннаға картоп жиналды, орташа өнімділік гектарына 196 центнерді құрады. Өткен жылы 757,7 мың тонна жиналып, орташа өнімділік 192,2 ц/га құрады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, биыл картоп егілген алқап 40,3 мың га құрады, өңірде картоп өсірумен 17 аудан және 2 қала айналысады. Картопты ең көп өсіретін өңір Райымбек ауданы болып табылады. 2018 жылы ауданда 5,6 мың гектардан 111,8 мың тонна (өнімділік 197,8 ц/га), 2019 жылы 6 мың гектардан 125 мың тонна (өнімділік 208,4 ц/га) жиналса, биыл 6 мың гектардан 130 мың тонна (өнімділік 215,2 ц/га) жиналды. Бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асырылған болатын.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан жыл сайын 300 мың тонна картоп экспорттайды
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2018 жылы «Райымбек ауданында сұрыпты жаңарту үшін картоптың элиталық тұқымын сатып алу» жобасы бойынша «Жетісу» ӘКК арқылы Голландиядан 112,6 млн.теңгеге «Санте» және «Агрия» сұрыпты картоптың 238,9 тонна элиталық тұқымы сатып алынды. Бұл тұқымдар «Өркен» шаруа қожалығының алқаптарына 70 га жерге егілді. Сондай-ақ 3 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Мұнда топырақ өңдеу, егін егу, жинау және түсіру-тиеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, тракторлар мен тасымалдау құралдарын қоса алғанда, жалпы сомасы 430 млн теңгеге 214 бірлік техника сатып алынды.
2018 жылы ауданда 2100 тонна I-ші репродукциялы тұқымдық картоп жиналды. 2019 жылы егіс алқабы 607 га дейін жетті.17 га алқапқа Голландиядан «Жетісу» ӘКК арқылы 23 млн.теңгеге сатып алынған элиталық тұқымдар және 590 га жерге 2018 жылғы 1-репродукциялы тұқымдар отырғызылды. 16 740 тонна картоп алынды. Ағымдағы жылы 6 мың гектардан 130 мың тонна өнім жиналды.