PÖTTINGER компаниясы Қазақстандық кәсіпорынмен бірлесіп, егістік техникаларын шығаратын болады

Еуропаның ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің бірі – PÖTTINGER компаниясы «АгромашХолдинг KZ» кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Бұл туралы қазақстандық өндірушінің баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның ақпараты бойынша, биылғы жылы PÖTTINGER бірінші кезеңде жоспарланғандай- егіс кешендерін бірлесе шығаруға дайын. Австриялық компания Қостанайдағы жаңа «Локализациялық орталық» аумағында орналасатын болады.

Орталықтың 27 000 шаршы метрден астам жеріне әмбебап цехтар орналастырылады, кеңсе бөлмелері, оқу орталығы және қызметкерлерге арналған жатақхана салынады.

«PÖTTINGER инновациялық техникаларды шығарушы компания ретінде әлемге танылды. Кәсіпорын тек шығаратын техникаға ғана емес, істейтін жұмысқа да үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан біз Агромашхолдингтің Қазақстандағы барлық жетекші өндірушілерді біріктіру туралы  пікірін жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті ТМД елдеріндегі PÖTTINGER тауарларын сату жөніндегі директоры Александр Зернов.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.