«Экспортқа тыйым салудың қажеті жоқ»

Қазақстанның фермерлер қауымдастығы азық-түлік экспортына және жалпы ауыл шаруашылығы өнімдеріне шектеу қою мәселесіне мұқият қарауды сұрайды. Жем-шөп тапшылығы еліміздің барлық өңірлерінде болып жатқан жоқ. Сонымен қатар, жем-шөп және басқа да мал азығының түрлерін өндіретін шаруашылықтардың барлығы да мал шаруашылығымен айналыспайды, олар қаржылай шығынға ұшырамас үшін өз өнімдерін барынша тиімді бағамен сатуға мүмкіндік алулары тиіс.

Бұл туралы, ElDala.kz порталы Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаевпен (суретте) әңгімелесті.

 

«Жем-шөп өндірумен айналыспаймыз»

- Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі жем-шөп шығаруға шектеу енгізгісі келеді, - деп еске салды Жигули Дайрабаев. - Бұл шара дұрыс жасалып жатқан шығар, алайда осы мәселені шешу бойынша түпкілікті шешім қабылдау керек, ол үшін алдағы жиналатын астық пен жемшөп түсімінің көлемін бағалау қажет, шаруашылықтардың азық түрлеріне деген қажеттілігін есептеу керек, астық пен жемшөпті өндіру, тұтыну, экспорт-импорт теңгерімін есептеу қажет. Бұл ретте мұндай есепті әрбір облыс бойынша жеке-жеке жүргізу қажет, себебі жағдай әр жерде әртүрлі.

Ал жалпы мұндай құрғақшылық бұрындары да болған. Мысалы, 1985 жылы мен Жамбыл облысының Луговое ауданында ауылдық кеңестің төрағасы болып жұмыс істегенімде, біз барлығын аралап, мал азығына деген қажеттілікті кімнің қанша сиыры немесе жылқысы бар екеніне байланысты анықтадық. Содан соң - арықтар бойында орналасқан, жасыл алқаптарда шөпті шабу туралы тапсырма бердік. Қысқа барынша дайындап, жағдайдан шыққан едік.

- Егер осы маусым туралы айтатын болсақ, бірнеше облыста - фермерлердің, жергілікті билік немесе ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің малдары өлді, бұл жағдайға кім кінәлі?

- Біз аға буын өкілдері тәртіпке үйренгенбіз. Әрине, қазір біреуді айыптап, мен емес басқа біреу кінәлі деп айту оңай.

- Яғни, мал ұстайтын фермерлердің өздері малды қалай асырау керектігін ойлауы керек еді деп айтамыз.

- Иә, бірақ бұл бір күннің мәселесі емес, жалпы елімізде жемшөп өндірісін дамыту мәселесі күрделі. Нақты айтар болсақ, соңғы жылдары біз бұл жағдайға мән бермей, салғырттық таныттық. Мемлекет болып қалыптасу кезінде бізде статистикалық деректер бойынша мал басы 35 млн болғанда 12 млн га көп жылдық шөптер өсірілді. Ал бүгінгі таңда жалпы 30 млн мал басын бар кезде жайылымдық жердің көлемі шамамен 3 млн га. Қандай айырмашылық бар екенін көріп отырсыздар. Өткен жылы тек 300 мың гектар жерге егіс егілді, бұл мәліметтердің дұрыс екендігі де үлкен мәселе. Яғни біз жемшөп өндірісімен нашар айналысамыз.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстан 12,5 млн тонна бидай өндіреді

- Ал биыл осы жағдайдың нәтижесін көрудеміз.

