Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Азық-түлік корпорациясы аймақтарға 38,9 мың тонна бидай бөлді
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы аймақтарға ішкі нарыққа арналған кепілдендірілген жеткізілім аясында мамыр айында экспорттаушылардан сатып алынған 38,9 мың тонна бидайды бөлді.
Мамыр айында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізілім міндеттемелері бойынша 79 астық экспорттаушымен келісім жасаған болатын. Жалпы кепілдікке 3 және 4 сұрыптағы 63253 тонна бидай қабылданды, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта Корпорация әкімдіктердің өтініші бойынша экспорттаушылардың кепілдендірген 38 921 тонна бидай астығын бөлді», - деп атап өтті компания.
Аталған астық Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының астық өңдеушілеріне берілді.
Қазіргі кезде Корпорацияда тағы 24 мың тонна кепілдендірілген бидайбар. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы облыс әкімдіктерінің өтініштерін қабылдауды ары қарай жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай экспортына ішкі нарыққа кепілдендірілген жеткізілім үшін квоталар енгізген болатын. 1 маусымда Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімдірді экспорттауға салынған шектеуді алып тастауы мүмкін.