Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Геннадий Зенченко: «Бұл апатты жағдай». АгроКараван Сүт 2021, 8 күн
«Зенченко и К» ШҚ құрамына кіретін «Иван Зенченко» фермасына АгроКараван шеруінің алтыншы күні сайт ұжымы барды. Бұл Қазақстандағы ірі сүт өндіретін шаруашылық, оның жеті сүт фермасы және Петропавлда сүт өңдеу зауыты бар.
Кәсіпорынды аралау кезінде ElDala.kz командасы компанияның бас директоры Геннадием Зенченкомен тек сүт туралы ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы, жемшөп тапшылығы және қазіргі мемлекеттік қолдау жүйесі жайлы сұхбаттасты.
Барлық сұхбатты келесі сайттан көруге болады:
«Мамандар өте аз»
- Бұл ферма менің туған жерімде, бұрынғы «Ленинский» совхозында ұйымдастырылды, қазір ол «Ленинское» ауылы деп аталады. Мұндағы шаруашылықтың аты «Иван Зенченко». Бұл атау - кеңшардың директоры болған атамның құрметіне қойылған, ұлым - Иван, солардың атымен байланысты аталған. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында орналасқан ферма - бұл біздің екінші кешеніміз. Біріншісін біз үш жыл бұрын 15 шақырым жердегі Рублевка ауылында іске қостық. Онда бізде сауын табынының шлейфі - 650 бас мал бар, Рублев кешеніндегі малдың жалпы саны - 1200 бас. Бұл кешенді біз 2020 жылдың маусым айында сала бастадық, ал қараша айында алғашқы малдарды сауа бастадық. Бавариядан 400 сауын сиыр алынды. Біздің жерге келген соң олар бұзаулай бастады, алғашқы сүтті де осы жерден ала бастадық.
Тақырыпқа байланысты оқу: Симментал vs Голштин. АгроКараван Сүт 2021, 5 күн
- Қазір «Иван Зенченко» ЖШС-да неше бас мал бар?
– Жоспар бойынша кешенге бар болғаны 2200 бас, оның ішінде 1200 сауынды сиыр болуы тиіс. Сондықтан мұнда Westfalia компаниясының 28 орындық «Карусель» құрылғысы орналастырылған. Бүгінгі таңда мұнда 600 бас сиыр сауылып жатыр, біз қазір 400 бас сиырды әкелуді күтіп отырмыз.
- Сіз неге фермаңызға симменталь тұқымды сиырды таңдадыңыз?
- Ашығын айтқанда, бүгінде бізде малдарға жақсы қарап, күтім жасап, рациондар жасай алатын мамандар өте аз, біздің - голштино-фриз тұқымына, яғни «мерседес» сиырларымызға қарайтын адамдар керек. Иә, бұл тұқым шын мәнінде сүт фабрикасы тәрізді және біз де сүтті көбірек алғымыз келеді. Рубль кешені бойынша да, Новоникольский бойынша да көрсеткіштер бойынша - симменталдардан бізде маусымда 8200-ден 8500 литрге дейін тұрақты түрде сүт аламыз. Бұл ретте симменталдардың голштиндермен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар – малдардың күй-жайы, өмір сүру ұзақтығы, ұрықтануы, қалыпты өсуі басқаша. Ең бастысы, аятарында ешқандай ақауы проблемасы жоқ. Бұл мал біздің совет заманында болған аяғы мықты қара-көк малымызға ұқсайды.
Әрине, біз ол кезде малдарға дұрыс азық бере алмадық. Бәлкім, біз сол кезде қазір үйренген тәжірибемізді, мектепті өтсек... бәрі басқаша болар еді. Сиырдың астауына жайылымда кездесетін барлық жем-шөптің бәрін беру керек.
Бұл ретте 7-8 мың литрлік сүт саууға қажетті рационды сиыр даладан ешқашан таба алмайтынын түсінеміз. Сондықтан біз малды жыл бойы қолда ұстаймыз. Бүгінгі таңда бұл кешен бес бөлімнен тұрады олар: сиыр тұратын төрт қора және бұзау тұратын бір қора, сондай-ақ біз тұрған сиыр бұзаулайтын және сиырды сауатын қора бар.
- Сіздер бір сиырдан тәулігіне неше литр сүт аласыздар?
- Бірінші жылы сиырды толықтай саумауға тырысамыз. Мұқият режимде ұстаймыз 2-3 айлық құнажынды күні бойы үш рет сауамыз, содан кейін оны екі есе арттырамыз. Егер бүгін Рублевка туралы айтатын болсақ, онда 3,5 жылда симменталдарды лактация үшін әр бас сиырдан 8400 литр сүт аламыз.
Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылғы Қазақстандағы ТОП-50 сүт өндіруші компаниялар
Бұл ретте симменталдар сүтінің өзіндік құны ең төмен: біз есептеп көріп, келесідей қорытынды алдық. 12 айда бұзаулардың салмағы 500 келіге жетеді. Бұл субсидиялау бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда сәйкес келеді. Егер малды өткізу керек болса, анда олар 12 айда 400 келіден кем болмауы тиіс. Міне, осы көрсеткіштерге біздің малдар сәйкес келеді.
«Иван Зенченко» кешені жайлы айтар болсақ, бүгінгі таңда бір сиырдан тәулігіне 24 литр сүт аламыз.
Рублевкада - 28 литр. Онда үлкен табын бар, 650-700 сиырды біз қарапайым «Елочкада» 2-ден 12-ге дейін сауамыз. Ал мұнда «Карусель» бар, сондықтан бұл жердегі кешенді кеңейту туралы шешім қабылдадық.
Бұл кешен, біздің ашқан жетінші фермамыз, бұл соңғы балады деп үміттенемін! Ең бастысы, біз осы ауылдарымызға жұмыс орындарын береміз. Бүгіндері осыншама жүктеме болғанымен, осындай көлемде сүт аламыз, мұнда адамдар 180-ден 250 мың теңгеге дейін жалақы алады.
- Мұнда қанша адам жұмыс істейді?
- Кешенде жыл бойы 28 адам жұмыс істейді. Оның ішінде жемшөп дайындау бөлімі де бар.
«Малды сақтап қалуға тырысу керек»
- Биыл малдың жем-шөбін қалай дайындап жатырсыздар? Барлығы елдегі қиындық туралы айтуда.
- Шынын айтсақ, үш апта бұрын бізде қатты қобалжыған едік.
Бір кездері 8 жыл бұрын біз қатты қиын жағдайға тап болған едік. Ол кезде мен бүкіл Қазақстаннан азық іздеп, тек Иван Адамович Сауэрден ғана таптым, сол кісінің ғана көмектесетінін білген едім. Тіпті мал азығы бар шаруашылықтар да болдым, бірақ маған ешкім сатқан жоқ. Себебі ол кезде Кеңес Одағы емес болатын.
Тақырыпқа байланысты оқу: Иван Сауэр:кейбір адамдар мал азығын қымбаттатып, содан пайда табады
Сондықтан содан бері екі жылдық қор жинаймыз. Биылғы маусымда да жағдай оңай болмай тұр. Бірақ алдын ала азық дайындаған соң, аздап болса да уайымдамадық. Неге десеңіз? Өйткені біз жылына шамамен 70 мың тонна сүрлем тұтынатын болсақ, өткен жылы 120 мың тонна сүрлем дайындадық. Және бізде ауыспалы жем ретінде сүрлем барғ яғни бізде тұрақты түрде, жылдан жылға қалып отыратын жарты жылдық қор сақталады. Сондықтан бізде жемшөп мәселесі жоқ.
- Оның үстіне қазір жаңбыр жауып, жағдай жақсарды.
- 1986 жылдан бастап мен ауыл шаруашылығында істеп келемін, Солтүстік Қазақстанда мұндай жылды ешқашан көрген емеспін. Сіздер түсінулеріңіз үшін, 10 мамырда соңғы жаңбыр жауып, тек 10 шілдеде ғана біздің өңірде жауын-шашын болды, бірақ агроном 7,5 мм ғана өскені туралы айтты. Жағдай мәз емес.
Білесіз бе, мен осындайда бір оқиғаны жиі еске аламын: бір кездері Президентімізге біздің климаттық жағдайымыз бойынша аймағымыз - Канададағы Саскачеван провинциясымен бірдей. Біз ол жаққа әкемізбен бірге бардық, астықтың өсуі жағдайын қарадық! Біз олардың алқаптарының қалай өскенін түсіне алмадық. Кейіннен аңғардық.
Иә, біз жауын-шашын деңгейі бойынша Саскачеван сияқты екенбіз, бірақ олардың 250 мм жауын шашыны вегетациялық кезеңде, ал бізде - қармен бірге қосқанда жыл бойы осындай мөлшерде жауады. Сондықтан ол жер оазис болып саналады, ал бізде егіндік сап-сары дала. Айырмашылық бар.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мал азығы сүт фермаларының тиімділігін қалай арттырады
Неге біз әрдайым бар мәселе кеңес беріп, шешім қабылдаушыларға байланысты деп айтамыз. Қазір қиын, апатты жағдай болып тұр. Иә, апатты деп айтуға болады. Бірақ бастан кешкен осыған ұқсас жылдарды еске алсақ болады, сол кездері қалай әрекет еткенін еске түсірейік. Бұтақтарды да, қамысты да орып дайындайтын едік. Өз шаруашылығыңды құтқарғың келсе, әрекет етесің. Оның үстіне қазір мал жекеменшік, мал да мемлекеттікі емес, ол сенікі. Ал егер сен өз шаруашылығыңды, малыңды сақтай алмасаң, онда мұндай іспен айналысудың қажеті жоқ.
