Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Еркін Тәтішев: Жер-ананы күтіп, баптап қарау-дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі
Жерге қатысты реформа аграрлық сала қызметкерлері үшін ғана емес, қарапайым азаматтарды да мазалайтын ең өзекті мәселе болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, 25 наурызда Жер реформасы жөнінде комиссия өз жұмысын қайта бастады, отырыс барысында ауылшаруашылық жерлерін пайдалану шарттары, лизинг мерзімі және оны ұзарту тәртібі талқыланды. Біршама шешімдер қабылданды, кейбір мәселелер әлі де талқылануда.
Kusto Group директорлар кеңесінің төрағасы, басқа бағыттағы жұмыстармен қатар ауылшаруашылық бизнесімен де айналысатын Еркін Тәтішев ElDala.kz порталына ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру және дұрыс пайдаланудың тәсілдері туралы өзінің пікірімен бөлісті. Оның көзқарасы өте қызықықты, себебі Kusto Group Украинаның аграрлық саласында үлкен тәжірибесі бар компания.
Барлық видео форматтағы сұхбаттарды мына жерден көруге болады:
Аудио форматтағы сұхбатты мына жерден тыңдауға болады:
«Өзің жасамаған нәрсеге иелік ете алмайсың»
- Сәлеметсіз бе, Еркін! Мен сұхбатымызды қазіргі таңда шешіліп қойылған мәселеден бастағым келіп отыр,ол - шетелдіктердің Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерін иеленуіне және жалға алуына тыйым салу. Сіздің ойыңызша, бұл шешім дұрыс па және де бұл Қазақстанның инвестициялық ахуалына кері әсерін тигізбей ме?
- Сәлеметсіз бе, Сергей! ElDala.kz арнасының барлық көрермендеріне қайырлы күн дегім келеді! Шақырғаныңызға рахмет! Менің ойымша, қазір ауыл шаруашылығымен, агроөнеркәсіппен байланысы бар көптеген сарапшылар, кәсіпкерлер, саясаткерлер тыйым салу туралы шешімге баға беріп жатыр. Әрине, бұл шешім Қазақстандағы шетелдіктерге жер беру туралы пікірлер айтылып, елдің ашуы байқалған кезде қабылданған шешім.
Егер тереңірек қарайтын болсақ, онда Қазақстандағы жерге деген көзқарас, жерде жұмыс істеу, бизнес жасау және жердің экологиялық тазалғы - мұның бәрі жеткілікті деңгейде бағаланбай отыр деп ойлаймын. Яғни, жердің құндылығы жойылып бара жатқандай. Ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан жеріміз емес пе. Мәселенің ушығып бара жатқандығы соншалықты оны шешу оңай іс емес. Шындығында, бұл әңгіме тарихпен, жерімізді қорғаған батырлардың қанымен және басқа да көптеген нәрселерге байланысты.
Тақырыпқа байланысты оқу: Жер мұраға қалуы тиіс пе әлде жеке меншік болуы керек пе?
Жер ғимарат тәрізді немесе кейбір кен орындары сияқты экономикалық айналымға оңай енгізілмейді. Ол неге байланысты десеңіз? Біз жерді қолымызбен жасаған жоқпыз.
Мен жерге қатысты мәселеге философиялық көзқараспен қараймын: менің ойымша өз қолыңмен жасамаған нәрсенің иесі бола алмайсың. Біз бәріміз құлдыққа қарсымыз, өйткені адамды жаратқан Құдай. Сондықтан, оны басқа адам иелене алмайды. Әлемде құлдық жоқ, бұл үшін мыңдаған жылдар, ғасырлар бойы күресті емес пе, сайып келгенде бұл идея жеңді, жер бетінде құлдыққа тыйым салынған. Егер бір жерде құлдықтың кейбір түрлері пайда бола бастаса, онда халық ашуланып, наразылық білдіреді, әрбірден соң соғыстың басталып кетуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Жер мәселесі де тура сол - біз оны өз күшімізбен-қолымызбен жасаған жоқпыз. Адам үйді сала алады, ағаш өсіреді, зауыт, фабриканы да соғып ала алады. Кен байлығын табу- бұл өз қолыңызда, ресурс, технология, ғылым, ақыл-ой, команда арқылы жасауға болады. Иә,сондықтан да бұл сізге тиесілі. Яғни, философиялық тұрғыдан, өзіңіз жасаған еңбегіңіздің нәтижелерін иеленуге ғана құқығыңыз бар деп есептеймін.
