Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Арал маңындағы оазис. АгроКараван Сүт, 2 күн
Арал өңіріндегі аптап ыстық температура мен ылғалдың болмауы Қызылорда облысындағы «РЗА» сүт фермасының табысты жұмыс істеуіне кедергі болған жоқ. Мұнда ElDala.kz порталының командасы ІҚМ сүт және құрама тұқымдарының Республикалық палатасы, сондай-ақ «Мустанг Азия» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған АгроКараван, сүт іс-шарасының екінші күні болды.
Жайлы ыстық
«Біздің өңірде екі жылдан бері жаңбыр жауған жоқ», - деп ескертті бізді Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ақөзек деген жерде «RZA» сүт фермасына апаратын жүргізуші. Кеуіп қалған Арал өңірі 100 шақырым жерде еді.
Синоптиктердің болжамы бойынша, болашақта да жақсы ауа райы болмайтын тәрізді, бұл өңірде әдетте күнделікті шаңды дауыл мен аптап ыстық болады.
«Жалпы, бүгін күн біршама салқын, 42 градус қана. Өткен аптада 50 градус болған еді», - деп жалғастырды сөзін жүргізуші.
Көліктен шыға салысымен жел бейсболканы ұшырып әкетіп, құм мен шаң суырды, синоптиктердің болжамдары да дұрыс болды.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстанда 2020 жылы сүт өндіретін ТОП -50 компания
Біз келіп жеткен ферманың өзінде көшедегі ауа райының қандай болғанына қарамастан, малдардың барынша жақсы жайылатындай етіп жасалған. Қуатты желдеткіштер, су беретін форсункалармен жабдықталған. Ылғалды су бүркіп,ауа ағыны іштегі температураны сыртқы температурамен салыстырғанда 5 градусқа төмендетуге мүмкіндік береді. Яғни мұнда 37 градус, бұл сырттағы көрсеткіштермен салыстырғанда- салқынрақ.
Сонымен қатар, фермада автоматтандырылған және механикаландырылған құрылғылар өте көп, бұл қол еңбегін азайтуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл адамның физикалық жағынан жұмыс істеуі өте қиын төтенше ауа райы жағдайында өте маңызды. Сондықтан фермада көң шығару автоматты режимде жүргізіледі, жемшөп салынатын ыдысты тазалау үшін шағын механикаландыру құрылғылары қолданылады, жем-шөпті араластыру да қазіргі заманғы миксерде автоматты режимде жасалады. Тіпті сиырдың арқасын тарайтын құрал да автоматты түрде іске қосылады.
Тақырып бойынша оқу: Мал азығы мәселесін шешу сүт фермаларындағы тиімділікті қалай арттыруда
Фермадағы жұмысты ұйымдастыруға цифрлық технологияларды енгізу де көмектеседі.
- Фермада Milk manager жүйесі орнатылған, - деді «РЗА» компаниясының жүйелік әкімшісі Сергей Тон, Сиыр сауатын цехта да автоматты қондырғылар орнатылған. Сондай-ақ, бізде «МуМонитор» жүйесі тұр, ол сенсорлар арқылы сиырлардың жағдайын бақылайды - олардың қанша жем жейтінін, қанша жататынын, қашан тұратынын көрсетеді. Бұл мәліметтердің барлығын біздің қызметкерлер жұмысты жоспарлауда пайдаланады. Сондай-ақ, барлық ақпаратты жинақтап, зоотехникалық іс-шараларды мерзімінде өткізуге мүмкіндік беретін Diary Comp табын басқару бағдарламасы орнатылған.
Осындай жұмыстардың арқасында құрғақшылыққа төзімді кезең 50 күнге созылады, ал бұзаулардың шығымы 100 басқа жетіп, 86% -ды құрайды. Малды қолдан ұрықтандыру жүргізіледі, бұл 92% жағдайда бұзау алуға мүмкіндік беріп, сиыр санын арттырады. Ал саны аз бұқалар фермерлердің өтінімдері бойынша бір аптаның ішінде сатылады.
«Ақылды» миксер
Жалпы алғанда, «РЗА» фермасының тарихы 2005 жылы басталды, ол кезде Солтүстік Қазақстан облысынан қара тұқымды сиыр әкелінді. Сол кезде «Зенченко и К» ШҚ-да 100 сауын сиыр және төрт бұқа болған еді.
2010 жылы жаңғырту –жөндеу жұмыстарынан кейін Венгриядан 660 голшит-фриз тұқымы әкелінді. Бастапқыда бір сиырдан тәулігіне 17 литрден сүт алынған еді. Қазір ол 28 литрге дейін жетті.
Республикалық ІҚМ сүт және құрама тұқымдары палатасының мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы «РЗА» фермасы 6 537 тонна сүт өндірген.
Әрине, сиыр сүтін арттырудың ең негізгі маңызды құрамдас бөлігі – бұл мал азығы. «РЗА - Асыл түлiк» ЖШС директоры Жеңіс Карабалаев бізге айтып өткендей, бүгінде мал рационының негізін сенаж құрайды, оны фермада сақтау үшін әрқайсысы 2,5 тонналық жеті шұңқыр бар. Сенаж ретінде жүгері салынады, ол әлі де ескі суару жүйесі бойынша өсірілуде - көктемде толықтай су басады. Сондай-ақ табиғи шабындықтардан жоңышқаның пішені де сақталады. Бір жылға деген шөп қажеттілігі - 1000 тоннаны құрайды. Биылғы маусымда алғашқы шөп шабуда 220 тонна жиналды, алда тағы үш шабындық бар.
