Бельгия-Қазақстан: картоп өсіру мәселесі

Қазақстандық фермерлер Бельгия ғалымдарының қолдауы арқылы картоп өндірісі мен өңдеуді жаңа деңгейге көтеретін болады. Бұл туралы Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілнр одағы басқармасының төрағасы Қайрат Бисетаев хабарлады. Белгия мұздатылған жартылай дайындалған картоптан, атап айтқанда әйгілі фри картоптарын экспорттауда әлемде бірінші орында тұрғаны белгілі.

 

 

Бельгия – фри картоптарын шығарудың отаны. Фри картоптары алғаш рет осы елде пайда болғандығын бельгиялықтар мақтан тұтады, олардың ұлттық тағамын French Fries -деп атағанда реніш білдіреді. Тұрғындардың бұл фактіге байланысты тіпті өз түсініктемелері бар: бұл тағам американдық солдаттардың кінәсінен осылай аталып кеткен дейді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бельгиядағы Валлонияда болған әскерлер картоптың дәмін татып көргенде, олар атауды француз сөзінеТабысты ұқсатып, қателесіп тағамды француздардікі деп айтқан көрінеді.

Тағамның фрит деп аталуаның себебі, оны кесіп, ең алғаш рет қуырып сатқан жергілікті кәсіпкер Frite-тің  атына байланысты. Бұл 1861 жылы болды.


 

Табыс көзі

Қазіргі кезде Қайрат Бисетаев CARAH (Centre pour l'Agronomie et l'Agro-Industrie du Hainaut) -агрономия және агроөнеркәсіп орталығымен ынтымақтастықта жұмыс істеу туралы келіссөздер жүргізуде.

Эно аймағы - 4 мың фермер жұмыс істейтін Валлония өлкесінде орналасқан Бельгияның маңызды ауыл шаруашылық провинцияларының бірі. Олар дәнді дақылдар, қант қызылшасы, картоп, жүгері өсіреді, сонымен қатар сүт және ет бағытындағы ірі қара малдарды ұстайды.

CARAH-орталығының міндеті - фермерлерге озық ауылшаруашылық технологияларын енгізуге көмектесу. Бұл провинциялық әкімшіліктің құрамға кіретін коммерциялық емес бірлестік. Орталықта әртүрлі салаларға мамандандырылған 70-ке жуық ғалымдар мен агрономдар жұмыс істейді. CARAH Hainaut Analyzes ауылшаруашылық зертханаларымен тығыз байланысты. Ол сонымен қатар агрономия, тамақтану және қоршаған орта бойынша бакалавр және магистр дәрежесін дайындайтын Haute Ecole Condorcet Жоғары мектеппен бірлесе жұмыс істейді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Жамбыл облысында фри картоптарын өндіретін болады​

Осылайша, Орталық мамандары және оның серіктестері фермерлерге қажет кеңес беру қызметтерін ұсынады.Соның нәтижесінде: Бельгияның ауылшаруашылық өндірісі әлемдегі ең жоғары көрсеткішке ие.

Бельгия фермерлерінің жақсы өнім алуларының себебі, құнарлы топырақпен қатар мұнда қоңыржай мұхиттық климат және басқа да бірнеше факторларға байланысты. Соның ішінде бірнеше деңгейдегі ауылшаруашылық жүйесі қалыптасып, нақты жұмыс істейді: федералдық (азық-түлік қауіпсіздігі), аймақтық (технологиялық көмек орталықтары) және провинциялық (фермерлерге қызмет: зертханалық талдау, есепке алу, сертификаттау, техникалық сынақ).

 

Қытай тәжірибесі

CARAH қызметінің негізгі бөлігі Эно провинциясында орналасқан. Сонымен қатар Орталықтың Еуропадағы, Азиядағы және Африкадағы халықаралық жобаларда тәжірибесі бар.

Сонымен, 1999 жылы CARAH Қытаймен картопты осы дақылдың ең көп таралған ауруы фитофтороздан қорғау үшін бірлесе ынтымақтастық ғылыми жұмыстарды бастады.

«Қытай - әлемдегі ең ірі картоп өндіруші ел, алайда мұндағы орташа өнімділік гектарына 15 тоннаны ғана құрайды, оның мүмкіндігі бойынша әр гектардан 45, тіпті 50 тонна өнім алуға болады», - дейді CARAH компаниясының сапа және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі сарапшысы Франсуа Сернелс ElDala.kz порталы тілшісіне берген сұхбатында. - Нашар өнім алудың екі себебі бар, біріншісі, фитофтороз ауруынан, ал екіншісі картоп тұқымы сапасының нашар болуынан. Қытайда жұмыс істеген 20 жыл ішінде CARAH 50-ден астам консультациялық және тәжірибелік білім берді. Қытай мен Бельгияда жүздеген қытай агрономдарын оқытты. CARAH орталығының көмегімен аурудың алдын алу жүйесі Қытайдың 14 провинциясында қолданылады - картоп өндірісі бойынша олар көшбасшы болуда» -деді ол.