Жер бізге табиғаттан, Құдайдан, бабалардан қалған мұра. Осыған байланысты, егер біреу оған мәңгілікке иелік ету құқығын алғысы келетін болса, ол ақылға сыймайтын жағдай.Ол оны жаратқан жоқ, сонда тау, өзен немесе жерді қалайша мәңгілік иеленуге болады? Бұл жағдай мен үшін таңқаларлық дүние.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да ауыл шаруашылық жерлерді сатуға мораторий 5 жылға ұзартылды
Біз тарихқа көз жүгіртсек, алғаш рет жер мәселесі қайда туындады? Еуропада. Ондағы барлық жер кімге тиесілі болды?
- Феодалдарға.
- Иә, ақсүйектердің меншігінде болды. Ал қалғандары соларға жұмыс істеді немесе қызмет етті. Содан олар ашығып, өле бастады, себебі олардың еңбегінің барлық жемісін жоғарыдағылар көрді. Мұның бәрі қалай аяқталды десек? Революция және жаппай эмиграция болды. Жерсіз қалған Еуропалықтар тиесілі жер алу үшін Америкаға қарай ағыла бастады. Онда үнді тайпалары өмір сүрді. Еуропалықтар өздерінің қағидалары бойынша, көрген нәрсенің бәрін иемденіп, алғылары келді. Үнді тайпалары мұны түсінбеді - бұл қалайша, «сенікі» болады деген пікірде болды? Сені Құдай жаратты, сен бұл жерде қонақсың.
Жерге деген жеке меншік осылай пайда болды. Сонымен, жер экономикалық айналымға, капитализмге және жерге жеке меншік - аксиома сияқты еніп қала берді. Мен әдетте тыйым салуға қарсымын, бірақ жерді сатуға болмайды деген пікірге қосыламын. Жер мәселесін біз өзіміз Қазақстан аумағында халық ретінде өз бетімізше шешуге тиіспіз, сонымен қатар, жердің құнын білуіміз керек, дұрыс көзқарасты қалыптастыруымыз қажет, Американың тәжірибесіне сүйенудің керегі жоқ. Әр елдің салты басқа, өз тарихы бар, біз басқалардың істегенін қайталай алмаймыз, өз дәстүрімізге қарай бейімдеп жасауымыз керек.
Осыған байланысты біздің Украинадағы жұмыс тәжірибеміз жайлы айтуға болады. Біз онда жерді жалға алып жұмыс істейміз. Бұрынғы колхоздар мен совхоздардан жер үлестері берілген, соның шағын жеке меншік иелері бар. Олар өз акцияларын бізге ұзақ мерзімді жалға береді. Жалға алуда әр компанияның өз ерекшеліктері бар, әрқайсысы өз акционерлер тобымен әртүрлі тәсілдермен келіссөздер жүргізеді. Онда барлық шетелдік инвесторлар осы шарттармен жұмыс істейді. Американдық болсаңыз да, басқа мемлекет азаматы болсаңыз да тәртіп біреу. Бизнесті осы талаптар бойынша жасай аласыз. Акционерлермен қарым-қатынаста әртүрлі мәселелер туындайды, бірақ, негізінен украина жері дұрыс қолданылды және агроөнеркәсіп қазір оның жақсы дамып келеді. Бұл Украинаның ЖІӨ-нің 20% -ын береді. Ал Қазақстанда ауылшаруашылығы ЖІӨ-нің 5% -ын береді, дегенмен бұл елдің көлемі мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, көрсеткіш 50% болуы мүмкін.
