Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Не себепті Қазақстан тұқым импортына соншалықты тәуелді болуда?
Қазақстандағы негізгі күріш өндіруші өлке - Қызылорда облысы. Бұл аймақ жыл сайын Ресейден осы «элиталық» кластағы күріш тұқымын 300 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алады. Импортқа мұндай тәуелділік елден ақшаны алып кетіп қана қоймайды, сонымен бірге азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
- Егер біз елімізде тұқым өсірудің жақсы да мықты жүйесін жасасақ, онда біз шетелдік селекция өндірушілерге үнемі тұқым сатуымызға болар еді, - деп түсіндірді Қазақ күріш өсіру ҒЗИ директоры Бақытжан Дүйсембеков.
Бәсекеден тыс
Қазақстандағы тұқым өсіру саласы дағдарыс жағдайында қалып отыр. Мұнда барлық техника ескірген, онымен егіс алқабын сапалы өңдеуге мүмкіндік жоқ. Тұқымдарды тазартатын құралдардың болмауынан сапалы тұқым ала алмауда. Ғылыми қызметкерлердің жалақысы өте аз, мұндай төмен еңбекақы жас мамандарды ынталандыруға, ғылыми әлеуетті нығайтуға кедергі келтіреді. Шын мәнінде, бүкіл жүйе мен құралдар 30 жыл бұрынғы ескірген қалпында болып отыр.
Нәтижесінде, Қазақстан барлық ауыл шаруашылық дақылдарының, оның ішінде бидайдың да тұқымын басқа елден алып, тәуелді бола бастады. Бұл жыл сайынғы жүздеген миллион теңгені құрап, шығын әкелуде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қызылорда облысында күріш өсірмеу экологиялық апатқа әкеліп соғады
Мысалы, биылғы жылы Ресейден күріш тұқымын сатып алуға Қызылорда облысы 330 млн.теңге жұмсады. Бұл қаражат елден кетті, алайда оны отандық тұқым шаруашылығын қолдауға жұмсауға болар еді. Бұл тек бір реттік төлем ғана. Сонымен қатар егін жинағаннан кейін импортталған тұқымды пайдаланатын шаруа қожалықтары сол тұқымнан алынған өнім көлемінің 3% -ы мөлшерінде оларға сыйақы (роялти) төлейтінін ұмытпағанымыз да жөн.
«Егер біз өз еліміздегі өндірістерді тұқым тазалайтын құралдармен жабдықтап, материалдық-техникалық базамызды нығайтып, тұқым өсіретін шаруашылық құра алсақ, отандық фермерлер бізден тұқым сатып алар еді», - деп ойын айтты Бақытжан Дүйсембеков. – Сатып алушылар тұқым сапасына қарайды, ал бізде тұқым тазалағыштар жоқ, оларға қоспасыз, қызыл дән қажет. Яғни, біз фермерлерге Кубаньда шығарылатын «Лидер» және «Янтар» сияқты сорттарға лайықты тұқым ұсына алмай отырмыз.
Локдаун салдары
Сонымен қатар, фермерлердің сұранысы бойынша климаттың өзгеруіне қарай әртүрлі аудандарға егетін сұрыптарды өсіру міндеті тұр. Алайда олар қажетті техникамен жабдықталмағандықтан, мамандардың жетіспеуінен істей алмауда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға тұқым жеткізуші ТОП-50 ірі компания
Мысалы, қысқа мерзімде өсетін күріш сұрыптары бар, олар ылғалды азырақ қажет етеді. Бұл Сырдария өзенінің маңындағы су тапшылығы жағдайында өте қажет. Бірақ ғалымдар мұндай тұқымды жасауды толықтай қолға ала алмауда.
«Біздің институт жайлы айтсақ: қаржыландыру бағдарламасы бойынша төрт жобаға бір жыл үшін 9 миллион теңге аламыз», - деп атап өтті Бақытжан Дүйсембеков. – Бұл қаражатқа біз төрт ғалымды қатыстырып, оның өзінде толық емес жарты ставка бойынша жалақы төлейміз. Мұндай қаражатпен қандай ғылыми жұмыс жүреді? Үшінші жыл қаржы бөлінбегендіктен селекция жұмысы тоқтатылды. Астық тұқым шаруашылығы да дәл осылай тоқтатылатын болады.
Осылайша, қазір ғалымдар өз қиындықтарымен бетпе-бет жалғыз қалды. Бірақ ғалымдардың проблемалары фермерлерге, ал содан кейін бүкіл елге әсер ететін болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Егіс күнінде Қызылордалық фермерлерге инновациялық технологиялар көрсетіледі
Мамандар отандық селекционерлер мен тұқым өсірушілерді мемлекеттік тұрғыда қолдау тәсілдерін дайындау қажет деп санайды. Өйткені, бастапқы тұқым шаруашылығы құрылмайынша, оригинаторлардан элиталар мен тұқым шығару жүйесі құрылғанға дейін импортталған тұқымдарға тәуелділік мәселесі үнемі болады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Атап айтсақ,биылғы көктемде, шекаралар жабылған кезде жағдай анықталды. Егер әлемде осындай локдаун болған жағдайда, Қазақстан тұқымсыз қалуы мүмкін, нәтижесінде күзде астық жиналмайды.
