Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстан фермерлері егістікті суару жүйесінсіз жұмыс істей алмайды
Климаттық өзгерістер барған сайын бүкіл әлемнің фермерлеріне әсерін тигізуде. Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы, өсімдіктердің дамуы үшін қолайлы жағдайдың туындауының орнына біз қиын кезеңдерді көріп отырмыз. Нәтижесінде біреулер су тасқынынан, біреулер құрғақшылықтан зардап шегеді. Қазақстан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін жауын-шашынның жеткіліксіздігі мәселесі күрделі болып табылатын өңірлердің қатарында тұр. Мамандар бұл тығырықтан шығудың тек бір жолын айтуда, ол - суармалы егіншілікті дамыту.
Қазақстанда суаруды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасына сәйкес, алқаптардың көлемі 2030 жылға қарай қазіргі 1,4 млн гектардан 3,5 млн гектарға дейін өседі деп болжануда.
Биылғы маусымда Солтүстік Қазақстан облысынан экологиялық таза картоп өсірумен айналысатын «Стрелец» шаруашылығы осындай суару тәсіліне көшті. Шаруашылық жетекшісі Андрей Стрельецпен (суретте) сұхбаттасып, осындай шешім қабылдауының себебі туралы әңгімелестік.
- Бізде екінші жыл қатарынан құрғақшылық болуда, - деді фермер. - Биылғы маусымда ол өте қатты білінуде және өткен жылмен салыстырғанда үш апта бұрын басталды. Мәселе барлық өңірлерге қатысты болды. Иә, Маңғыстауда, Қызылордада жағдай мүлдем күрделі болды дейді, бірақ бізде де көптеген фермерлер зардап шекті. Сондықтан да мен өткен маусымдағы қателіктерді қайталамау жайлы шешім қабылдадым. Оның үстіне проблемаларды білесіз. Мамыр айының соңында біз «Қазагроқаржы» арқылы Irtec суару катушкасын лизингке алып, рәсімдедік.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да жаңадан салынатын су қоймалары арқылы 195 мың. га суарылатын болады
Бұл ретте фермерді жауын-шашынның қазіргі проблемаларының себептері алаңдатып отырған жоқ (бұл жаһандық климаттың өзгеруі ме, әлде белгілі бір циклдің құрғақ кезеңі ме). Ал ол жаңа өмір шындығына бейімделіп, ылғал тапшылығы үнемі осылай болады дегенді білдіреді.
- Әрине, болып жатқан оқиғалардың нақты себептерін айту үшін ондаған жылдарға терең талдау жасау керек, - деп түсіндірді Андрей Стрелец. - Бірақ менің ойымша, ауа райы бізде енді алдағы уақытта әрқашан осылаай болады. Бәлкім, жыл сайын соншалықты құрғақшылық болмайтын шығар, бірақ, дегенмен, бұл мәселе тұрақты түрде болады.
Жұмсалған шығын тез ақталады
Андрей Стрелец суаруға қаржы жұмсағанына еш өкінбейді. Бұл шешімнің пайдасы шығындарды тез жабады. Өйткені суаруда өсірілген егіннің көлемі онсыз орташа есеппен екі есе көп.
Тақырыпқа байланысты оқу: Экология министрлігі вегетациялық кезеңнің қорытындысын шығарды
- Элита класындағы картоптың 20 тонна тұқымын сатып алып, суару құралдарын орнатты, - деді Андрей Стрелец. - Сондықтан гектарына 30 тоннадан жоғары өнім аламыз деп күтемін. Ал менің кейбір алқаптарда жұмыс істейтін көптеген таныстарымның биыл еккен картоптары тіпті шықпай қалды. Немесе тамыз айында ғана аздап өне бастады. Ал менің егінім өткен жылға қарағанда жақсы болады. Мен қазір картоп жинайтын боламын, бірақ қабығы әлі жұқа және ол көктеу, жапырағы әлі де өсіп тұр. Ал маған - ол неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Жинау үшін менің заманауи комбайным бар.
Сонымен қатар, «Қазагроқаржы» арқылы фермер John Deere тракторын алды. Егер бұрын 50 га жерге картопты 10 күн бойы ескі техникамен отырғызса, енді оны бір-ақ күнде отырғызып шығады. Солярка мен уақытты осылайша үнемдеуге болады!
Тақырыпқа байланысты оқу: Жамбыл облысында жер асты суларын іздестіретін болады
Есіл өзені Солтүстік Қазақстан облысы жерінен ағып өтеді. Сондай-ақ мұнда көптеген көлдер бар. Сондықтан суармалы судың ресурсы жеткілікті. Қазіргі кезде су баршылық.