Тақырыпқа байланысты оқу: Жерді жалға алушылармен мәселені шешу керек
Әр нәрсенің өз бағасы болуы керек, ал құны болмаған кезде, дұрыс көзқарас, технология, заң болмаған жағдайда жерге деген көзқарас та дұрыс болмайды - мұндай жағдайда қандайда бір шешім қабылдау ерте деп санаймын.
Қазір әлемде жай-қарапайым шешім қабылданбайды. Барлық шешімдер әр түрлі мүдделі тараптардың құқығын ескеруі керек. Қарапайым шешімдер дәуірі тек- «ақ-қара» ғана деген заман жоқ, аяқталды.
«Бізге қолайлы тәсіл қажет»
- Тағы да бір шешілмеген мәселе ол – жалға алу мерзіміне қатысты, осыған орай ұсынылған 49 жыл жалға беру әділетті деп ойлайсыз ба? Бұл уақыт инвестордың болашаққа сенімді болуына мүмкіндік бере ме? Осыған байланысты тағы бір сұрақ - жалдау мерзімін ұзарту автоматты түрде болуы керек пе әлде байқау арқылы таңдалғаны жөн бе?
- Бұл жағдайда дұрыс шешім табу да қиын. Бұл жалдау мерзіміне де қатысты. Берілген белгілі бір уақыт әрқашан сенімді емес. Біз бір ғасырлық өмір сүреміз деп ойлаймыз, бірақ алдымызда не болатынын білмейміз, бізге болашақ беймәлім. Сондықтан, мен жер қойнауын пайдалану саласындағы тәжірибемізге жүгінер едім. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімі - 25 жыл. Осы кезеңде сіз қазба байлықты игере аласыз, қажетті қаражат таба аласыз және жұмысты аяқтай аласыз деп сенеді. Бұл тау-кен өндірісіндегі және мұнай өндісіндегі қолданылатын қағида.
Агробизнес саласы да ұзақ мерзімді инвестицияларды қажет етеді, жерді дұрыс пайдалану қажет, оны қалпына келтіру керек. Міне, көрдіңіз бе, түрлі жағдайлар туындайды және сіз жалға қандай жер алып жатқаныңызға да байланысты. Жерді қалпына келтіру үшін қанша жыл қажет? Жердің құнарлығы қандай, түрлі мәселе туындайды. Сондықтан соған байланысты шешімдер қабылдануы керек.
Біз «жер» туралы айтқан кезде көз алдымызға сөреде тұрған зат келетіндей. Шындығында, жердің айырмашылықтары өте көп, ол - аймақтың табиғи-климаттық жағдайы, бонитеттік балл, минералды құрамы, судың қол жетімді болуы, суару мүмкіндігі. Жерге байланысты көптеген параметрлер бар.
Сондықтан мен қазір бәрін бір өлшеммен өлшемей, осының бәрін ескере отырып, бағалауға шақырамын, себебі бұған біліміміз жетеді деп ойлаймын. Бізге қолайлы тәсіл қажет.
Тақырыпқа байланысты оқу: Жер мәселесінде популизм қажет емес
Жалға алу мерзіміне келетін болсақ, менің ойымша, 20 жыл бұл жақсы жақсы мерзім. Бұл уақыт аралығында инвестор жерді қалпына келтіріп, жақсы бизнес құра алады. Жалға алу мерзімінің жоғарғы шегіне келетін болсақ, егер жер нашар болса,оны қалпына келтіру үшін ұзақ мерзім қажет болса, онда жалға беру мерзімі ұзағырақ болуы керек. Бірақ 49 жыл тым ұзақ секілді. Сондықтан, меніңше, ең дұрыс мерзім 20-25 жыл.