- Иә, оның үстіне бұл мәселе бір жылдық қана емес, келесі маусымда да, алдағы уақытта да қайталануы мүмкін. Біз жем-шөп өндірісін түбегейлі өзгертпегенше, біздің мал шаруашылығымыз қиын жағдайда қала береді. Сондықтан біздің 14 өңірдің әрқайсысы бұл мәселені ерекше бақылауға алып, жыл сайын нақты жоспар бойынша көп жылдық шөптер егу туралы  үкімет тапсырма беруі қажет. Егер мұны істемесек, онда жағдай қиындап, бос әңгіме болып қалады. Еліміз бойынша жыл сайын 1 млн гектардан 1,5 млн гектарға дейін шөп егу керек.

Бұдан басқа, жайылымдарды суару мәселесін шешіп, су шығарып, ұңғымаларды бұрғылап, жерасты суларын қазып, жағдайды қалпына келтіру қажет. Бұл әсіресе құрғақ батыс және оңтүстік өңірлерде маңызды.

Бұдан басқа, фермерлердің жем-шөп өндірісімен айналысуға әрқашан мүмкіндігі жоқ екенін ескеру қажет. Яғни, қаржы жетіспеушілігіне байланысты, жағдай қиын. Сондықтан Үкімет деңгейінде мемлекеттік қолдау мәселесін шешу қажет.

 

«Алдағы жағдайды уақыт көрсетеді»

- Фермерлерге қалай көмектесуге болады?

- Тұқым сатып алу кезіндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қажет. Мысалы, жоңышқа тұқымының тоннасы қазір 1,5 млн теңгеге дейін тұрады. Егер фермер жем-шөп өндірісімен айналысқысы келсе, оны қолдап, құнының 80% -ын өтеу керек. Ал 20% өзі төлесе болады. Ауыл шаруашылығы үшін біз ештеңе аямауымыз керек. Өйткені мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі - бұл бірінші кезектегі мәселе.

Тақырыпқа байланысты оқу«Кейбір алқаптардан гектарынан 40 ц өнім жиналады»

- Бүкіл әлемде азық-түлікке деген сұраныс артып келеді, бұл оны тиімді экспорттық тауарға айналдырады.

- Иә, сондықтан экспортқа шектеу сала берудің қажеті жоқ, әсіресе сыртқа жіберілетін экспортқа тыйым салуларды қайта-қайта енгізе бермеу керек. Әрбір өңірге де, ауыл шаруашылығы өнімдерінің әрбір түріне сараптама жасау керек, не жеткілікті, не жетіспейд соны анықтау қажет.

- Ауыл шаруашылығы министрлігінде сіздің ұстанымыңыз, пікіріңіз жайлы біле ме?

- Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевпен мен бұған дейін кездестім. Оның ішінде құрғақшылық мәселесі жайлы ойымды да жеткіздім. Оның Қазақстан фермерлер қауымдастығын - АӨК субъектілерінің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйыммен кездесіп, қабылдағаны көңіл қуантады.

- Азық-түлікпен және жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету жағдайының дамуы егінге байланысты болады. Сіз республика өңірлеріндегі  болжамдар қандай болады деп ойлайсыз?

- Болжам – әрдайым шынайы бола бермейді. Оның үстіне ағымдағы жылдың жағдайы күрделі болып тұр, құрғақшылықтың салдарынан егістіктің жай-күйі қиын болатыны байқалады. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзі де, жергілікті атқарушы органдар да бір нәрсені болжауға қорқады. Алдағы уақытта жағдайдың не боларын көрерміз,  соған қарай тиісті шаралар жасалар. Сондықтан біз де ешқандай цифрды нақты айта алмаймыз, егін көлемі өткен жылғы деңгейден біршама төмен болады деп ойлаймыз - дегенмен, құрғақшылық ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуына қатты әсер етті. Оңтүстік өңірлерде жиын-терін жұмыстары жүріп жатыр, бірақ әзірге нәтиже жақсы емес.

 

«ҚазАгро қателігін қайталамау керек»

- Аграрлық ведомствоның жаңа басшысымен тағы не туралы әңгімелестіңіз? Аталған салада проблемалар жеткілікті.

