Қырғызстан Қазақстаннан құс етін әкелуге салынған шектеулерді алып тастады

Қырғызстан мемлекеті құс тұмауы таралғаннан кейін Қазақстанның бірқатар облыстарынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін алуға салынған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қырғызстанның Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясына жоғары патогенді құс тұмауын оқшаулау және жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді. Эпизоотиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты 14 маусымдағы қаулымен аталған Мемлекеттік инспекция құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге байланысты енгізілген шектеулерді алып тастады.

Тақырыпқа байланысты оқуСҚО-да құс тұмау тіркелді

«Аталған қаулы бойынша Қырғызстан аумағына ҚР Ақмола, Алматы (Қарасай ауданы), Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін қайта әкелуге рұқсат етілген»,-деп нақтылады баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ресей Қазақстаннан құс өнімдерін әкелуге және транзиттеуге салынған тыйымды алып тастаған болатын.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.