Өзбекстан Ресейді шұжық нарығынан ығыстырды

Жалпы Өзбекстанда шұжықтар мен ет өнімдерін негізінен Ресей мемлекетінің кәсіпорындары сататын. Бірақ соңғы уақытта олар бұл нарықта көрінбеуде, супермаркеттерде бәрі жергілікті орынның өнімдері. Мұндай жетістікке қол жеткізу оңай болған жоқ, осы тәжірибені анықтап, талдау үшін Diplomatic Club ет саласындағы қазақстандық кәсіпорындар мен салалық қауымдастықтар жетекшілерінің тобын Ташкентке іс сапармен баруды ұйымдастырды. Қазақстан үшін бұл өзекті мәселе, өйткені бүгінгі күнге дейін ҚР ішкі нарығы импорттық шұжықтар мен ет өнімдеріне 40% – ға тәуелді болып отыр-2020 жылы елге сырттан $114 млн-ға жуық 56 мың тоннадан астам өнімдер әкелінген.

Ал Өзбекстанға барған қонақтармен PROMEAT Group Corp компаниясының директоры Иззат Муталов кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Кәсіпорын тарихы 2003 жылы шұжық цехының ашылуынан басталды. Қазір бұл малдың жемін дайындаудан бастап ет комбинаты мен сүт фермасына дейінгі толық циклді кәсіпорын болып табылады. Дайын өнім жеке дүкендер желісі арқылы сатылады. Компанияның құрылтайшысы-Хакимджан Муталов, ол 2001 жылы зейнетке шыққанға дейін Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрі болып жұмыс істеді. Ал Иззат оның ұлы, ол әкесінің ақыл кеңесін тыңдап, оны жүзеге асырады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қой шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізі болып табылады

 

Астаналық сапа

PROMEAT ет комбинатында елорда үшін жоғары сапалы өнімдер шығарылады. Шикі ысталған шұжықтың бағасы орташа есеппен $13 долларды құрайды. Сатылымда стейктер, тартылған ет және ысталған деликатестер бар. Әрине, бәрі халал. Комбинат өндірісінің жалпы көлемі айына 150 тонна.

Комбинат күніне 10 мың дана сататын Бургерлер үшін бөлек желі жұмыс істейді. Мұнда сиыр етінен котлет жасалады. Оның үстіне, олардың барлығы тек Ташкентте сатылады, басқа аймақтарға өнім жетпейді. Жыл соңына дейін осы желіні жаңартып, тәулігіне 20 мың дана шығару жоспарда бар.

Ет комбинатының әр учаскесі тұрақты түрде табыс әкелетін жеке бизнес ретінде қарастырылады - бургер, шұжық цехы, деликатес бөлімі. Менеджмент «Лего» сияқты үлкен құрылым және өзінше дербес бөлімдердің жиынтығы . Егер біреу үлгермей артта қалса, оның себебі анықталып, оған жалпы қалай көмектесуге болатындығы ойластырылып, ел қатарына қосуға жәрдемдеседі.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға өзбек сұранысы не үшін қажет

Сонымен қатар, өнімдерді терең өңдеу технологиясы әлі қолданылмауда. Яғни, ет комбинатында ішек, тұяқ және басқаларын өңдейтін цех жоқ.

«Мұның бәрін біз басқаларға сатамыз», - деп түсіндірді Иззат Муталов (суретте). - Біз тек ішектерді пайдаланамыз. Біз тері мен басқа өнімдерді сойып жатқан орыннан тікелей  $100 долларға сатамыз. Әзірге біз бұл өнімдермен айналысуға уақытымыз жоқ және ол соншалықты пайда әкелмейді де.

PROMEAT компаниясы бір кездері қазақстандық өндірушілер секілді өнімдерді сатуда қиындықтарға тап болды: сауда желілері тауарларды сөрелерге қойғандары үшін сыйақы – «ретробонус» деп аталатын төлемдерді талап ететін. Сонымен қатар, олар тауарларды алдын-ала ақша төлеп алмайтын, тек сатқаннан кейін ғана ақшасын беретін. Ал өндіруші өз ақшасын 60-90 күн күтуге тура келетін еді.