- Менің ойымша, бұрынғы министр Сапархан Омаров өз қызметінде жақсы жұмыс істегенін және оның арқасында салада көптеген оң істер атқарылғанын бірден атап өткім келеді.

Бірақ, әрине, өткір де шешуін таппаған мәселелер де жеткілікті. Олардың көбін біз өз ұсыныстарымыз ретінде АӨК дамыту жөніндегі жаңа Ұлттық жоба дайындадық. Ол қайта қаралу үшін қайтарылғаны белгілі және біз соңғы рет түзетілген жобаға көптеген ұсыныстарымыз енеді деп үміттенеміз.

Тақырыпқа байланысты оқу«Әр гектардан 10 ц жинасақ жеткілікті болар еді»

Атап айтқанда, осы салада аграрлық банк құру қажет, несиелендіру мерзімін ұзарту және сыйақы мөлшерлемесін 1-2 пайызға дейін төмендету, шағын кәсіпкерлер үшін қаржы құралдарының қолжетімділігін арттыру.

Жалпы, біздің негізгі мақсатымыз - Қазақстанда ауыл шаруашылығымен айналысатындарға мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету. Қазір, өкінішке қарай, олай емес. Яғни, егер елімізде ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің саны шамамен 278 мың болса, үкімет тарапынан берілетін қолдауды өте аз шаруашылықтар алуда.

Мысалы айтар болсақ, биылғы маусымда мемлекет АНК арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген несиеге 70 млрд теңге бөлді. Біз талдау жасадық, бұл қаражатты 2611 шаруашылық субъектілері алды. Яғни, еліміздегі фермерлердің жалпы санының 1% -ының ғана қолы бұл көмекке жетті! Ал қазір ауыл шаруашылығы өнімдерінің 70-85% -ын ұсақ шаруашылықтар өндіреді ғой. Осыдан кейін біз ауыл шаруашылығын қолдаймыз деп қалай айта аламыз. Бұлай болмауы керек, «Бәйтерек» холдингінің басшылығымен кездескен кезде мен оларға бұл туралы ойымды айттым.

Жалпы, министрлік қаржы ресурстарына фермерлердің, әсіресе шағын және орта бизнес санаттарының кем дегенде 30% -ы қол жеткізуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс. Бұл жерде Азық-түлік корпорациясы арқылы көрсетілетін қолдау бағдарламаларын дамыту жақсы тәсіл болып табылады. Менің ойымша, Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК қаржы институттарына тікелей ықпалы болмаса да, «Бәйтерек» холдингіне жүйелі мәселелерді шешуге көмектесіп, «Қазагро» кезінде жіберілген қателіктерді жасамауы тиіс.

 

«Qoldau жүйесі-бұл бос әурешілік»

- Егер мемлекеттік қолдауға қол жеткізу туралы айтатын болсақ, мұнда шағын фермерлер үшін таза техникалық кедергілер жеткілікті, себебі ауылда интернет жоқ, сондай-ақ абоненттің төлем өте қымбат болғандықтан көптеген шаруашылықтар Qoldau жүйесін пайдалана алмайды.

-  Ербол Қарашүкеевпен әңгімелесу кезінде Qoldau мәселесі де сырт қалмады. Бүл тақырып әбден жауыр болды! Фермерлер Qoldau веб-порталын пайдаланғаны үшін қомақты ақша төлейді. Мысалы, шаруа өзінің 500 гектарына тыңайтқыш қосу үшін 10 кг қоспа сатып алады, оған 60 мың теңге жұмсайды. Оған 30 мың теңге көлемінде субсидия тиесілі. Бірақ осы субсидияны алу үшін ол 11 АЕК - 32 мың теңге көлемінде Qoldau-ды пайдаланғаны үшін абоненттік төлем төлеуі тиіс. Бұл ешқандай ақылға сыймайды!