Жерді жалға алу құқығын автоматты түрде ұзарту керек пе, жоқ па деген мәселеге келер болсақ, әрине, егер жерді жақсы қолданатын болса, жерді пайдаланудың барлық шарттарын мүлтіксіз орындайтын болса, бизнесті жалғастыруға деген ниеті болса, жақсы өнім жинаса, мерзімін ұзартуға болады. Жер қойнауын пайдалануда осындай тәсіл бар. Яғни, бізде белгілі бір мерзімге келісімшарттар жасалады, бірақ егер кен орнында жұмыс барысында жаңа қор табылса немесе сіз жаңа технологияны қолданып, қазба-байлық тапсаңыз, онда сізге сәйкесінше көбірек уақыт қажет болады. Сіз құзыретті органдарға жүгініп, мерзімді ұзарту қажеттілігін негіздеп, тағы 10-15 жыл жұмыс істей аласыз, себебі пайда тауып, салық төлейсіз.
Осыған байланысты, егер Үкімет халықтың мүддесін қорғайды десек, онда осы орайда құзырлы орган елдің болашағын қарастыруы керек. Априорлы, бұл өзара шарттық міндеттемелер болуы қажет. Тек экономикалық және құқықтық сипатта ғана емес, сонымен қатар экологиялық сипатта болады. Бұл талаптардыекі тарап та құрметтеуі керек. Біз мұның бәрін талқылап, дұрыс икемді схеманы жасауымыз керек. Оны бюрократияға айналдырмай, келісімшартты алу қолжетімді болуы тиіс.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ақылбек Күрішбаев жерді жеке меншікке беруге қарсы болды
Негізінде, қазір фермердің адал жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтіндігін, оның жерді күтіп-баптап ұстауын немесе немқұрайлықпен қарайтынын анықтауға мүмкіндік беретін бақылау жүйелері бар. Жалға алушы адам жай экономикалық жағдайда оған қажет нәрсенің бәрін жасай алмайтын жағдайға тап болса және оған қолдау қажет болса білуге болады. Мұның бәрін объективті бағалауға мүмкіндігіміз бар. Сондықтан, бұл екі жақтың - фермер мен халықтың атынан әрекет ететін құзыретті органның шешуі керек деп санаймын.
Бізде құзырлы органның қалай істейтініне сеніңкіремейміз.Жер мәселесінде басқаша болуы керек.
«Жерден тек 1000 отбасы пайда тапқан»
- Келесі сұрағымыз - жерді пайдалану көрсеткішін қалай бақылауға болады? Негізінен әр түрлі спикерлер айтатын екі тәсіл бар. Біріншісі, құнарлылыққа әсер ететін негізгі элементтердің құрамының төмендеуін немесе өсуін динамикасын мезгіл-мезгіл бағалай отырып, жердің жағдайын ескеру. Екіншісі - оны рентабельділікпен бағалау: салыстырмалы түрде айтсақ, бір жер пайдаланушы әр гектардан $150 доллар пайда тапса, кейбір фермер $500 доллар пайда табады- демек, екінші жер тиімді пайдаланылады. Сіздің пікіріңіз қандай?
- Мен айтып өткенімдей, бізге кешенді тәсілдер қажет. Бұл тағы да қарабайыр схема - ақшамен есептеу. Сонымен қатар көптеген параметрлерді ескеру қажет. Мысалы, ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы төмендеді немесе көтерілді. Сонымен қатар, бір дақыл жерді құртуы мүмкін, ал екіншісі, керісінше, жерді құнарландырады.
Иә, қоғам мен адамдар осы жерден қандай салық төленетінін, қандай қосымша құн жасалатынын түсіну үшін экономиканың қандай-да бір түрін, қандай-да бір қайтарымдылықты ескеру қажет.