- Мұндай жағдайда барлық пайданы сауда желілері көретін, ал өндірушіге ең соңында шаң қалатын, - деп атап өтті Иззат Муталов. – Біз өз дүкендерімізді ашуға шешім қабылдадық. Енді бізде Ташкент бойынша ет өнімдерінің сату желісі жұмыс істейді, 42 дүкен бар. Шағын дүкендер арасында серіктестер бар. Біздің барлық өнімдеріміз осылай сатылады. Бұл өте тиімді, өйткені біз делдалдарға ақша төлемейміз, олар ортадан пайда таба алмайды, ақшаның айналымы өте жоғары. Яғни, енді ақшаны алу үшін екі-үш ай күтудің қажеті жоқ. Өнімдер таңертең сатылса, кешке олар кассада.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан саулық мал басын түрлі жолмен жоғалтуда

 

«Төрт К»

Жалпы, Өзбекстанның «шұжық» сататын нарығына бірауыздан жасалатын ынтымақ көмектесті деуге болады– оларда саланың ағымдағы проблемалары (шикізат, өткізу және т.б.) талқыланатын және оны шешу, дамыту стратегиясы жасалады, бұл бейне бір бейресми ұйым. Сонымен қатар, өндірушілер бір – бірімен толықтай ашық жұмыс істейді, бұл өте маңызды-олар өз тәжірибелерімен бөліседі.

Нәтижесінде, тамақ өнеркәсібінің дәл осы секторы белсенді дамып келеді және импорттық шұжықтардың үлесі қазір нарықта 1% - ға жуық қалды, кедендік статистикалық мәліметтер осындай.

- Қазір біз мал шаруашылығында да осындай тәжірибені жасауымыз керек, - деп ойын айтты Иззат Муталов. - Әзірге ол жоқ, барлығы бір-бірін бәсекелес ретінде қабылдайды. Бірақ менің ойымша олар қалай бәсекелес болады – Егер бүгінгі таңда Өзбекстандағы еттің 70% – ы- импорт болса, бұл мүмкін бе? Біз, керісінше, бірігіп, бір-бірімізден үйренуіміз керек. Бізге жақсы жүйені құра алатын шетелдіктердің тәжірибесі керек.

PROMEAT компаниясы өзінің барлық бөлімшелерін дамытуда халықаралық мамандармен тығыз жұмыс істейді. Атап айтқанда, мал бордақылау орындарында малды бағу мен  ұстау, ветеринария, азықтандыру рационын дайындауға Dairy Global Experts компаниясы көмектесті. Аталған  компания қазіргі таңда Иззат Муталов бірнеше жыл бұрын қараусыз қалған күйде сатып алған сүт фермасын жаңғыртуға көмектеседі, бірақ бүгінде ол бір сиырдан 28 литр тәулігіне сүт өндіру деңгейіне көтерілді. Мұндағы малдың  тұқымдары голштиндер.

Тақырыпқа байланысты оқу:  2021жылы ет бағасы қандай болады?

Жыл соңына дейінгі міндет-сауын табындағы сиырлардығ  санын қазіргі 250-ден 500-ге дейін жеткізу. Осыдан кейін жаңа кезең басталады – ферманы 1000 басқа дейін кеңейту. Сүт шығымдылығына келетін болсақ, екі жыл ішінде сиырдан 35 литр сүт алу жоспарланған.

- Мал шаруашылығында «Төрт К» жүйесі жұмыс істейді, - деп атап өтті Иззат Муталов. – Яғни, сиыр, жем, жайылым, кадрлар. Егер сізде үшеуі болып, төртіншісі болмаса, онда нәтиже болмайды. Жалпы, менің ойымша, ең бастысы – менеджмент. Сондықтан біз халықаралық сарапшыларды шақырып, бірлесе жұмыс істейміз. Мысалы айтсақ, Украина 15 литр сүт алу үшін 28 жыл жұмсауға тура келсе, біз халықаралық тәжірибені қолдану арқылы 1,5 жылда осы жетістікке жеттік.

Жер және ақша

Мал бордақылау орындары 2017 жылы Dairy Global Experts сарапшыларының қатысуымен салынды. Ол 7 га жерде орналасқан, малды ұстауға арналған алаңдар күннен қорғау үшін шатырмен жабылған және микроклимат бжұмыс істейді – ылғалдандырғыштармен және желдеткіштермен жабдықталған. Су ағатын құралдарда орнатылған.

