Алматы облысының еңбеккерлері 308 мың тонна астық жинады

Алматы облысында егін жинау науқаны жалғасуда. Облыста дәнді дақылдар мен бұршақтың шамамен 40% -ы жиналды, 308 мың тонна астық орылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы Алматы облысының фермерлері 970 мың гектарға жуық егін екті - бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,5 мың гектарға көп. Дәнді және бұршақ  дақылдары 470 мың га алқапқа, майлы дақылдар 154,7 мың га жерге, қант қызылшасы - 16 мың га, жүгері - 86,5 мың га, картоп - 40,3 мың га, көкөністер - 32,5 мың га, қауын 4,3 мың га алқапқа егілді.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров аймақтағы  егін жинау науқанының барысымен танысты. Қазіргі таңда фермерлер 180 мың гектар жерден дәнді және бұршақ дақылдарын жинады (алқаптың 38,2%). Қазірдің өзінде 308 мың тонна астық орылды,облыстағы орташа өнімділік гектарына 17,1 центнерді құрайды.

«Министрлік пен әкімдіктер фермерлерді қаржы, жанар-жағар май, ауылшаруашылық химия өнімдерімен дер кезінде қамтамасыз етуде. Осындай жағдайларға байланысты егін оруды былтырғыдан да ертерек бастауға мүмкіндік болды», - деп атап өтті сапар барысында Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар вице-министр «Байсерке-агро» ЖШС-нің алқаптарын аралап, ҰАҒБО жүйесіне кіретін ауыл шаруашылығы холдингі   мен кәсіби ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен жұмысының нәтижелерімен танысты.

Биылғы жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге зерттеулер мен инновацияларды енгізу шығындарын өтеуді бастады. Мемлекеттік көмек фермерлердің ғылыми ұйымдардың қызметтерін сатып алу шығындарының 80% -ын жабады. Бұл бизнес пен ғылымның интеграциясын қамтамасыз етеді және ғылыми зерттеулерге инвестицияларды ауыл кәсіпкерлері үшін пайдалы етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның негізгі астық егетін аймақтарында - Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жаппай егін ору науқаны 20 –сыншы тамыздан басталады.

 

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.