Қазақстандағы асыл тұқымды ангустарды ҮЗДІК-25 өткізуші
Ангус асыл тұқымды фермалары 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша 2 373 жас малды сатылымға шығарды. Оның ішінде бұқалар - 1 078 бас, қашарлар - 1 005 бас, құнажындар - 290 бас. Жалпы, 2021 жылы еліміздің репродукторлары 9 610 ангусты (2020 жылы 18 455) сатты.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстанның үздік бұқалары. АгроКараван Ет 2021, 10-күн
Қазіргі уақытта Алматы облысында ең көп ұсыныс - 600 бас.
«Бұқалар» санатында 1-ші және 2-ші санаттағы мал ұсынылған. Ең қымбаттарын СҚО шаруашылықтары - «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС және «Мәмбетов және К» КС сатады. Бұл - Канада мен АҚШ-тан шыққан бұқалардың тұқымынан алынған өте сапалы жануарлар. Бір бастың бағасы 1 млн теңгені құрайды. Айта кетейік, «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС жақында «KazAgro/KazFarm 2021» көрмесінде 1,5-тен 3 жасқа дейінгі санаттағы «Ангус тұқымының чемпионы», сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі жас санатындағы «Барлық тұқымдардың жеңімпазы» атағын жеңіп алған бұқаларды сатылымға шығарды.
Тақырып бойынша оқу: KazBeef ет индустриясының моделін қалай құрды? АгроКараван Ет 2021, 5-күн
Ангустардың орташа бағасына келетін болсақ, құнажындар үшін бұл - 650 мың теңге, бұқалар үшін - 635 мың теңге, қашарлар үшін - 470 мың теңге. Сатылатын малдың салмағы - жасына байланысты 250 кг-нан 550 кг-ға дейін.
Алматы облысында орналасқан «Lake Farm» ЖШС сатуға ең көп мал санын шығарды. Ол 500 бас жас жануарларды ұсынады. Бұл - 2020 жылы туылған 1-ші санаттағы 300 бұқа мен 200 қашар. Жануарлардың салмағы - 250-300 кг.
Одан кейін Павлодар облысының «Ардақ» ШҚ. Шаруашылық 270 ангусты сатады: 120 қашар (бір басқа 650 мың теңге), 130 қашар (500 мың теңге) және 20 бұқа (450 мың теңге).
Сатылатын төлдер саны бойынша үшінші орында - Солтүстік Қазақстан облысынан «Азия Тарангул» ЖШС, 206 ангус. Бұл бір бас үшін 550 мың теңгеден 50 қашар, 750-800 мың теңгеден1-ші санаттағы 59 бұқа, 550 мың теңгеден 2-ші санаттағы 97 бұқа.
Тақырып бойынша оқу: Ангус жері. АгроКараван Ет 2021, 8-күн
Қазақстандағы ангус тұқымды малдың жалпы саны 2021 жылдың 1 желтоқсанына 155 288 басқа жетті. Асыл тұқымды малдың үлесі - бүкіл ел бойынша 880 шаруашылықта 110 000 бас. Асыл тұқымды малдың басым бөлігі Алматы облысында - 22 514 бас. Одан кейін Ақтөбе облысы - 21 108 бас және Ақмола облысы - 12 582 бас.
Қазіргі уақытта 109 шаруашылық Қазақстан ангус республикалық палатасының мүшесі болып табылады. Соның ішінде биылғы жылы қатысушылар саны Ресейден келген шаруашылық - Калуга облысында жұмыс істейтін «HAPPY FARM» ШФҚ ЖШҚ-мен толықты.
Сергей Буянов
№
Атауы
Сатылатын мал басы
Сатылатын мал басы: 500 Lake Farm - Абердин Ангус етті тұқымды қой мен ірі қара малын өсіруге маманданған компания. Фермадағы сиырлар Австралиядан, Канададан әкелінді және асыл тұқымды мәртебеге ие.
Сатылатын мал басы: 270 «Ардақ» - ІҚМ, жылқы және ұсақ малды өсірумен және бордақылаумен, дәнді, дәнді-бұршақты және жем-шөп дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.
Сатылатын мал басы: 206 «Азия Тарангул» - компания дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды өсірумен, ІҚМ өсірумен, ет өңдеумен, ұн мен нан өндірумен айналысады.
Сатылатын мал басы: 200 «Елім-Ай Көкпекті» - ІҚМ етін өндіруге маманданған агроөнеркәсіп кешені.
Сатылатын мал басы: 150 «Север Агро Н» - Абердин-Ангус тұқымды ІҚМ өсіруге, баптауға және сатуға маманданған компания.
Сатылатын мал басы: 125 «Тәжібай Агро» - компания ІҚМ өсірумен, тері бұйымдарын өндірумен айналысады, көліктік-экспедициялық қызметтерді ұсынады.
Сатылатын мал басы: 100 «Агротехника-Жамбыл» - дәнді және майлы дақылдар өндіретін ауылшаруашылық кәсіпорны.
Ұйым 2014 жылдан бастап Ангус тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады.
Сатылатын мал басы: 100 «Казмясо» - мәрмәр сиыр етін өндірумен айналысатын компания.
Сатылатын мал басы: 91 «Мамбетов және К» - астық, тұқым өсіру, сату, ІҚМ өсіру және жылқы өсіруге маманданған компания.
Сатылатын мал басы: 80 «Торғай» - ІҚМ өсіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорны.
Сатылатын мал басы: 74 «Соколинки және К» - ІҚМ өсіруге маманданған шаруа қожалығы.
«SC Food» ЖШС
Сатылатын мал басы: 70 SC Food - Ангус тұқымды ІҚМ өсіруге маманданған компания.
Сатылатын мал басы: 62 Agro Village BK - компания Ангус тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады.
Сатылатын мал басы: 45 «Аина» - ІҚМ өсірумен, дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.
Сатылатын мал басы: 40 «Атамекен» - ІҚМ өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.
«Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС
35
Сатылатын мал басы: 35 «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» - дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және жем-шөп дақылдарын өсіруге, ІҚМ тұқымын өсіруге маманданған компания.
Сатылатын мал басы: 35 «Мұса» - ІҚМ өсіруге маманданған шаруа қожалығы.
Сатылатын мал басы: 33 «Ынталы» - ІҚМ өсіруге маманданған асыл тұқымды ауыл шаруашылығы кәсіпорны.
Сатылатын мал басы: 30 «Жолдасбай-Агро» — фермер шаруашылығы Уәлиханов ауданының шаруашылықтары мен жеке үй-жайлары үшін асыл тұқымды мал басының негізгі жеткізушісі болып табылады, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсірумен, сондай-ақ етті мал шаруашылығын жүргізумен айналысады.
Сатылатын мал басы: 30 «Сегізбай» - ІҚМ өсіруге маманданған шаруа қожалығы.
«KazBeef LTD» ЖШС
Сатылатын мал басы: 30 KazBeef Ltd - компания Ангус және Герефорд етті тұқымды ІҚМ өсірумен айналысады.
Сатылатын мал басы: 23 «Бастау» - ІҚМ өсіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорны.
Сатылатын мал басы: 23 «Бик» - ІҚМ өсірумен, дәнді, майлы, бұршақ және жем-шөп дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.
Сатылатын мал басы: 15 «Жантасов» - ІҚМ өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.
Сатылатын мал басы: 6 «Еламан» - ІҚМ өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.