ҚР-да азық-түлік өндірушілерге субсидия беруді арттырады

Үкімет инфляция қарқынын төмендету мақсатында жасалатын кешенді шараларды бекітті. Олардың қатарында - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілерді қаржылай қолдауды кеңейту. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді.

«Өндірушілерді субсидиялау және жеңілдетілген несие беру тетіктері кеңейтіледі, АӨК өнімдерін сақтау инфрақұрылымын салу үшін субсидиялау нормалары ұлғайтылады. Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол қайта өңдеушілер үшін шикізаттың тұрақты және болжамды бағасын қамтамасыз етудегі Азық-түлік корпорациясының рөлі кеңейтілетінін атап өтті.

Өз кезегінде баға мониторингі бойынша талдама жасалатын платформаны іске қосу жергілікті орындағы инфляцияның көтерілуін дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин хабарлағандай, тауар өндірушілермен кездесулерде ағымдағы жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын көтермеу туралы келісімге қол жеткізілді. Бағалары маусымаралық кезеңнен кейін жыл басындағы деңгейге қайта оралатын тауық жұмыртқасы бұған жатпайды.

«Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер кейбір мәселелерді шешуге көмектесуді сұрайды. Бірінші кезекте, шикізат пен жемшөпті қазіргі кездегі жоғары құннан төмен бағамен сатып алуға қаражат бөлу, бұл жыл бойы шығындардың ұлғаюын болдырмауға мүмкіндік береді - өндірушілердің мәліметі бойынша қажетті қаржыландырудың жалпы сомасы 212,3 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде күнбағыс - 27 млрд теңге, қант қызылшасы - 6 млрд теңге, қант қамысы - 8 млрд теңге; қарақұмық - 9 млрд теңге; құс фабрикалары үшін - 162,3 млрд теңге, жұмыртқа бағыты - 96,3 млрд теңге», - деді ол.

Тақырыпқа байланысты оқуАуыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда министрлігі бағаның шарықтау себебіне жауап беруден бас тартуда

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік орган болып Сауда және интеграция министрлігі белгіленді. Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаевтың айтуынша, сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың басты міндеті өндірушілерден тұтынушыға дейінгі сауда жасау тізбегін жолға қою болып табылады. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі аясында МЖӘ шарты жасалды, қазір жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.

«Екі көтерме-логистикалық орталықты жаңарту және оны іске қосу 2022 жылдың қаңтарына дейін жоспарлануда. Қалған ғимараттардың құрылысын қаңтар айында бастау және 2022 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған. Екінші кезеңде 17 КТО құрылысын бастау жоспарлануда. Жеке серіктестермен бірге маркетингтік талдау жүргізілді, берілетін жер телімдерінің 70% анықталып, оларды бөлу жұмыстары жасалуда. Екінші кезең бойынша МЖӘ шартын жасасу 2022 жылдың сәуіріне белгіленді, ал 2024 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда», - деп нақтылады вице-министр.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.