Сондықтан мен Иван Адамович Сауэрдің БАҚ-та жариялаған: малды құтқару үшін не істеу керек екендігіне байланысты ұсынысымен келісемін? Ақша бөлу керек, бірақ берілген адамдарға жауапкершілікті арту керек. Яғни саған ақша бердік пе? Мал азығын сатып ал, мал басын сақта, тіпті оны көбейт, өз көрсеткіштеріңді жақсарт деп талап қою қажет.
Ал егер бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзі шөп беріп, жемшөп, сүрлем алатын болса, бұл - дұрыс емес, біз онда дұрыс бағытта емеспіз деген сөз.
«Сауда саласында қиындықтар болады»
- Екінші өткір мәселе қазір бағаның көтерілуіне қатысты, - деп атап өтті Геннадий Зенченко. - Картоп пен сәбіз қымбаттады, қалғаны да қымбаттауда, бұл туралы бәрі айқайлап жар салып айтуда. Бірақ себебін ешкім түсінгісі келмейді ғой. Ал Иван Адамович Сауэр біз Нұр-Сұлтан қаласына 230 теңгеден бір литр сүт жеткізгенімізді айтуда.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да көкөніс бағасы шарықтады
- Яғни бағаны сауда желілері қосып, көтеруде ме?
- Иә, біздің өткізген сүттеріміз дүкен сөрелерінде 360 теңге тұрады. Бірақ бұл мәселені ешкім шешіп жатқан жоқ. Менен ауыл шаруашылығы министрлігі саласындағы бір басша баға неге өсіп жатыр деп сұрады. Мен Қарағандыдағы бір дүкенге кіріп, сөредегі өнімдердің бағасын түсіріп және біздің бағаларымыз жазылған прайсты салып жібердім.
Бір литр сүтке - 150 теңге қосады. Сонда бағаның өсіп жатқандығына кім кінәлі? Кім кінәлі екендігі айдан анық. Бірақ, блогерлер «колхозшылар» субсидия алады, ал бағалар бәрібір өсіп жатыр дейді. Жарайды, субсидияларды алып тастасын, бірақ бізге бағаны көтермейміз деген меморандумдарға қол қоюға мәжбүрлемей, еркін сауда жасауға мүмкіндік берсе болды.
Бірақ мәселе бізде емес қой, мәселе - сауда желілерінде. Егер біз оларды орнына қоймасақ, жағдай одан да жаман болады.
Өйткені, бүгінде сөрелерде соншалықты пайда табатындай қазақстандық өнімнің көлемі онша көп емес қой. Беларусь өнімдері, украиндық, ресейлік және импорттық басқа да өнімдер бар. Соларға үстеме баға қосып, содан пайда табу керек. Облыстың әрбір әкімі үлкен сауда желілерінің басшыларын шақырып, бағаны қымбаттатпауды тапсыру керек. Біздің қазақстандықтардың өнімдері сөреде алдыңғы қатарда тұруы керек және бұл өнімнің үстеме бағасы 5% -дан аспауы тиіс. Міне, сол кезде біз халықтың көзіне ұялмай тіке қарай аламыз.
Жем-шөп маселесіне оралып айтар болсақ, олар да қымбаттады. Президент өз үндеуінде министрді қызметінен түсірген кезде, Маңғыстау облысындағы шөп тоннасының құны 40 мың теңге болуы керек екенін айтты. Ал қазір Солтүстік Қазақстан облысында шөптің құны 50 мың теңге тұрады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Маңғыстау облысының әкімі аймаққа мал азығын жеткізуге субсидия бөлуді сұрауда
Бірақ айналада орманның ішінде өскен шөп белуардан келеді. Тіпті менің пішенім де шашылып жатады, мен – жекеменшік шаруашылықтар келіп, жинап алсын деймін. Бірақ ешқайсысы келіп жұмыс істегісі келмейді! Бәрі жақсы айқайлайды. Сонда не үшін айқайлайды? Жайылым жетіспейді, мал азығы жетіспейді дейді. Кешіріңіз, адам мал ұстап отырған соң оған күтім жасауы керек емес пе. Егіер автокөлігі болса, оған жанармай құю керектігін, майын және басқаларын ауыстыру керектігін біледі. Сиырды ұстаған кезде де сондай жағдай, оның жем-шөбін дайындау керек, оның малына мемлекет көмектеспегендіктен қырылып жатыр деп айқайламау керек. Бұл сәл дұрыс емес түсінік. Егер біз еркіндікті, жеке меншікті қаласақ, меншік иелері сияқты жұмыс істеуіміз керек.