- Біз жобаға тапсырыс бердік, келісу рәсімінен өттік, суаруға рұқсат алдық, - деді Андрей Стрелец. - Сосын су құбырын жүргіздік. Енді, егер мүмкіндік болса, кеңейтеміз - аудан әкімдігі бізге тағы да жер бөлуге уәде берді. Қанша бөлсе де, 100 болса да, 200 га болса да, мен де бірден суару жүйесін орнататын боламын. Себебі бұл жағдайда кепілдендірілген түрде өнім алуға болады. Әрине, бұрынғысынша түрлі табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді боламын, бірақ жаңбырға емес. Менде ылғалдың жетіспеушілігі болмайды.
Суға бөлінетін бюджет
Суару құбырларын жүргізу, әрине арзан қаражат емес. Барлық қажетті материалдардың бағасы былтырдан бері қымбаттап кетті.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ақтөбе облысында 10,6 мың. га суармалы жер қалпына келтірілетін болады
- Мұндағы құбырлар, гидранттар, фитингтер, қосатын құралдар - мұның бәрі өте қымбат, - деп түсіндірді Андрей Стрелец. – Әр жерде баға әртүрлі, сондықтан біз қайдан және нені жақсы бағамен сатып алуға болатындығын іздестірдік. Құбырды біздің облыстан, зауыттан сатып алдық - ол белгілі бір қысымға төтеп беруі тиіс. Фитингтерді Алматыдан сатып алды. Резинкалар, есептегіш құралдарды- Көкшетаудан алды. Осы құбырдың барлығы 3 млн теңге болды. Тағы 300 мың теңге суаруға рұқсат алу үшін төледік. Екі жұмысшыны жалдап, монтаждау жұмыстарын жүргізді. Олар бәрін дұрыс қойған сияқты, бірақ біз суды қосқан кезде су барлық саңылаулардан, әр қосылыстан ағып кетті. Бөлшектеп, қайта жасауға тура келді. Сондықтан мен өзім жаңа мамандықты игердім - құбырларды монтаждаушы.
Көп шығын жұмсалатындыты ескере отырып, әрбір фермер өзіне суару жүйесін жүргізе алмайды. Андрей Стрелецтің өзі ауданда суармалы құбырлары бар фермерлерді саусақпен санауға болатынын мойындайды.
- Мұндай суармалы катушкалар, меніңше, үш шаруашылықта ғана бар, - деді ол.
Ілгері жылжу
Қазір бұл шаруашылықта суару жүйесімен қатар алқаптарының көлемі де кеңеюде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Картоп бағасы бір айда 11,5% арзандады
- Шаруашылықтың кеңеюі қажет, сондықтан мен тағы жер бөлуді сұрап, суару жүйесін жүргіздім, - деп түсіндірді Андрей Стрелец. - Қазір 35 га жерді буға дайындадым, келесі жылы картоп отырғызамын. Яғни, келесі жылы менде қосымша алқап қалмайды. Егер қосымша жер болмаса, онда шаруашылық одан әрі дамымайды.
Биыл аталған шаруашылық картоптың жаңа сұрыптарын отырғызып тәжірибе жүргізбеді. Алдағы 4 жылда «Гала» сортымен айналысу туралы шешім қабылданды.
Биыл шаруашылық картоптарын экспортқа сатқан жоқ, себебі тұқым және чипс сорттары бойынша Ресей төмен баға белгілеп, Түркіменстан олардан сатып алды. Ал жалпы алғанда, Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасымен бұрын-соңды болмаған бағамен сатылуда.
- Енді не болатыны да белгісіз? Картоптың ең төменгі бағасы бір килограммы 110 теңге болады деп ойлаймын, - деді Андрей Стрелец. - Айталық, Қостанайда үш апта бұрын картоп қазыла бастаған кезде бағасы 85 теңге болатын. 10 күннен кейін 110-ға жетті. Әдетте баға төмен болуы тиіс еді, яғни бұл елде картоп аз екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, шенеуніктіктердің айтатын көрсеткіштер мен өмірдегі шынайы есеп бір-бірінен өзгеше екенін есте ұстаған жөн.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда қарақұмықтан көп өнім жиналады
Елдегі ауа-райына байланысты қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан, фермер болашаққа сеніммен қарайды.
- Үкімет жер берсе –шаруашылықты кеңейтеміз, бермесе – барымен базар болып, бар алқапқа тұқым отырғызамыз, - деп қорытындылады ойын Андрей Стрелец. – Мұндай күрделі жағдай соңғы рет болып жатқан жоқ. Алдағы уақытта қиын маусымдар тағы да болады және олар әрқашан шаруашылықтың жағдайын көрсететін болады. Не сен ары қарай қадам басып, дамисың, не тоқтап, тоқырауға ұшырайсың. Үшінші жол жоқ. Мұндай қиын кезде шаруашылықтардың 90% -ы тоқырап, тек 10% -ы ғана ілгері дамитын болады. Мен осы 10% топтың қатарына кіргім келеді, сондықтан суару жүйесін қостырып ілгері талпынудамын.