«Микроклиматты сақтау жүйесі $50 мың тұрады, ол бірінші жылы малдардың жақсы сезінуіне әсер етті, демек, олар жақсы азықтанып, тез салмақ жинауына әсер етіп, өз ақшасын шығарды деуге болады», - деді Иззат Муталов..

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақ малдары Өзбекстанға жіберілуде

Сонымен қатар, мал бордақылайтын жердегі еден бетондалған, бұл малды күтіп-бағуды және таза ұстауды жеңілдетеді. Әрине, бұл арзан емес, бірақ ол да жұмсалған шығынды өтейді. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы – $2 млн.оны іске асыру үшін PROMEAT компаниясы төрт жылға жылдық 24% - бен кредит алды. Өзбекстанда инвестициялық субсидиялар жоқ.

Рас, мемлекет мал сатып алуға жеңілдікті несиелер береді – жылдық 21% - бен, оның 7% - ын субсидиялайды, сондықтан кәсіпкерлерге 14% қалады. Бұл соңғы уақытқа дейін малшыларға қол жетімді болған бірнеше мемлекеттік қолдау құралдарының бірі.

1 шілдеден бастап жағдай жақсарады: Өзбекстан үкіметі мал шаруашылығы өнімдеріне субсидия енгізу туралы шешім қабылдады.

- Шілде айынан бастап субсидиялар енгізілуде, - деді Иззат Муталов. - Яғни, бір литр сүтке 200 сум, ал малдың салмағына – бір килограмға 2000 сум төленетін болады. Бұл аталған шаруашылықтың дамуын қолдауы керек. Бұл керемет жаңылық, біз үшін революциялық қадам - 1 шілдеге дейін бізде субсидиялар болған жоқ. Асыл тұқымды мал сатып алуға бізде субсидия бар -мал басына 2 млн сум, бұл шамамен $200. Ал Қазақстандық мал оған жатпайды, өйткені сіздерден асыл тұқымды малды әкетуге болмайды. Егер біз Еуропадан мал әкелсек, онда субсидия аламыз. Осылайша мемлекет малдың көбеюіне және оның сапасын жақсартуға ынталандырады.

 

Тақырыпқа байланысты оқу: Өзбектер қазақстандық малды «жаппай» сатып алуда

Сондай-ақ, биыл Өзбекстанда жер заңнамасы өзгереді деп күтілуде, бұл да фермерлерді қуантады. Мысалы, енді олар қайта өңдеу кәсіпорындарын немесе сүт фермаларын, бордақылау алаңдарын салу үшін жер учаскелерін сатып ала алады, бірақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігінде қалады.

 

Қазақстаннан әкелінетін «микки-маус»

Сонымен қатар, PROMEAT мал бордақылаушы әзірше нарыққа қарай жұмыс істейді: мал Қазақстаннан 250-300 кг салмақта әкелінеді және үш апталық карантиннен кейін мал бордақылайтын серіктес фермерлерге сатылады. Олардың саны 200-ге жуық. PROMEAT сүрлем негізінде жақсы жасалған рациондарды ұсынады. Осының арқасында фермерлер тәулігіне 2 кг-ға дейін салмақ жинайды, ал салмағы 550-600 кг мал союға жіберіледі.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға не үшін мал биржасы керек

«Бұрын маған бәрі сенің жасап жатқаның дұрыс емес деп айтатын, өйткені ешкім бұқаларды етке байлағанда сүрлеммен азықтандырмайды», - деді Иззат Муталов. – Ал бүгінде барлығы жасалған нәтижелерді көріп, сүрлеммен бордақылауға көшуде.  Малға жүгері, қара бидай немесе тритикале сүрлемге береді.

Тұқымдарға келетін болсақ, ангустар, герефордтар, Әулиекөл тез салмақ алады – олар тәулігіне 2 кг салмаққа жинайды. Аз ғана акбас сиырлар ұстаймыз.