Тақырыпқа байланысты оқу: Еуропаның селекциялық компаниялары Қазақстанда жұмыс істейтін болады​

Фотода: Франсуа Сернелс

2019 жылы Қытайдың Ғылым және Технология Министрлігі (MOST) CARAH мамандарының бірін картоптың бұзылуынан сақтаудың және фитофтороздан қорғаудың арқасында үнемдеуде және жылына 100 миллион еуроға бағаланған тәжірибелік жұмыстары  үшін «40 жылдық реформа жасау және ең беделді шетелдік сарапшы» деген мәртебе берді,

Картоп өсірудің бельгиялық тәсілі көптеген аспектілерді қамтиды: аурулардан және жәндіктерден қорғау, оңтайлы уақытта арамшөптерден арылу үшін дақылды бақылау, топырақты құнарландыру, топырақтың аэрациясын жақсарту, тұқымды егу тығыздығы мен пайдаланылатын тұқым мөлшері арасындағы байланысты, егін жинау алдында ауру өсімдіктерді алып тастау арқылы егісті тазарту, сапаны бақылау жүйесі, сақтау және басқаларын қарастырады.

«Ең бастысы, картопты басқа дақылдармен ауыстырып егіп отыру керек», - деп түсіндірді Франсуа Сернельс. - Яғни, оны бір жерге төрт жылда бір рет қана өсірген дұрыс. Фермерлер осы алқаптарды қалған үш жылда тиімді пайдалануды үйренуі керек. Ол жерде басқа дақылдарды өсіру керек, яғни топыраққа пайда әкелетін және аурудың немесе зиянкестердің таралу қаупін тудырмайтын өнімдерді өсірген дұрыс. Бұл жерде CARAH- орталығының тәжірибесі көмектеседі. Себебі  олардың тәсілдері  шаруа қожалығын кешенді дамытуға бағытталған»,-деді ол.

 

Нөлден басталған агробизнес

Қайрат Бисетаевтың айтуынша, ол CARAH мамандарының тәжірибесімен етене таныс. Ол Бельгия ғалымдарының жетістіктері қазақстандық фермерлер үшін пайдалы болатынына сенімді. Шынында да, бүгінде Қазақстанда картоптың орташа өнімділігі өте төмен, гектарына 20 тонна ғана болып отыр.

«CARAH мамандары «бизнесті нөлден» бастауға көмектеседі, Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінде фермерлерге технологиялық қолдау көрсетіп, картоп бизнесін құруға көмектесті», - деп атап өтті Қайрат Бисетаев. - Сондықтан олар біздің нарыққа дәл осындай қызметте жәрдемдесуі үшін олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Карантиндік шектеулермен байланысты барлық қиындықтарға қарамастан, ынтымақтастық 2021 жылы басталады деп сенеміз. Олар ішкі Моңғолияда 1000 га суармалы алқабы бар бір өте ірі фермермен жұмыс істеген. Бұл тәсіл біздің жағдайымызға ұқсайды. Енді бельгиялық мамандар сол  әдісті бізге қолдануларына болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан жыл сайын 300 мың тонна картоп  экспорттайды

Фотода: Қайрат Бисетаев

Суармалы жерде жұмыс істейтін картоп өсірушілер үшін технология өте маңызды рөл атқарады. Жыл сайын фермерлер әр гектарға 700 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін қаражат салады (ұзақ мерзімді инвестициялықжобадан басқа). Бұл картопты отырғызудан бастап егін жинауға дейін жұмсалатын қаражат. Яғни, шығындар өте көп және кез-келген технологиялық қателік, сапасыз тұқым, химиялық өңдеуді дұрыс жасамау, аурулар мен зиянкестерден дұрыс қорғанбау, дұрыс емес суару режимі шаруашылыққа қымбатқа түседі, яғни дұрыс жасалмаған кез-келген іс- экономикасын айтарлықтай нашарлатады.

