Қазақстанда ауыл шаруашылық алқаптарының құнарлылығы қалай артуда

Дақылдардың пісуін тездетуге, өнімділікті арттыруға және құрғақ жылдары да кепілдікпен өнім жинауға тыңайтқыштарды қолдану әсер етеді. Алайда, Қазақстанда оларды пайдалану ғылыми негізделген норманың төрттен біріне де жетпейді. Топырақты тыңайту қаншалықты қажет және агрохимиялық картограммаға субсидия алу керек пе деген мәселе биыл Азия агрохимиялық форумында талқыланды.

ҚР АШМ агротехнология және агрохимия бөлімінің бастығы Динара Ашимова Қазақстан Республикасында топырақтың құнарлылығын сақтау үшін жыл сайын 600 мыңға жуық тыңайтқыш енгізу қажет екенін айтты.Ал жердің құнарлылық деңгейін арттыру үшін белсенді заттапен 1 млн тоннаға жуық тыңайтқыш қажет екен. Бұл мөлшерде азотты тыңайтқыштардың үлесі 46%, фосфор - 53% және калий тыңайтқыштары - 1% құрайды.

Сонымен қатар, 2020 жылы фермерлер 600 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштарды қолданды немесе қажетті мөлшердің 23% -ын қосты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, соңғы 5 жылда егістік жерлердегі гумустың мөлшері орта есеппен 6,4% төмендеді. Фермерлерді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасында жыл сайын тыңайтқыш сатып алуға субсидия көлемі ұлғаяды. Биылғы жылы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 26,1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 2022 - 2026 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа ұлттық жобасы аясында фермерлерге елде жасалған тыңайтқыштарды сатып алуға субсидия беру тәсілдері ұсынылды. Субсидия бөлу қазіргі кездегідей, тыңайтқыш құнының 50% құрайды.

Тақырыпқа байланысты оқуҚР-да тыңайтқыш сатып алуда алдын –ала субсидия беріледі

 

Тыңайтқыш шығару

Қазіргі кезде отандық зауыттар тыңайтқыштарға деген қажеттіліктің 40% өндіруде. Елдегі ірі өндірушілер - Қазфосфат және ҚазАзот зауыттары. Қазфосфаттың бас директоры Мұқаш Искандировтың айтуынша, компания Қазақстанның фосфор тыңайтқыштарына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге дайын.

«Осы кезге дейін өткізілген форумдарда біз ғылыми негізделген нормалармен салыстырғанда Қазақстанда минералды тыңайтқыштарды қолданудың өте төмен екендігіне назар аудардық. ҚР ауыл шаруашылығының минералды тыңайтқыштарға деген жылдық қажеттілігі шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды, оның ішінде фосфор тыңайтқыштарының үлесі шамамен 51% болады. Біз өндіруші ретінде фосфат минералды тыңайтқыштарын өндіруді ұлғайтып жатырмыз, ал 2021 жылдың аяғында олар шамамен 1 млн тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін жаңа қуатты бар зауытты іске қосамыз деп ойлаймыз», - деді Мұқаш Искандиров.

 Тақырыпқа байланысты оқу: Қазфосфат жыл соңына дейін тыңайтқыш өндіруді арттырып, 1 млн тоннаға дейін жеткізеді

Компания сонымен қатар мелиорация бағдарламасына қолдау көрсетеді және ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне фосфогипсті тегін үлестіруге дайын, бұл топырақты тұзданудан сақтауға көмектеседі. Атап айтқанда, Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне фосфогипс жіберу үшін арнайы бағдарлама жасалды.

 

Картограмма және субсидия мәселесі

Сонымен қатар, бүгінгі таңда фермерлер үшін өзекті мәселелердің бірі – Ауыл шаруашылық министрлігінің тыңайтқыш сатып алуға субсидия алу үшін агрохимиялық картограмма беру туралы талабы. Аталған шарт ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, бірақ ескертулерге қарамастан, фермерлердің көпшілігі дайын болмады. Көптеген өтініштерге байланысты министрлік норманы тағы екі жылға кейінге қалдыруды қарастыруға келісті. Бірақ шешім қабылданғанға дейін бөлімнің ескеруі бойынша, субсидия алуға өтініш берген кезде картограмма қажет.

Тақырыпқа байланысты оқуСубсидия алуда  картограмма талап ету ережесі әлі жарамды

Қазақстанда агрохимиялық сараптама жүргізу үшін 30-ға жуық зертхана аккредиттелген. Сондай-ақ, былтырдан бастап инвестициялық субсидиялар аясында жабдықтар, машиналар мен құрылғылар сатып алу кезінде шығындардың 25% өтеу арқылы жаңа зертханаларды құруға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.