Әсіресе Иззат Муталов PROMEAT -қа мал сататын «Актеп» ЖШС малдарын «Мики-маустар» деп атаймыз, себебі бұл герефордтар мен ангустардың қоспасының түсі ала болып келеді. Бқл гибрид малдар жылу мен ауруға төзімді, жақсы салмақ жинайды. Ыстықта таза ангустарға қиынырақ-қара түстері күн сәулесін «тез тартады». Ал ашық түсті әулиекөлдерге әлдеқайда жеңіл.

Қазақстаннан жеткізілетін малдың бағасы-тірі салмақтың бір килограмы үшін $2,6.

- Біз неліктен базар түріндегі мал бордақылау орындарын аштық ?- деді Иззат Муталов. - Үш жыл бұрын халыққа мал сатып алуға несие бере басталған кезде, мал бағасы күрт өсті. Сонымен қатар, алыпсатарлардың кінәсінен баға да шарықтай бастады, тірі салмақтың әр килограмы үшін $1,5 пайда түсіретін! Яғни, егер сол кезде Қазақстанда бір килограмм тірі мал $1,8 тұратын болса, онда олар $3,3-тен сатқан. Бұл жағдайға мен наразы болдым, сол кезде әкем маған мұны өзім қолға алуым керек екенін айтып, кеңес берді. Біз нарықты басқаша жасадық және сатушылардың бағасын бұздық. Өйткені халыққа бұл өте қиын, ал алыпсатарлардың кінәсінен олар мал сатып алу кезінде банкротқа ұшырады. Тек ортада делдалдар ақша тапты. Біздің  пайдамыз $0,1 құрайды. Сонымен бірге, біз тұрғындар таза мал сатып алуы үшін әкелінген малдарға екпе жасаймыз және бүргелерге қарсы дәрі саламыз. Жиырма күн бойы біз карантинде ұстаймыз және тек содан соң ғана сатамыз. Біздің мекеме жұмысының алғашқы жарты жылында біз қазақстандық «Актеп» ЖШС-мен серіктестікте шамамен 5 мың бас мал саттық.

 

Бес метрлік жүгері

Міне, promeat осындай бизнесті мал бордақылау алаңында жасады. Бірақ бұл жағдай уақытша жағдай ретінде қарастырылуда, әзірге Қазақстаннан Өзбекстан халқының мал сатып алу үрдісі сақталып отыр. Бірақ қазір ол баяулауда, өйткені халыққа несие беру тоқтатылды. Осыған байланысты Иззат Муталов өз алаңын бастапқы мақсатқа – малды өз бетінше бордақылауға дайындалуда. Өйткені комбинат қазақстандық шикізатқа 80% тәуелді. Бір бөлігін ет ретінде, ал бір бөлігін тірі мал ретінде сатып алады. 

Тақырыпқа байланысты оқу: Малды сыртқа сатуға неге тыйым салынбады

- Қазақстан Орта Азияда кең жайылымдық жерлердің арқасында мал өсіруші ретінде жұмыс істеуі тиіс, ал Өзбекстан мен Қырғызстан, Тәжікстан мал бордақылаумен айналысуы тиіс, - деп өз пікірімен бөлісті Иззат Муталов. - Бордақылау үшін үлкен орын қажет емес, суармалы жерлердің шағын ауданы жеткілікті және бұл тиімді. Мен өз тәжірибемнен айтсам, біз егінді екі рет егеміз. Осының арқасында 1 гектардан бір маусымда 80 тоннаға дейін сүрлем аламыз. Ал концентрацияланған жемді біз сол Ресейден немесе Қазақстаннан аламыз. Біз қазір Аргентинадан соя әкелеміз, бұл қалыпты жағдай. Бірақ сүрлемді алып келу тиімсіз.

Өзбекстанда күн өте көп уақыт ыстық болып тұрады, сондықтан да мұнда ФАО 700-800 жүгері егіледі және ол бес метр биіктікке дейін өседі.  Ал Қазақстанның солтүстігінде, мысалы, ФАО 160-220 тұқымдарын пайдаланып себеді. Мұның себебі де түсінікті болар.

Сонымен қатар, Иззат Муталов гектарынан қазіргі 80 тонна сүрлем массасын алу әлі жеткілікті деп санамайды және өнімділікті арттыру технологиясын әзірлеу үшін Украинадан агрономдарды шақырды.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.