- Қазір біз агрономиядағы өте маңызды мәселелерге назар аудару керек болатын кезеңге жеттік, - деп атап өтті Қайрат Бисетаев. - Бірақ бүгін бізге өз біліміміз жетіспейді. Сондықтан біз консультациялар форматында көмек көрсететін серіктестер іздейміз. Бельгияда картоп өсіру өте жақсы дамыған және біз CARAH компаниясының Қазақстанда жұмыс істегісі келетіндігіне қуаныштымыз. Бельгиялық сарапшылар дақылды дұрыс отырғызу жүйесін - тыңайтқыштың қандай түрін және қанша мөлшерде қолдану керектігін ұсыну үшін топыраққа талдау жасайды. Мұның бәрі өте қымбат - тыңайтқыштар да, биостимуляторлар да, демек жұмсалған инвестицияның әр теңгесі максималды түрде нәтиже беріп, пайда әкелуі керек.

Дақылдарды түрлі аурудан қорғау жүйесі де солай. Суармалы жерлерде әртүрлі аурулардың пайда болу қаупі өте жоғары, әсіресе түйнек дақылдарда. Оларда түрлі зеңдер және вирустық аурулар көп кездеседі. CARAH мамандары  аурулардың алдын алу үшін профилактиканы қалай жүргізу керектігін көрсетеді. Бұл дұрыс тәсіл - аурулармен күресу емес, олардың алдын алу қажет.

 

Дипломы бар фермерлер

Бұл ынтымақтастық жұмыстар өнімділікті арттырумен қатар, қазақстандық картоп өсірушілердің құзыреттілігін арттырады, деді Қайрат Бисетаев.

- CARAH форматы дәл қазір бізге жетіспейтін мәселелермен айналысады, - деді Картоп және көкөніс өсірушілер одағының басшысы. - Өйткені, Орталық таза ғылыммен айналысып қана қоймайды, оларда тәжірибелік жұмыстар бар, олар ғылым мен фермер арасында делдал ретінде әрекет етеді. Орталық мамандары алқаптарда жұмыс істейді - сондықтан олар бізге көмектесе алады. Мамандардың өздері де Қазақстанның алып нарығына шығуға ықылас білдіріп отыр. Мұнда олар өздерінің ең озық технологияларын енгізе алады. Сонымен қатар, Қазақстанда олар жергілікті ғылыми орталықтардың мамандарымен өзара бірлесіп, жұмыс істеуге ынталы. Біз Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен үш жақты келісім жасайтын боламыз.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан жері кімнің меншігінде болуы керек​

Картоп өсіру саласында мамандарды оқыту ынтымақтастықтың бастауы бола алады, дейді Франсуа Сернелс. Бельгияның өзінде аграрлық білім беру бір ғасырдан астам уақыт бойы дамып келеді. Алғашқы ауыл шаруашылық мектебі Валлонияда, Атада 1912 жылы жұмысын бастады.

«Бүгінде Бельгияда дипломсыз фермер болу мүмкін емес», - дейді бельгиялық сарапшы. - Тіпті көбінің агрономия бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесі бар. Бірақ бұған жету үшін шамамен 100 жыл қажет болды. Жастардың бір немесе екі ұрпағының агрономиялық білім алуы үшін жүз жыл (немесе тіпті 50 жыл) күтпес үшін, әр түрлі пәндер бойынша шетелдік сарапшылардан, жергілікті тәжірибелі мамандардан кәсіптік білім алуға болады. Қытайда біз осы тәсілді қолдандық.

Бельгияға бір-екі апталық оқу курстарына келген қазақстандық ауыл шаруашылық саласының өкілдері бельгиялық әріптестерінің қолданған әдістерін өз көздерімен көріп, содан кейін оларды бейімдеп, елде практикада қолдана білді. Өз кезегінде, Қазақстанға келген бельгиялық сарапшылар қазақстандық өндірушілер үшін маңызды деп санайтын техникалық немесе ұйымдастырушылық ұсыныстарды бере алады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлер «көлеңкелі» нарықты жоюды ұсынуда​

Әзірге ынтымақтастық шаралары бойынша тек дақылдарды өсіру технологияларына қатысты болып отыр. Бірақ болашақта Бельгия картопты қайта өңдеу бойынша еуропалық көшбасшы екенін ескеру қажет. CARAH мамандарының кеңестері қазақстандық фермерлерге осы саланы дамытуға көмектеседі.

Бельгияның Қазақстандағы сауда-экономикалық өкілдігі болып табылатын Валлон Экспорт және Инвестициялар Агенттігі (AWEX) әрдайым қазақстандық кәсіпкерлер ауылшаруашылығы және басқа да бизнес салаларында ынтымақтастықта жұмыс істеуге ықылас білдірген жағдайда Бельгия бизнесінің өкілдерімен кеңес орнатуға және көмектесуге дайын.

Сергей Буянов

ElDala.kz  порталының редакциясы Қазақстандағы Бельгия сауда-экономикалық өкілдігіне материалды дайындауда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.