Екінші жағынан, жерге деген экологиялық көзқарас болуы керек. Сіз әр гектардан $1000 доллардан пайда тауып, жерге немқұрайлы қарамауыңыз керек, себебі күтіп-баптамаса, 5-10 жылдан кейін жерді «тоздырып жіберуге» болады. Сіз оны тастап ары қарай кете алмайсыз, өзіңіз үшін ақша таптыңыз, одан әрі не болатыны сізді қызықтырмайды. Жер бір рет жаратылған, онда жүздеген ұрпақ өмір сүріп, жұмыс істеуі керек. Біз, біздің ұрпақ, соңғы бірнеше мың жылдық тарихты ғана білеміз. Алайда, планетаның жасы - 4 млрд жыл ғой. Оның миллиондаған жылдар бойы өмір сүретініне сенеміз. Сондықтан, жерді пайдалану мәселесінде экономикаға негізделген қысқа мерзімді көзқарас болмауы тиіс. Жердің экологиялық тұрғыда таза болуы бірінші кезекте тұруы керек - сіз жерге қалай қарасаңыз, оған қалай қамқорлық жасайңыз қайтарымы да солай болмақ.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да жауапты фермерлерге жерді жалға беру мерзімін ұзартуды ұсынды
Мен өзім жерге тұтынушы ретінде қарайтын көзқарасқа қарсымын. Өз сұхбатымда Аргентинада болған жағдай туралы айтқан едім. Испан конкистадорлары жүзіп өтіпі, үнді тайпаларына келіп, қырып-жойып оларды бағындырған. Барлық жерді өздеріне бөліп алған. Жер белгілі бір адамдарға ғана тиесілі болған. Алайда Аргентиналықтардың жаңа буындарының болашағы болмаған. Өте керемет, бай, дәл Қазақстанның көлеміндей, айырмашылығы 100 мың шаршы шақырым. Жер иеленушілердің отбасылары Буэнос-Айресте, Парижде, Лондонда тұрады, ал олардың жерінде біреулер жұмыс істейді, бірақ түскен пайданы иелері алады. Ел дамымай сол қалпында қалды, бүкіл жер 1000 отбасыға ғана тиесілі, соларға ғана жұмыс істейді.
Мен Қазақстанның болашағы бұлай болғанын қаламаймын. Аргентиналықтар басқа бөтен елге келді. Бірақ, іс жүзінде, болашаққа қатысты бұл өте әділетсіз. Мен осы отаршылдық ойлардан аулақ болуды қалаймын, барлығымыз бір Жердің балаларымыз – әлемде, Қазақстанда болсақ та бірдейміз. Дұрыс шешімді тауып, қоршаған ортаны күтіп ұстауымыз керек.
Әрине, бұл барлық ауылшаруашылығы тек organic деген мағынада емес. Онда бизнес құлдырайды, ешкім ақша таба алмайды деген пікір болмауы керек. Мұнда win-win-win қағидасы бойынша стейкхолдерлердің мүдделерін ескеретін дұрыс теңдестірілген шешімдерді табу маңызды. Осы жердің 100 жылдан кейін не болатынын ойлау қажет, қазір өнім алу мен экономиканы дамыту керек екенін ескере отырып, кешенді көзқарас пен дұрыс шешімдер қабылдау қажет. Мұның бәрін жасауға болады - бұл үшін біз білім алып жатырмыз, бұл үшін технология мен ғылым күннен күнге дамуда. Отаршылдық көзқарас бұдан 500 жыл бұрын дәлелдегендей қарабайыр пікірді ұстанбауымыз керек.
Тақырыпқа байланысты оқу: Шетелдіктерге жерді берсек, барымыздан айырыламыз
Естеріңізде болса, бұрын адамдар ауыл шаруашылығы үшін ормандарды кесіп, егін егетін. Жерден өнім алып, пайдаланып, оны тастап ары қарай жылжитын. Содан кейін, ағашты қайтадан кесіп тағы сол тәсілді қолданатын. Яғни, олар жай ғана жерді тоздырып, екіншісіне көшетін. Сонымен Пасха аралын жасайтын, онда мүлдем ештеңе қалмайтын еді. Біз өз жерімізді Пасха аралына айналдырмауымыз керек, онда таста жоқ. Біз соншама жыл оқып, неге ата-бабаларымыз қан төккен жерді дұрыс пайдаланбаймыз? Бізде бүгін, болашақта және алдағы уақытта дұрыс шешімдерді қабылдау үшін бәрі бар. Өткенді құрметтеп, барымызды, байлығымызды сақтай біліуіміз қажет.
