Қазақстанда шөп дайындау науқаны аяқталуға жақын

Елдегі 22 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 23,2 млн тонна шөп шабылды немесе жоспардың 98% -ы жиналды, 1,5 млн тонна пішен немесе 94% -ы дайындалған. Сондай-ақ, 1 млн тоннадан астам сүрлем (53%) және 2,9 млн тонна сабан (61%) дайындалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде ведомствоның алқа отырысы өтті. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров хабарлағандай, биылғы жылы жемшөп дақылдарының егіс алқабы 3,2 млн гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық, ал дәнді-дақылдар алқабы - 2,6 млн гектар.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің және облыс әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.

Тақырыпқа байланысты оқуҚР-да мал азығына арналған алқап көлемі екі есеге ұлғаяды

Сондай-ақ, отырыста агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

«Министрлікте инвестициялар салу бойынша жүйелі шаралар қарастырылған. АӨК саласында кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылуда, АӨК субъектілері үшін салық салудың арнайы режимдері белгіленген, басым бағыттарды инвестициялық субсидиялау, жеңілдікті кредиттермен және лизингпен қамтамасыз ету қарастырылған», - деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Вице-министр Рүстем Құрмановтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 677,2 млрд теңгені құрап, жоспарланған көрсеткіштен 154,2 млрд теңгеге асып түсті.

2020 жылы 202,6 млрд теңгенің 186 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды, оның ішінде мал шаруашылығы саласында - 133,3 млрд теңгенің 113 жобасы, өсімдік шаруашылығы саласында - 69,3 млрд теңгенің 73 жобасы бар.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында АӨК негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 40,3% -ға (346,7 млрд теңге) ұлғайып, 485,5 млрд теңгені құрады.

«2021-2025 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша бекітілген Жол карталарына сәйкес жалпы сомасы 4,5 трлн теңгені құрайтын 934 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 133 млрд теңгенің 155 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді», - деп нақтылады Рүстем Құрманов.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.