Топыраққа агрохимиялық талдау  жүргізу туралы «Агромарт» ЖК иесі  Анастасия Губайдуллина жан-жақты айтып берді. Сарапшылардың пікірінше, гумустың деңгейі соңғы онжылдықта 20-30% -ға төмендеген. Орташа алғанда, гумустың деңгейі төмен топырақ көлемі 46% болады, өте төмен - 25%, ал гумустың жоғары деңгейі егістік алқаптардың тек 5% құрайды.

Агромарт зертханасы негізінен Алматы облысында жұмыс істейді. Мұнда тыңайтқыш   қажеттілігі 275 мың тонна мөлшерінде, ал қазіргі кезде норма бойынша тек 12% ғана қолданылады. Аталған аймақтағы зерттелген ауыл шаруашылық жерлерінің көпшілігінде фосфор мөлшері өте төмен - 36%, жалпы жердің 23% - аз мөлшерде бар, 28% орташа көлемде. Жердің көп бөлігінде калий мөлшері жоғары, ал - 7,2% оның мөлшері өте төмен болып табылады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Сарапшылар Алматы облысындағы топырақ құнарлылығын анықтады

Егістік алқаптардағы нитрат азотының мөлшері әртүрлі және осы тыңайтқыштың қажеттілігін анықтау үшін алдын-ала талдау қажет.

«Біздің аймақтағы климаттық жағдай күрделі, ылғал аз болады, осындай жерге егін егіледі, сондықтан Алматы облысының аумағына фосфор тыңайтқыштарын енгізу ұсынылады», - деді Анастасия Губайдуллина.

 

Аммофос және егін түсімі

Сарапшының ұсыныстарын Алматы облысында орналасқан шаруа қожалығының басшысы Герман Нам қолдады. Ол тыңайтқыштарды қолдану соңғы жылдары аймақта орын алған құрғақшылық жағдайында кепілдендірілген өнім алуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Фосфор – дақылдардың өсуі мен дамуын реттейтін негізгі қоректік заттардың бірі. Атап айтқанда, қант қызылшасында, картопта крахмалда қантты осы арқылы көбейтуге болады. Фосфордың жетіспеушілігі өсудің баяулауын және дамудың кешеуілдеуіне әкеледі, ал артық мөлшері, керісінше, ерте дамуға және ерте жеміс беруге әкеледі, сол арқылы өнімді азайтады. Бірақ соңғы жылдардағы құрғақшылық немесе жазғы аптап ыстық жағдайында осы факторды да сол дәнді дақылдарды өсіру кезінде,қолданылуда, алайда кепілді түрде өнім алу үшін фосфор арқылы өнімді көбейтуге қолдануға болады», - дейді фермер.

 Тақырыпқа байланысты оқуФосфорлы тыңайтқыш арқылы құрғақшылық кезінде қалай жақсы өнім алуға болады

Герман Нам фосфор ылғалды үнемді пайдалануға ықпал ететіндігін, құрғақшылыққа төтеп беретіндігін, қыста мезгілінде ауруға төзімділікті арттыратынын баса айтты.

Ақмола облысындағы «Сапа Грейн» ЖШС басшысы Далел Джүзбаев аммофосты қолданудың экономикалық тиімділігі туралы өз шаруашылығын мысалға келтіре отырып айтты. Оның айтуынша, шаруа қожалығының жері 30 жылдай мүлдем тыңайтылмаған, ал 2019 жылы алғаш рет 1 га алқапқа 80 кг мөлшерінде фосфор тыңайтқыштары себілген, тыңайтылған. Бұл мөлшер төмен доза болып саналады, дегенмен өткен күзде алқаптан жақсы өнім алынып, шамамен 10 ц / га болған. Биыл 2 000 гектардан астам алқап тыңайтылған, онда аммофос 1 гектарға 100-ден 150 кг-ға дейін енгізілді. Бұл алқаптарға келесі жылы егілетін болады. Сондай-ақ, көктемде аммиак селитрасын енгізу жоспарлануда.

Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлер тыңайтқыш пайдалану арқылы түсетін пайда мөлшерін есептеді

«Биыл біз азотқа фосфор қосып, бірге пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біздің аймақта топырақ өте нашар, ұзақ уақыт бойы тыңайтқыштар енгізілмеген. Бұл біздің алғашқы тәжірибеміз. Өткен жылы ең нашар өнім мөлшері 8-10 ц / га болды. Фосфор енгізілген жерден біз 20 центнер алдық. Бидайдың ағымдағы құны бойынша гектарына 80 кг мөлшерінде аммофос қолданудан түскен таза пайда гектарына 76 мың теңгені құрады», - деп ойын айтты Дәлел Джүзбаев.

 

Светлана Калинкина

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.