Бізде, Qoldau неге фермерлер есебінен табыс табуы керектігі түсініксіз. Егер осы ақпараттық жүйенің иесі - «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ Үкіметке 100 пайыз тиесілі болса, онда қызметтер де тегін болуы тиіс.

Сондықтан біздің ұсынысымыз - субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды e-gov немесе ақпараттық-талдау жүйесі (АТЖ) порталдары арқылы жасау керек. Ал Qoldau Ауыл шаруашылығы министрлігінің меншігіне берілуі қажет. Бұл мәселе қазір пысықталуда. Бұдан басқа, субсидия алуға электрондық кезекті енгізу мәселесі пысықталды, бұл көмек алушылар арасында әділ түрде бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Qoldau тақырыбына космомониторинг мәселесі де қосылып отыр. Өткен жылдың пилоттық жобасы сервистің көптеген кемшіліктерін ашты.

- Бұл мәселені де біз талай рет көтердік. Бізге түсініксіз жағдай, жерді пайдалану мониторингінің веб-порталы ретінде қандай заңнама бойынша дәл осы Qoldau жүйесі таңдалды? Аталған порталдың иесі «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ жерді пайдалану мониторингі кезінде рұқсаты жоқ шетелдік спутниктердің қызметін пайдаланады. Көптеген жағдайларда осы спутниктердің деректері мен жер пайдалану актілері арасында қайшылықтар туындайды. Осыған байланысты болашақта жерді пайдаланбау немесе тиімсіз пайдалану фактілері анықталған жағдайда бақылаушы органдар мен жер пайдаланушылар арасында даулар туындауы мүмкін.

Тақырыпқа байланысты оқу «Шахтерский»  шаруашылығында өнімділікті қалай екі есе арттырды

Сонымен қатар, қазір елімізде бұл салада республикалық бюджет қаражаты есебінен әзірленген екі спутник бар «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жұмыс істейді. Сондықтан неге өз жер серіктер орталықтарымызды жер мониторингін жүргізу үшін пайдаланбасқа және осы ұлттық компанияның веб-порталында мониторинг жүргізуге болады емес пе?

 

«Жүйені ауыстыру керек»

- Аграрлық ведомствоның жаңа басшысының жұмысы өте көп сияқты.

- Иә, сондықтан да біз Ербол Қарашөкеевке табысты еңбек етуге және беделді болуын тілейміз. Қазіргі уақытта АӨК-те жинақталған проблемаларды шешу үшін батыл шешімдер қабылдау қажет, бұл жолда мұндай қабілеттер қажет.

Тақырыпқа байланысты оқу: Өнім бағасы көтерілгенде фермерлер емес, ортадағы делдалдар пайда табады

Өзіміз аграрлық ведомствоның жаңа басшысына барынша көмектескіміз келеді. Мен айтқан Қазақстан фермерлері қауымдастығының жасаған барлық ұсыныстары - бұл біздің тәжірибеміздің жемісі. Екі жылға жуық уақыт бойы өз қызметімді адал атқарып келемін, сол кезден бері Парламентте де, түрлі кеңестерде де, алқа мәжілістерінде де - ауыл шаруашылығында жұмыс істегісі келетін әрбір адам мемлекеттік қолдауды пайдалана алатындай жағдай жасау керек.

Жұмыс істегісі келетін адам қолын созып сұрамауы керек - маған жер беріңіз, маған техника немесе мал сатып алуға несие беріңіз және тағы басқа қажетті нәрселерді сұратпай беруіміз керек. Егер адам ауылда жұмыс істегісі келсе, онда оған үкімет барлық қажетті нәрсені беруі тиіс. Тек еңбек ету керек! Билік жұмыс істейтіндерге көрші мемлекеттердегі сияқты барлық жағдайды жасауы тиіс. Бұл жүйені түбегейлі өзгертуіміз керек. Егер ауыл шаруашылығына деген қарым- қатынасымыз, көзқарасымыз жақсы болса, онда аталған сала дамитын болады.

 

Сұхбаттасқан Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.