АШМ құс фабрикаларындағы құстардың қырылуына қатысты түсініктеме берді

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов бүгін брифингте құс тұмауының таралу жайлы түсініктеме берді. Құс фабрикаларындағы құстардың жаппай өлуі осы нысандарда ветеринарлық талаптардың сақталмауымен байланысты екенін мәлімдеді.

«Құс фабрикаларында тексеру жасалған кезде олардың иелері ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамағаны анықталды. Атап айтқанда, құс фабрикаларының аумағынан жабайы және қоныс аударатын құстар еркін жем - шөп жей алатындығы белгілі болды», - деді Тұрсын Қабдолданов.

 Сонымен қатар, АШМ Арқалықтағы «Агроинтерптица» құс фабрикасында құстардың басым бөлігі - 256 мыңнан астам құс қора-жайда желдеткіштің болмауынан өлгені анықталды. Бұл құстарға ақша төленбейді.

Қазіргі уақытта ҚР-дағы құс фабрикаларындағы құстардың өлімі толығымен тоқтады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Бескөл құс фабрикасында бір айда 184 621 құс осы індеттен өлді. Барлық шығын өтеледі.

Тақырыпқа байланысты оқуСҚО-да бір тәулікте 80 мың құс қырылды

«Агроинтерптица» ЖШС - нда барлығы 391 мыңнан астам құс қырылды, оның ішінде құс тұмауынан-135 384 бас құс. Тағы 41 642 құс тәркіленіп, ауру құстармен байланысты болғандықтан жойылды.

«Осылайша, екі құс фабрикасына 361 647 құстың құны өтеледі», - деп нақтылады министрлік өкілі.

АШМ Қазақстанда 64 құс фабрикасы жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың екеуінде құс тұмауына байланысты құс өлімі тіркелді.

Бұған дейін хабарланғандай құс тұмауынан жаппай қырылу салдарынан Арқалық құс фабрикасы жұмысын тоқтатты.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.