Қытай ет тұтынуды екі есе азайтуға ниетті – № 25 АгроДайджест

Қытайдағы ет балама өнімдермен алмастырылады

Қытай үкіметі ауаға көміртегі шығарындыларын азайту үшін 10 жыл ішінде ет тұтынуды 50% төмендетеді деп күтеді. Сондай-ақ, етті өсімдік текстес өнімдермен алмастыру халықтың семіздігімен күресуге көмектесуі керек.

Қазіргі уақытта Қытай әлемдік сауданың 40 пайызын құрап отырған жануар нәруызының жетіспеушілігінің үдеуіне тап болып отыр.

Алдағы үш жылда вегетариандық диетаға ауысу байқалады деп күтілуде, өйткені Қытайдың вегетариандық азық-түлік нарығы 2018 жылғы 10 миллиард доллармен салыстырғанда 2023 жылға қарай шамамен 12 миллиард долларды құрайды деп болжануда. Қытайдағы өсімдік тектес еттің сатылымы 2014 жылғы 7,2 миллиард доллардан 2018 жылы 9,7 миллиард долларға дейін өсті.

Саланың бірнеше ірі ойыншылары осы нарықтағы өз үлестерін арттырды. Beyond Meat өткен айда Қытайда бөлшек сауда дебютін жасап үлгерді, оның Beyond Burger-і Шанхайдағы Alibaba Group холдингінің 50 Freshippo дүкендерінде сатылды. Компания сонымен қатар жыл соңына дейін өнімдерін бүкіл Қытай бойынша тағы 48 Freshippo дүкендеріне жеткізуге міндеттенді.

Тақырып бойынша оқыңыз: Пандемия халықтың сапалы, таза асқа деген қызығушылығын арттырды

Гонконгтық өсімдіктерге негізделген Omnipork ет бренді сәуірде Starbucks-пен серіктестік туралы жариялады. Ол азиялық тұтынушылар ұнататын өсімдік тектес шошқа етін ұсынбақшы. Швейцарияның азық-түлік және сусындар алпауыты саналатын Nestle компаниясы Қытайда өсімдіктерге негізделген азық-түлік зауытын салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Татарстан халал экспортын екі есе арттырады

Татарстан Республикасы сыртқы нарыққа тауық еті, күркетауық, үйрек, кондитер өнімдерін және т.б. жеткізу арқылы 2024 жылға қарай экспорт көлемін 359,9 млн. доллар ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, халал өнімдерінің экспорты екі есеге артуы керек.

Бүгінгі таңда Татарстан жылына сомасы 7 миллиард рубльден асатын халал өнімдер шығарады. Онымен 50-ден астам өндірушілер, оның ішінде экспортқа бағытталған 18 компания айналысады.

Тақырып бойынша оқыңыз: Сапархан Омаров Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі ислам қауымдастығының мәжілісіне қатысуы туралы айтты

Эмбаргоға қарсы 6 жыл ішінде Татарстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 140 миллиард рубль инвестицияланғанын айта кеткен дұрыс.

АҚШ ет экспортын қалпына келтіргісі келеді

COVID-19 пандемиясының дағдарысы мамыр және маусым айларында АҚШ-тың ет өндірісіне әсер еткені соншалықты, оның салдарлары әлі де сезіліп қалады. Маусым айында сиыр етінің экспорты 2019 жылдың дәл осы айымен салыстырғанда айтарлықтай төмендеп, нарықтағы соңғы ет өндірісінің уақытша бәсеңдеуі, HoReCa сегментінің құлдырауы және мақсатты нарықтардағы экономиканың әлсіреуі көріністерін тікелей көрсетіп берді. Сонымен қатар, маусым айында шошқа етінің экспорты өткен жылдың деңгейіне теңеспегенімен, бірақ 2020 жылдың басынан бастап рекордқа айналды.

«Маусым айында өндірістің іркілістері қызыл ет экспортына әсер етеді деп күткенімізбен, бірақ мамырдағы шекті төмен құлдыраудан кейін тез қалпына келетінін болжап үлгердік. Бұл ең алдымен сиыр етіне қатысты» - деп USMEF президенті және бас директоры Дэн Халстром (Dan Halstrom) жағдайды сипаттап берді.

Халстром жеткізілім тізбегіндегі үзілістерді қалпына келтіру үшін қосымша уақыт керек екенін атап өтті. Маусым американдық қызыл ет экспорты үшін оңай ай болған жоқ. Соған қарамастан, USMEF соңғы мәліметтерінде өсу үдерістері қылаң береді. Сыртқы нарықтағы сұраныс біртіндеп артып келеді және өндірістің қалпына келуі АҚШ-тың нарықтағы үлесін 2020 жылдың ІІ жарты жылдығында сақтап қалатынына сенім білдіреді.