Ауыл шаруашылығы министрі қандай да бір жеке кәсіпорынға, онда мал қырылып жатқаны үшін неге жауап береді? Егер ол шаруашылықтың иесі жауапсыз болса, егер ол мұндай жағдайға жол берсе, оған жауап беретін ешкім жоқ болса және мұны бүкіл республикаға «апат» деп айқайлаудың қажеті жоқ!
Біз- «Эталон» компаниясынан үлгі алуымыз керек. Олар жүгерінің өспейтінін көріп, сенажға жинайды, бірден оның орнына азық қоры ретінде қысқа дайындау үшін рапс егеді. Міне, олар нағыз шаруашылықтың қожайыны деп айтуға болады!
«Шаруашылықтың иесі ауылда тұруы тиіс»
-Бізді жиі кінәлайтын мемлекеттік қолдауға қатысты айтар болсақ, - деді Геннадий Зенченко. - Қараңыз, қазір біз жетінші кешенде тұрмыз. Ал 2004 жылы бізде тек Қызылжар ауданында ғана мал шаруашылығы болды және жылына небәрі 4500 тонна сүт алдық. Ал, 2020 жылы біз 32 мың сүт саудық, алдағы уақытта 36 мың сүт алуды жоспарлап отырмыз.
Мен бюджеттен ақша босқа кетіп жатыр дейтін блогерлерге айтқым келеді - кешіріңіздер, қандай болсада біздің компания 14 жыл ішінде 30 мың тонна сүтке жетті. Бұл - біздің шаруашылығымыз да ғана емес. Міне, бұл – берілген субсидиялардың жұмыс істеп жатқандығының дәлелі бола алады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Арал маңындағы оазис, АгроКараван Сүт, 2 күн
Мемлекеттің қолдауының арқасында біз жаңа заманауи құрал-жабдықтарды сатып алу мүмкіндігіне ие болып отырмыз, ол жұмыс күші аз, мамандар тапшылығы кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Иә, бүгінде сауыншылар да, малшылар да, бригадирлер де, ветдәрігерлер де тапшы. Дегенмен, бізде тіпті малшы да бүгінде 180 мың теңге алады. Бұл аз жалақы емес деп ойлаймын, қала тұрғындары үшін бұл елеулі жалақы. Ал бізде үйден 2 шақырым жерде жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Ауысым - зауыттағыдай, жеті сағат. Тағы қандай жағдай керек?
Иә, барлық субсидияларды пайдаланатын, бірақ дұрыс бағытта дамымайтын шаруашылықтар бар. Елде жақсы сөз бар емес пе: кім жұмыс істемесе, ол қателік жасамайды. Сондықтан бізде қателіктер болады және біз оларды түзетуіміз керек
Тақырыпқа байланысты оқу: Көшбасшының үйінде қонақта. АгроКараван Сүт 2021, 6 күн
Ал сүтті мал шаруашылығының болашағы жақсы, әсіресе мемлекеттің қазіргідей қолдауы жасалып жатқанда дамуға барлық мүмкіндік бар. Қазір оның қаншалықты пайдалы екенін тек жалқауадам ғана түсінбей қалуы мүмкін.
- Қазір тек жұмыс істеу керек.
- Иә, бірақ, қалай жұмыс істеу керек, жұмыстан шығу керек деген сөз емес. Сондықтан бұл жерде барлығын ескеру қажет. Ал оны дәлелдейтін жақсы мысалдар өте көп. Бұл «Зенченко мен К» шаруашылығы ғана емес, «Родина», «Айс», «Галицкое», және «Камышинское» шаруашылықтары жайлы айтуға болады.Бұл шаруашылықтар күндіз-түні еңбек етуде, сондықтан да барлығы ақша табады. Міне, осындай шаруашылықтарға мұндай апаттар қорқынышты емес және олар тоқтамайды. Бүгінгі ауыл шаруашылығының қолдауымен алға жылжуға болады, әрине ертең басқа көшбасшы келеді. Сондықтан біз еңбек етеміз, міндетті түрде еңбек етеміз және тағы да еңбек етеміз. Тағы да айтарым, шаруашылықтың иесі өз адамдарымен өз ауылында тұруы керек! Сонда ғана нәтиже болады.