Айта кетсек, «РЗА» компаниясы күріш өсірумен де айналысады. Мұнда жемшөпке күріш қалдықтарын пайдалануға болады. Ал олардың қоректік құндылығы жоғары. Бұдан басқа, күріш сабаны да төсеніш ретінде қолданыла отырып іске асады. Өсімдіктің өзі 90 күн бойы суда тұрғандықтан, сабан ылғалды сіңіру қабілеті жағынан бірегей қасиетке ие. Бұл төсеніш ұзақ уақыт құрғақ болуы үшін маңызды.
Сондай-ақ жемшөпке сірне қосылады, ол малға қант ретінде энергия береді
Тақырып бойынша оқу: шөл даладағы «Айс». АгроКараван сүт 1 күн
Мал азығының рационы Ақтөбе облысының «Айс» (бұл ферма жайлы біз АгроКараванның бірінші күнінде айтқан болатынбыз) сүт фермасының басқарушысы Армен Хуршудянның қатысуымен дайындалды. Сонымен қоса, азыққа маңызды элементтер Alltech қоспасы қосылады. Рациондағы белоктардың құрамын толықтыратын осы компанияның Optigen өндірісі де пайдаланылады.
Айта кетерлік жағдай, азық үлестіргіш құралдар да озық технологиямен жабдықталған: бұл жерде «ақылды ми» жұмыс істейді, ол қандай азықты алуды өзі реттейді. Барлық жиынтық бункерге салынған кезде ол араластырады, дайын микс бункерден бірден сиырларға таратылып, төгіледі.
Жасанды жаңбыр
Ферманың жанында сүт өңдеу цехы да бар. Ультрапастеризация жасалады, мұнда сүт 140 градусқа дейін қызады, содан кейін күрт салқындатылып, 15 градусқа дейін салқындатылады. Бұл жергілікті ыстық климатта өте маңызды-жоғары температурадан бүліну қаупі азаяды. Сондай - ақ, өңдеу цехының өнімдері ассортиментінде-қышқыл сүт өнімдері мен құрт та жасалады және ірімшіктер де бар.
«РЗА» фермасындағы сүт сауу залы тәулігіне 1200 бас малды сауады. Қазіргі кезде 650 сауын сиыр бар, бірақ алджағы уақытта мал басын екі есе көбейту жоспары бар. Жобаны іске асыру жемшөп базасын құруға тікелей байланысты. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін осы маусымда жұмыс басталып, алқаптарды суару шаралары басталды.
Тақырып бойынша оқу: МТФ «Галицкое» сүт фермасы жұмысты бақылайтын сандық жүйені енгізуде
Бұл шөлде жұмыс істеу оңай емес, бұл жерде тағы да Армен Хуршудянның тәжірибесі мен білімі көмектесті, ол Ақтөбе облысының осындай қиын ауа-райы жағдайында суармалы алқапты жасады, бұл жердің бір гектарынан 95 тонна сүрлем жем тұрақты алуға мүмкіндік бар.
«РЗА» фермасының жанындағы жерлерде, «Айс» фермасының маңындағы жер секілді құнарлы емес. Сол себепті 87 гектар алқапқа үлкен көлемде тыңайтқыш төселді. Бұл гумустың құрамын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Алайда бұл жерде тағы бір мәселе - топырақтың тұздану деңгейі өте жоғары. Бұл мәселені шешу үшін Еуропадан келген мамандардың қатысуымен дренаж құбырларын төсеп бірталай жұмыстар жүргізілді. Осыдан кейін жер бетіне спринклерлік типтегі шашыратқыштары бар суару жүйесі салынды. Ол құбыр арқылы жасанды жаңбыр жауады, өйткені бұл жерде жаңбыр жаумайды. Бір сприкер 12 шаршы метр аумақты қамтиды, бір сағатта 8 литр су жұмсайды. Нәтижесінде мұндай жүйе топырақты жуып, тұздың бір бөлігінен құтылуға мүмкіндік берді, суару жүйесіне тәулік бойы су беріліп, ол дренаж арқылы кетіп, өзімен бірге каналға тұзды шайып отырады.
Тақырып бойынша оқу: ҚР-да ірі қара мал тұқымын жақсартатын бағдарлама жасалуда
Алқашқы алқаптар тәжірибелік болды, алдағы уақытта кейбір кемшіліктер ескеріліп, түзетуге тура келеді. Алдағы уақытта, болашақта суару алаңын 2,5 мың гектарға дейін жеткізу қажет. Бұл сауын сиыр табынын 1200 басқа дейін ұлғайтуға жеткілікті шырынды жемшөп көлемін өндіруге мүмкіндік береді.
Оған қоса, жүгері мен жоңышқаны суару арқылы сүт сауу мөлшерін көбейту болжанып отыр. Қазірдің өзінде жақсы құрастырылған мал рационы мен қолайлы қора-жай «РЗА» фермасына шөлейт климаттың қатаң жағдайында да бір сиырдан тәулігіне 28 литр сүт алуға мүмкіндік береді. Егер жүгері сүрлемін қосатын болсақ, онда 35 литрге дейін сүт алуға әбден болады.
Сергей Буянов, сурет пен бейнебаянды автор жасаған
ПАРТНЕРЫ ПРОЕКТА
РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПАЛАТА МОЛОЧНЫХ И КОМБИНИРОВАННЫХ ПОРОД КРУПНОГО РОГАТОГО СКОТА