Маусым айында Америка Құрама Штаттарынан шошқа етінің экспорты 207,181 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың маусымымен салыстырғанда 3%-ға аз, ал ақшалай түрде ол 9% -ға, яғни 516,3 млн. долларға төмендеді.

Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан мал экспортына тыйым салу мерзімін ұзартуы қажет

Маусым айындағы сиыр етінің экспорты мамырдағыдай төмен болып қалды – өткен жылмен салыстырғанда заттай түрінде (79,013 мың тонна) 33% және құндық жағынан 32% (492,3 млн доллар). АҚШ сиыр етіне сұраныс қалыпты өсу байқалған Канада, Қытай және Оңтүстік Африкадан басқа барлық мақсатты нарықтарда азайды.

Иран-Ауғанстан-Өзбекстан транзиттік дәлізі ашылды

Иран жақында ашылған Иран-Ауғанстан-Өзбекстан дәлізі арқылы Бендер-Аббас оңтүстік порт қаласында орналасқан Шахид Раджай портынан Өзбекстанға екі транзиттік жүк жөнелтті. Бұл шара аталған бағдарды бағалау жөніндегі пилоттық операция аясында жүргізіліп отыр.

IRICA транзиттік бюросының директоры Мостафа Аятидің айтуынша, шілде айының соңында Қырғызстан-Тәжікстан-Ауғанстан-Иран (KTAI) бағыты сәтті іске қосылғаннан кейін, бұл жолы Шахид Раджай портынан транзиттік жүктері бар екі жүк көлігі Ауғанстанмен Догхарун шекарасы арқылы Өзбекстанға бет алды.

Аятидің айтуынша, TIR Конвенциясына сәйкес Орталық Азия елдеріне қысқа әрі арзан бағыт ретінде, Ауғанстан арқылы транзиттік дәліздердің дамуын осы саланы дамытқысы келетін халықаралық ұйымдар да, Иран үкіметі және IRICA да Иран Сауда-өнеркәсіп палатасымен (ICCIMA) бірлесіп қолдайды.

Тақырып бойынша оқыңыз: ҚТЖ-да 1 қазаннан бастап астық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі штаб жұмыс істейтін болады

Иран-Ауғанстан-Өзбекстан жаңа дәлізі Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ықпал ете отырып, өңірлік сауда мен ынтымақтастықты дамытуда тиімді рөл атқара алады.

Тамыз айында Украинада ШАО үш ошағы анықталды

Егерде 2020 жылдың жазының алғашқы екі айында елде шошқаның африкалыық обасыныың (ШАО) бірлі-жарлы оқиғалары тіркелген болса, ал өткен аптада бірден үш ошақ анықталды.

Азық-түлік қауіпсіздігі және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік қызмет Украинаның Сума, Днепропетровск және Полтава облыстарында ШАО ошақтарын тіркеді.

Атап айтқанда, 3 тамызда ШАО бойынша карантин белгіленген Сума облысының Лебедин ауданындағы жеке фермалардың бірінде жануардың өлімі туралы хабарлама келіп түсті. Ал 4 тамызда 12 шошқаның өлексесі Днепропетровск жанындағы қоқыстан табылды. Қазір ветеринарлық қызмет пен құқық қорғау органдары олардың иесін анықтауда. Полтава облысының Гадяч ауданындағы кішігірім қожалықтардан шошқалардағы ШАО белгілері туралы тағы бір дабыл келіп түсті. Барлық үш ошақта эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Құс тұмауы Вьетнамға жетті

Чау-Дьеннің солтүстік аймағындағы құс фабрикасында жоғары патогенді құс тұмауының, H5N1 серотипінің салдарынан 1040 құс жойылды.

Шенеуніктердің айтуынша инфекцияның ушығу ошағы анықталған жоқ. Вьетнамда жылдың басынан бері құс тұмауының H5N6 және H5N1 штаммдарының бірнеше өршуі кезінде 150 000 астам құс жойылды. 2019 жылы жарияланған мәліметтерге сәйкес, елде 460 миллион үй құстары бар, бірақ кейбір провинцияларда құстардың тек 20 пайызына ғана вирусқа қарсы екпе салынған екен.

Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан құс тұмауына байланысты Ресеймен шекараға шектеу қойды

Алайда, індеттің бұл бұрқ етуі Вьетнамның құс саласына ғана емес, сонымен қатар көрші Лаос, Камбоджа және Таиландқа да қауіп төндіреді. Соңғы уақытта Ресей, Австралия және Филиппинде де құс тұмауы індеті тіркеліп отыр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.