Қазақстандық фермерлер бидай сапасы үшін үстеме ақы күтпейді

Қазақстанда биылғы маусымда бидай өнімі көлемі жағынан аздау болғанымен, желімше мөлшері жоғары. Бұл, бір жағынан, жақсы көрсеткіш. Алайда екінші жағынан, фермерлер өнім сапасы үшін жоғары баға алуы екіталай. Бұл туралы ElDala.kz порталына берген сұхбатында Aitas Agro компаниясының бас директоры Талғат Алдажаров мәлімдеді.

Қазіргі уақытта нарықта парадоксалды жағдай қалыптасып отыр: сатып алушылар жоғары сапалы бидайдан гөрі арзан астыққа көбірек қызығушылық танытуда. Төменгі сыныптағы бидай жемдік ұн өндірушілеріне қажет. Алайда мұндай астық аз. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы егіннің басым бөлігі – жоғары сапалы 3-сыныпты бидай. Ал 4–5-сыныптағы бидайдың үлесі аз, жалпы өнімнің небәрі 7%-ын құрайды.

- Биыл бидайдың сапасы барлық өңірде жоғары. Бұл тек бізге ғана емес, бізбен шектесетін Сібір өңірлеріне де тән жағдай. Сондықтан желімшесі жоғары бидай үшін әзірге айтарлықтай үстеме баға байқалмайды. Керісінше, биыл 3 және 4-сыныпты бидайдың бағасы арасындағы айырмашылық барынша аз болады деп ойлаймын. Бұған жемдік ұн өндіруші кәсіпорындардың сапасы төмен астыққа сұранысының артуы себеп, – деп түсіндірді Талғат Алдажаров.

ETS биржасындағы сауда деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында желімше мөлшері 23–24% болатын 3-сыныпты бидайдың бір тоннасына 95 мың теңге, ал 4-сыныпты бидайға 88 мың теңге ұсынылып отыр. Астықтың осы екі түрінің бағасы арасындағы айырмашылық одан әрі қысқаруы да мүмкін.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.