«Родина» агрофирмасы құрғақшылық кезінде екі жылдық мал азығының қорын жинады

Өз сүт фермасын мал азығымен қамтамасыз ету мәселесі «Родина» Агрофирмасының өсімдік шаруашылығы бөлімшесінің міндеттерінің бірі болып табылады. Ал мұнда жем жейтін сиырлардың саны 2000-нан асатынын ескерсек, бұл оңай шаруа емес. Биылғы құрғақшылық жыл фермерлер үшін сын болды, бірақ бұл шаруашылық аталған қиындықтарды еңсерді, олар жақсы астық жинаудың және суармалы алқаптарды енгізудің арқасында мал азығын жинай алды. Фермада шырынды азықтың екі жылдық қоры сақтаулы.

Тақырыпқа байланысты оқу«Родина» Агрофирмасы 700 га алқапқа суару жүйесін орнатты

«Родина» агрофирмасының жалпы егіс алаңы 50 мың гектарды құрайды, оның ішінде бидай 40 мың гектарды алып жатыр. Бұл ретте учаскелер Ақмола облысының үш түрлі ауданында (Шортанды, Целиноград, Қорғалжын) орналасқан және осы маусым барысында ауа райы бірдей болмады. Дегенмен, топырақты дұрыс пайдалана алудың және барлық қажетті агротехникалық іс-шараларды орындаудың арқасында барлық жерде жоғары өнімділікке қол жеткізілді.

- Биыл жаңбыр кейбір жерлерде ғана болды, - деді «Родина» агрофирмасының бас директоры  Иван Сауэр (суретте). - Нәтижесінде құрғақшылық әр жерде әртүрлі болды, бір жерде көп, бір жерде аз. Жауын-шашын негізінен шілде айында болды. Егісті белгілі мерзімде ғана оратын болғандықтан, егіс қажетті сәтте жауын-шашынның астында қалып, керекті мөлшерде суарылды.

Барлық шаралар кешені «Родина» агрофирмасына бидайдың жақсы түсімін алуға мүмкіндік берді. Мысалы, Қорғалжың ауданында ол 11 ц/га құрады, ал көрші шаруашылықтарда - 5-8 ц/га. Целиноград ауданында - 13 ц/га, Шортанды ауданында егін жинау жұмыстары әлі жалғасуда, бірақ әзірге өнімділік 18 ц/га-дан асады.

Сапалы тұқымды қолдану табысты көлемде астық алуға үлкен үлес қосады. «Родина» агрофирмасы элиталық тұқым өсіру шаруашылығы болғандықтан, мұнда тек отандық селекцияның аудандастырылған сорттарын ғана пайдаланады. Негізінен - «Астана-2», «Шортанды 2012», «Асыл сапа», «Омбы 36», «Айна» сұрыптары пайдаланылады. Сынақ жасалып жатқан тағы да бірқатар сұрыптар бар.

- Биылғы маусымда «Асыл сапа» сорты өзгелерден жақсы шықты, - деп атап өтті Иван Сауэр. - Біз шетелдік селекционерлердің сорттары қаншалықты керемет болса да, құрғақшылық жыл болады деген болжамнан кейін ол тұқымдар қазақстандық сұрыптардан артық болмайтындығын біліп, оларды сатып алмадық. «Асыл сапа» - Бараев атындағы АШҰӨО селекциясы. Ал шетелдік сұрыптар қолайлы жылдары жақсы нәтиже көрсетеді, бірақ құрғақшылық кезінде отандық сұрыптардан әлдеқайда артта қалады.

Жалпы, Иван Сауэр атап өткендей, астықтың жақсы шығуына тек тұқым ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді. Атап айтқанда, топырақпен дұрыс жұмыс істеу, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау, ауыспалы егістерді сақтау және ғалымдар ұсынған мерзімде агротехникалық іс-шараларды жүргізу. «Родина» агрофирмасында қысқы ылғалды жинау үшін топырақты қопсытып, өңдеу жүргізіледі, таза булар пайдаланылып, минералды тыңайтқыштар енгізіледі.

Тақырыпқа байланысты оқуИван Сауэр: кейбіреулер өнімдердің бағасын болжап білгіш болуда

- Егіс мерзімі оңтайлы болуы тиіс, - деді Иван Сауэр. - Ақмола облысында оңтүстік аймақ үшін бұл уақыт-15-25 мамыр, орталық аймақ үшін - 18-28 мамыр, ал Шортанды ауданы үшін - 20-30 мамыр. Біз осы мерзімдерге сай жұмыс істеуге тырысамыз. 10 жылда бір рет өзгеруі мүмкін. Бірақ бұл өте сирек кездеседі, сондықтан мерзімді өзгертудің, сынаудың қажеті жоқ.

