AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінен фоторепортаж

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуі бойынша, Қазақстанда тыңайтқыш енгізу көлемі әзірге төмен деңгейде қалып отыр: қажетті мөлшердің 14-18% - ы ғана қолданылуда.

11 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын өткізілетін  AgriTek/FarmTek Astana 2020  Халықаралық  мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі өз жұмысын бастады. Аталған 2020 жылғы көрмеге әртүрлі елден, атап айтқанда Германия, Франция, Украина, Ресейден және т.б. елдерден 220 компания өнімдерін қойды.   Қазақстанның аграрлық саласындағы елеулі оқиғалардың бірі болып табылатын көрме жұмысын ElDala.kz тілшілері бағалап қайтты.

Тақырыпты оқу: AgriTek/FarmTek Astana 2020: көрмеге шолу (ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ)

AgriTek/FarmTek Astana 2020 Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу салтанаты.Фото: ElDala.kz.

ҚР АШМ-ның Нарықты дамыту департаменті директорының орынбасары Шаймерден Ахметов AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінің ашылу кезінде айтқан сөзінде, аталған іс-шара ауыл шаруашылығы техникасының жаңа үлгілерімен танысып, нақты түрде сатып алу үшін керекті заттарды анықтауға мүмкіндік береді, деді.

Тақырыпты оқу: Машина-трактор парктерін жаңарту деңгейін 6-8% -ға дейін арттыру керек— Ахметов

Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. Фото: ElDala.kz

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіндегі жұмысы барысында сөз сөйлеген Уильям Мозер АҚШ пен Қазақстанның аграрлық саласында екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы айтты.Ол, биылғы жылы Солтүстік Дакотаның қатал қысына қарсы тұра алатын ангус және герефорд ірі қара малының ондаған басы Қазақстан жеріне келгеніне 10 жыл толады, деді.

Тақырыпты оқу: Қазақстандық фермерлер заманауи ет өнеркәсібін қалыптастырды — Мозер

Максим Кочетков, Қазақстан Республикасындағы РФ сауда өкілі. Фото: ElDala.kz.

Ресей Федерациясы сауда өкілдігі атынан, өз атымнан көрмеге қош келдіңіздер деймін. Бұл көрме көптеген сала мамандары үшін өте керек, ал ұйымдастырушылар қажеттілікке қарай бірегей тамаша  алаңды ұсынып отыр. Бүгін мұнда — өндірушілер мен тұтынушылар, мүдделі құрылымдар мен ұйымдастырушылар жиналып отыр. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібі, өңдеуші және ауыл шаруашылығынығ көптеген салалары, яғни экономиканың маңызды секторлары біріктіріліп отыр, — деп атап өтті ол.

Тақырыпты оқу: 2019 ж. Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымындағы АӨК үлесі 11%-ға дейін жетті

AgriTek/FarmTek Astana 2020 «ДАРҚАН ДАЛА» агрохимиялық компаниясының стенді. Фото: ElDala.kz.

«ДАРҚАН ДАЛА» — агрохимиялық компаниясы- Қазақстан нарығындағы минералдық тыңайтқыштардың  70-80% шығарып отыр

«ДАРҚАН ДАЛА» компаниясының өкілі Наурызбек Ержанұлы  AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде. Фото: ElDala.kz. ​

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіндегі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының стенді. Фото: ElDala.kz.

«ҚазАгроҚаржы» — қазақ ұлттық компаниясы, ол Қазақстан Республикасының аграрлық секторында 70% үлеспен несиелік және лизингтік қызмет көрсетумен айналысады.

Eurasia Group Қазақстан компаниясының стенді AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде. Фото: ElDala.kz.

Eurasia Group Қазақстан —  ауыл шаруашылығы техникасын жеткізумен айналысатын  ірі компаниялардың бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап компания Қазақстан Республикасындағы "Джон Дир"компаниясының ресми түрдегі дистрибьюторы.Сонымен қатар оның, серіктестері Франциялық "КУН" компаниясы, Канадалық "Дегельман" компаниясы, Германиялық "Бергман" компаниясы болып табылады.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде Lely компаниясының стенді.Фото: ElDala.kz

Lely —автоматтандырылған түрде сауу бойынша әлемдік көшбасшы компания, ол сауу, азықпен қамтамасыз ету, малды ұстау, күтіп-баптау, мал денсаулығын қараумен айналысады.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіне келушілер. Фото: ElDala.kz.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіне келушілер. Фото: ElDala.kz.