«Өсімдіктердің генофондының негізін, бірыңғай генетикалық тұқымын жинайтын банк құру қажет», - деп қосты Бақытжан Дүйсембеков. – Алайда, бізде бұл жоқ. Біздің елімізде әр институт өзінің тұқым жинақтап, осы байлықты сақтауға мүмкіндігінше тырысады. Бірақ бұл мәселені шешпейді. Бізге бірыңғай тұқым сақтайтын база керек. Бұл мәселені әр түрлі ғалымдар үнемі көтереді, бірақ қойма салуға ресурстар берілмеуде.
Тегін жұмыс істеу
Материалдық-техникалық проблемалардан басқа, кадр мәселесі де маңызды болып тұр. Қазақстанның көптеген ғылыми орталықтарының жолы болды, 2018-2019 жылдары ҰАҒБО және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен олар 269 бюджеттік бағдарлама аясында техникалар мен жабдықтар сатып алуға жарғы капиталын толтыруға қаражат алды. Технология, тұқым тазалау техникасы тәрізді көптеген позициялар қамтылды. Мысалы, Қарағанды ауылшаруашылық-химия зауытында осы жылдың жазында тұқымдарды тазартуға арналған заманауи түрдегі тұқымды тазалайтын жабдық алынды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлер бақша өнімдерінің әр гектарынан 3 млн. теңге пайда тапты
Павлодар облысы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және басқа да ғылыми орталықтар өздерінің материалдық-техникалық жағдайларын жақсарта алды.
«Біз көптеген қажетті машиналар мен жабдықтар сатып алдық», - деді Дамир Қалдыбаев, Қарабалық АШӨ станциясының директоры (Қостанай облысы). «Бұл бізге соңғы екі құрғақшылық болған жылдары шығынды азайту арқылы өнімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Алайда ғылыми бағытты қаржыландыру мәселесі өзекті болып қала береді. Соңғы үш жылда, яғни 2015 жылдан 2017 жылға дейін бізге ғылымға 52 миллион, ал қазіргі кезге, яғни 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта 29 миллион теңге ғана берілді. Біздің қажеттілігіміз 100 миллион теңгеден асады. Сонымен, біз ғылымды өндірістік бөлімдер есебінен қолдап келеміз.
Дамир Қалдыбаев атап өткендей, қазір Қазақстандық ғылым негізінен кеңестік кезеңдегі ғылыми қордың арқасында жұмыс істеуде. Кейбір жағдайда ғана ардагерлер айналысады. Қарабалық ауылшаруашылық станциясында жас селекционерлер жұмыс істейді. Бірақ бұл ерекше жағдай. Алдағы уақытта, бұл буын кеткен кезде, жұмыс істейтін ешкім болмайтын да шығар. Ешкім тегін жұмыс істемейді ғой.
Керекті тапсырыс
Сарапшылар Қазақстан мен Өзбекстандағы ғылымды қаржыландыру тәсілдерін салыстыруды ұсынады. Егер салыстырсақ, аспан мен жердей. Көрші елде барлығы нақты жазылған: ғылымды қаржыландыру, материалдық-техникалық қолдау, оқыту, қаражат – бәрі анық. Тіпті жергілікті билік те өз аймақтарына қажетті ғылыми зерттеулер мен бағдараламларды қаржыландыруға байқау жариялауға құқылы.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қызылордалық фермерлер АӨК-ті қаржыландыруда несие алудың қиындығы жайлы айтуда
Қазақстанда, өкінішке орай, базалық қаржыландыру тек ғылыми орталықтардың әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерін ұстауға беріледі. Ал егер ғалым болмаса, онда директор не үшін керек? Бұл армиясы жоқ генерал тәрізді. Сондықтан сарапшылар бүкіл жүйені өзгертуді ұсынады.
- Қазір ҰАҒБО-да осы мәселені талқылау жүріп жатыр, - деді Дамир Қалдыбаев. - Біз алдағы үш жылда ғылымды қаржыландыру айтарлықтай артады деп үміттенеміз. Бізге ғалымдардың жалақысын екі-үш есе көтеру керек, әйтпесе ертең бізде жұмыс істейтін адам қалмайды.
Бақытжан Дүйсембеков ҚазҰҒЗИ-ға әсер ететін тағы бір проблема - жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға назар аудару жайын айтты. Қызылорда облысы, күріш өсіретін аймақ, өңірге қажетті кадрларды мақсатты түрде грант бойынша даярлауға мүмкіндігі жоқ. Яғни, Білім және ғылым министрлігі магистратура мен аспирантураға конкурс жариялайды, бірақ тізімде күріш өсірушілер жоқ.
- Біздің елде үш ірі ауылшаруашылық университеті бар – олардың кем дегенде біреуінде болса да осы сала үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша мамандар дайындауы керек, - деп есептейді Бақытжан Дүйсембеков. - Сонымен қатар басқа аймақтар үшін - мысалы, Шығыс Қазақстан облысы үшін майлы тұқым өсірушілер даярлау қажет. Бізде оқығысы келетін, жанып тұрған жастар жетерлік. Бірақ олар күріш селекциясына байланысты мамандық болмағандықтан, грант ұсынылатын басқа мамандықтарға оқуға түсуге мәжбүр.
Осы мәселелердің барлығын шешкенде ғана ғалымдарға қойып отырған мәселелерді орындауға мүмкіндік болады.