Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қытай бағытындағы теміржол вагондары орнынан қозғала бастады
Қазақстан мен Қытай шекарасында тұрып қалған теміржол жүктері ақырындап орнынан қозғала бастады. Бұл туралы ElDala.kz тілшісіне ҚТЖ-Жүк тасымалы бас директорының орынбасары Қанат Көбесов айтты.
«Соңғы үш күнде Қытай теміржолы аздап болсада жандана бастағанын байқадық», - деді Қанат Көбесов. - Олар Алашанкоу станциясында жабық вагондарды түсіре бастады. 16 ақпанда көрші ел 32 жабық вагондағы өнімді түсірді - бұл зығыр тұқымы, күнбағыс, арпа және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерінің түрлері болатын. Вагондардағы жүктер түсіріліп, бізге бос кері қайтарылды. Сәрсенбі күні, 17 ақпанда 39 вагон дәл осылай түсірілді. Бұл жолы астық емес, паллеттердегі тамақ өнімдері болатын. 18 ақпанда біз оларға мақта тиелген 15 вагон қабылдау керектігін айттық. Сонымен қатар, тағы да жабық астық тиелген вагондар жібердік.
Осылайша, соңғы күндері 71 вагон түсірілді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қытай шекарасындағы вагондар неге қозғалыссыз «тұр»
Алашанкоу станциясында осы аптаның басында кезек күткен 430 вагон болған. Сейсенбі мен сәрсенбі күндері жіберілген 71 вагонды алып тастасақ, 359 қалады. Егер осы қарқынмен қабылдай берсе, келесі аптада қалған бөлігін деөткізе аламыз. Осыдан кейін Қытайға бағытталған қазақстандық вагондардың барлығын жіберуге болады. Оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдері тиелген 1900-ге жуық вагон бар.
«Вагондардың саны көп болатын, бірақ жабық 250 вагон өз иелеріне қайтарылды», - деп түсіндірді Қанат Көбесов. – Кейбір вагондардағы астық қаптан шығарылып, көліктерге тиелді. Кейбір тасымалдаушылар тауарларын өздерінің қоймаларында уақытша қалдыруды шешті.
Еске салайық, Қытай 2020 жылдың қараша айында теміржол жүктеріне арналған карантиндік шектеулерді күшейтті. Содан бері алдымен ҚТЖ компаниясы өздігінен, содан кейін мемлекеттік органдар қытайлық тараппен қазақстандық кәсіпкерлер жіберген жүкті қабылдау және түсіру туралы үнемі келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда нәтиже аз, мардымсыз болып отыр.