Жаздық жұмсақ бидайдан басқа, «Родина» агрофирмасының ауыспалы айналымында қатты бидай, арпа, сұлы, зығыр, судан шөбі бар. Арпа 18 ц/га деңгейінде өнім берді, зығыр жинауға әлі кіріскен жоқ.

Сондай-ақ, биылғы маусымда алғаш рет суармалы алқаптан жүгері өнімі алынды. Бұл жобаны жүзеге асыру 2020 жылы басталды, 700 га алқапты Valley типті жаңбырлы қондырғылармен суғарды.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстандағы 2020 жылғы сүт сауудан ТОП-50 сүт фермасы

Мұнда сүрлемге жүгері егілді, өнімділік 300 ц/га-дан асты, бұл бірінші жыл үшін өте жақсы.

- Биылғы маусымда құрғақшылық өте қатты болды, вегетациялық кезеңде біз орта есеппен 130 мм жауын-шашын алдық, - деді «Родина» агрофирмасының бас агроном Қанат Адильбеков. – Мұнда өсірілетін жүгері үшін бұл, әрине, өте аз. Біз бірнеше жылдан бері ресейлік «СибАгроЦентр», тұқым жеткізушісімен жұмыс істеп келеміз, олардан «Краснодар 194 МВ», ФАО 190 буданының тұқымын алып келеміз. Жыл сайын ол біздің жағдайымызда да жақсы вегетативті түрде өнеді, өнімді сүрлемге пайдаланамыз. Бірақ, әрине, суару анағұрлым жоғары болса, жақсы өнім аламыз.

Келешекте суаруға сүрлемге 450 ц/га жүгері алуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ астық пен жоңышқа, жүгері өсіруді бастау міндеті тұр.

- Қазір біз суарудың екінші кезегін аяқтауға жақын қалдық, тағы 1300 га алқап бар, - деді Иван Сауэр. - Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, жаңбырлатқыш қондырғыларды жеткізу бізді біршама кешіктіреді. Қазір біз 10 дана құрылғыны күтіп отырмыз. Жыл соңына дейін монтаждауды аяқтап, көктемде барлық 2 мың гектарды егу үшін сынақтар өткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы бізде диаметрі әртүрлі 22 жаңбырлатқыш қондырғылар жұмыс істейтін бол

Тақырыпқа байланысты оқу: Голштин тұқымының «Родинасы».  АгроКараван Сүт 2021, 3 күн

Биылғы маусымда жүгері тұқымдарының отандық және шетелдік түрлері пайдаланды. Мованна гибриді (ФАО 220) жақсы шықты. Мұнда толығымен қалыптасқан собықтар алынды, бұл сүрлемге қосымша азықтық құндылық береді. Сондықтан бірінші маусым «Родина» агрофирмасына алдағы уақытта егетін тұқым түрлерін анықтауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, отандық өнімдерден толық бас тартуға тура келеді.

- Астық мақсатында өсірілетін жүгері мәселесіне келетін болсақ, күрделірек - біздің өңірдің қысқа вегетациялық кезеңде өсетін түрі қажет, - деп атап өтті Иван Сауэр. - Бізге қысқа мерзімде пісетін тұқым керек, біз ФАО-130-140 будандарды таңдайтын шығармыз.

Агрофирма өз сүт фермасының қажеттіліктері үшін жүгері дәнін оңтүстік өңірлерден сатып алады. Сонымен қатар, фермерлермен өзара тиімді жұмыс жүргізілуде - «Родина» агрофирмасы оларға көктемде егін егу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Ал күзде егін сатып алады. Алайда, «Родина» агрофирмасында өздерінің суаратын жүйелерінің енгізілуімен жүгері қажеттілігін өз күштерімен - сүрлем бойынша да, астық бойынша да дайындаймыз деп үміттенеді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Сүт өндірушілер рейтингін Зенченко и Ко және «Родина» Агрофирмасы бастап тұр

Жаңа маусымдағы астық сапасы жайлы айтатын болсақ, өте жоғары болды. Сонымен қатар, «Родина» биылғы маусымда тұқым тазалайтын жаңа Petkus құралдар желісін сатып алып, орнатты. Ол автоматты режимде жұмыс істейді және агрофирма өңірдің фермерлеріне таза да сапалы тұқым беруді қамтамасыз етеді.

- Бізде бұрын да Petkus екі желісі жұмыс істеген, - деп атап өтті Қанат Әділбеков. - Қазір тіпті дилетанттар келіп, жаңа желіде жасалған және бұрынғы тазартқышпен тазаланған астықтың айырмашылықтарын көруде. Тазалау сапасы өте жақсы. Әрине, бұл қымбат тұрады, бірақ сапасы да жақсы.

Жаңартылған техникалардың бірі - заманауи неміс көң шашқышы, ол сүт фермасында жиналған көңді егістікке сапалы түрде шашуда, бұл топырақтың құнарлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.