«ОПТИСОРТ» директоры Ерлан Тайжанов  және «АгроТехМаш» коммерциялық директоры Владимир Власюк (Воронеж қ., РФ). Фото: ElDala.kz.

«АгроТехМаш» компаниясы өз стендінде  конвейерлік астық кептіргіш құрылғының прототипін ұсынды. Кәсіпорынның коммерциялық директоры Владимир Власюк бұл керемет жасалған бірегей құрылғы  деп санайды, себебі ол бұрынғы конвейрлерден көлденең жасалғандығымен ерекшеленеді.

BayDala  компаниясының сату жөніндегі менеджері на Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесінде.Фото: ElDala.kz​.

BayDala компаниясының басты мақсаты ауыл шаруашылығымен айналысушыларға жақсы өнім алуға көмектесу. Компания тек қана тыңайтқыштарды сатумен ғана айналыспайды, сонымен қатар егін егілген кезден бастап, оны жинаған мерзімге дейін қызмет көрсетумен айналысады.

Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесіндегі Щелково Агрохим стенді. Фото: ElDala.kz​.

«Щелково Агрохим» — өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдар, микроқұрылымдар мен тұқымдар өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Компания фунгицидтер өндіреді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда  дақыл өндірумен айналысады.

KAZSEEDS компаниясының қаржы директоры Серік Рамазанов. Фото: ElDala.kz​.

 KazSeeds компаниясы 2019 жылы тамыз айында ашылған. Компанияның міндеті — жүгері,соя, жоңышқа, сорго, судан шөбі, тары тәрізді дақылдардан жоғары өнім алу. Ол үшін жоғары сұрыпты, жергілікті климаттық жағдайға бейімделген тұқымдарды пайдалана отырып қол жеткізуге мүмкіндік бар.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіндегі KAZSEEDS​  стенді. Фото: ElDala.kz​.

Компания АҚШ-та өсірілген тұқымдарды алып келумен айналысады, себебі Қазақстанда мұндай деңгейдегі тұқымдар жеткіліксіз. Биылғы жылы Қазақстанда  KAZSEEDS​ тұқымы  20-25 мың га жерге егілетін болады.

«ОХМК» ЖШС-ның бас агрономы Хамзина Серік  AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде. Фото: ElDala.kz​.

«ОХМК» компаниясы  астық және майлы дақылдардың селекциясымен айналысады.  Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне кіретін 14-ке жуық күнбағыс будандары бар.

SL Agro компаниясының директоры Юрий Шимко AgriTek/FarmTek Astana 202 көрмесінде. Фото: ElDala.kz​.

SL Agro компаниясы  Krone, Manitou, Degelman, Weidemann, Neuero және т.б компаниялардың Қазақстан Республикасындағы ресми диллері.

Agritek/Farmtek Astana 2020 көрмесіндегі  SL Agro компаниясының стенді. Фото: ElDala.kz​.

SL Agro компаниясы телескопиялық жүк тиегіштерді сату бойынша Қазақстан аумағында алдыңғы қатардағы орындарды алады. Өткен жылы нарықтағы мөлшер 90 болған кезде,  компания 47-ге жуық машина сатқан.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіндегі ПКФ Темир компаниясының стенді Фото: ElDala.kz.

Компания Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді. Компания автокөлік пен арнайы техникалық бақылау саласында сапалы қызмет түрлерін ұсынады яғни  жабдықтау, жеткізу, монтаждау жұмыстары мен жөндеу жұмыстарына байланысты қызмет көрсетеді.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде Ozbasak компаниясының стенді. Фото: ElDala.kz.

Ozbasak түрік компаниясы, ол- ұн тарту және жем-шөп өсіру саласында тұтынушылардың сұранысына сай болат құрылғылар және шағын құрылыс заттарын шығарумен айналысады.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесінде AgroForce  компаниясының стенді. Фото: ElDala.kz.

AgroForce компаниясы Lechler GmbH. Лехлер-дің дистрибьюторы. Компания бүріккіш құралдарды әзірлеу және өндіру бойынша әлемдік деңгейдегі көшбасшы. Компания 140 жылдан бері 6 ірі зауытта жоғары сапалы өнім шығарумен айналысады.

AgriTek/FarmTek Astana 2020 көрмесіндегі MasAgro​ компаниясының стенді. Фото: ElDala.kz.

Компания Қазақстан нарығында 1992 жылдан бастап жұмыс істеуде. Компания Қазақстанда картоп өндіру және оны сақтау, сонымен қатар сүт өндіру және қайта өңдеу саласында заманауи голландиялық технологияларды енгізумен айналысады.

Жалғасы бар.  ElDala.kz.-пен бірге болыңыз