Атамекен астық тиелген вагондардың кешігу себептері туралы деректерді жинастыруда

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдау компаниясы және салалық кәсіподақтар бірлесіп маусым кезінде астық пен ұн тасымалдаудағы  мәселелерді жедел шешуде. Бұл туралы Атамекеннің басқарушы директоры - агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев мәлімдеді.

Департамен басшысының хабарлауынша, ауылшаруашылық өнімдерін ішкі нарықта тасымалдау үшін де, экспорт үшін де вагондармен қамтамасыз етудегі қазіргі жағдай қиын. Мұндай маусым кезіндегі мәселелер ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріне кедергі келтіріп, қиындықтар туғызады.

«Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы астық экспорттаушылар, астық өңдеушілер, салалық қауымдастықтар,«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС,«Қазтеміртранс» АҚ, «Астық Транс» АҚ өкілдерінің қатысуымен астық пен ұнды теміржол көлігімен тасымалдаудағы туындаған мәселелер бойынша кеңес ұйымдастырды. Астық пен ұнды теміржол көлігімен тасымалдаудағы мәселелерді шешу үшін жедел жұмыс тобының штабы құрылды», - деп жазды ол  Facebook бетінде.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қытай мен Өзбекстан астық тиелген вагондарды өткізіп үлгермеуде

Ербол Есенев сонымен бірге бұл жұмыста осындай мәселелерді жинастырып, ҚТЖ-мен бірге шешетін салалық қауымдастықтар мен кәсіподақтар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қазіргі уақытта вагондардың ішкі нарыққа және экспортқа астық шығаруда кешіккендігі жайлы ақпарат жиналуда. Кәсіпкерлер байланысу үшін салалық одақпен немесе Атамекенмен хабарласуларына болады:: +7707 147 0808 - Бауыржан Ахметаев.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.