«Жақсы агробизнес жерді қалпына келтіреді»
-Еркін мырза, келесі сауалымыз қаржы жайлы болмақ, жерді пайдаланудың тиімділігін бағалау үшін және жалпы жер мәселесі қалай шешілетінін түсіну үшін өте маңызды. Мен Қазақстандағы жерді жалға алушы немесе меншік иесі кім екендігі туралы мәліметтер жайлы сұрақ қойғым келіп отыр. Сіздің ойыңызша, жер мәселесі туралы немесе жерді беру жайлы ақпаратты көпшілікке жариялау керек пе?
- Барлығы ашық түрде жасалуы қажет. Мен өзім барынша таза істегенді қолдаймын. Әсіресе жер туралы мәлімет өте маңызды. Барлығы мүмкіндігінше жария түрде болуы керек. Пікірлер, заңдар, барлық ережелер, жерді беру туралы шешімдер - барлығынан қоғам хабардар болуы тиіс.
Өкінішке орай, біз қазір тұқым өсіру саласын дамытуды жоспарлап отырмыз, алайда Алматы облысында бос жер жоқ. Барлығы бөлініп берілген, ал олардың иелері- прокурорлар, әкімдер. Бірақ бұл жер қолданылмауда, немесе оны бір жалға шаруаға берген, ол сол жерден нәпақасын тауып жүр. Ал нақты иесі кім екенін ешкім білмейді.
Жерді бұлай пайдалануға болмайды. Бұл өз анаңа қамқорлықпен қараумен бірдей. Адамның туыстарымен, балаларымен, анасымен қалай сөйлесетінін бағалау өте оңай. Егер бәрі ойдағыдай болмаса, онда оның моральдық жағдайын бағалауға болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Төлеутай Рахимбеков ауыл шаруашылық жерлерін сатуға қарсы болуда
Агробизнес саласында да жағдай осындай, яғни біздің дұрыс қарым-қатынасымыз сияқты цикл деп санаймын. Бұл жерде біз барынша, ақылмен әрекет етуіміз керек. Әлемді қара немесе ақ деп, «қызылдар» немесе «ақтар» деп қана бөлуге болмайды. Ондай бөлу жақсылыққа әкелмейді. Біздің арымыз тыныш болса, біз бақытты ғұмыр кешеміз, сондықтан да дұрыс шешім табуға тиіспіз. Біздің экономикамыз арқылы қалай пайда табуға болады және қай саладан кіріс келтіруге болатынын ойлауымыз қажет. Ал біз өз жерімізді жақсартып, оған қамқорлық жасаймыз. Себебі жақсы дұрыс агробизнес жерді қалпына келтіреді. Бұл дәлелденген факті.
Әрине, кез-келген жерде кездейсоқ келген адамдар кездеседі, агробизнесте де ондай адамдар бар. Бірақ олар үлгі тұтатындай жандар емес. Олар қарақшылар тәрізді, иә, ондай адамдар түрмеде отырады, бірақ біз оларға назар аудармаймыз және өмірімізді олардың тіршілігіне қарай жасамаймыз.
Жермен байланысты жағдай да осындай. Мен жерді анамызбен салыстырар едім. Оны біздің балаларымыздың ғана емес, сонымен қатар бес, он, жүз ұрпақтың анасы ретінде қарауымыз қажет, оны қалай бақытты етуге болады соны ойластырайық. Бұл цикл үзілмеуі керек және адамдар жер бетінде ғасырлар бойы жұмыс істейтін болады.
Біздің мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаларымыз жайлыайтсақ, қазір халықтың фермер болғанын қалаймыз, олар сонда жұмыс істеп, жерден ақша тапса деген ойдамыз.
Біз болашақ ұрпаққа мүмкіндік беруіміз керек. 20 немесе 50 жылдан кейін Қазақстанда туылған жігіттер мен қыздар осы іспен айналыса алуларына мүмкіндік тудыру қажет. Егер олар жермен байланысты кәсіпкерлікпен айналысқысы келсе, жағдай жасауымыз керек. Оның үстіне, біздің еліміз, Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған мемлекет. Егер адамдардың ниеті дұрыс болса, барлық ұрпақтың жерде жұмыс істеуге мүмкіндігі болуы керек. Егер жерге адамгершілікпен қарайтын болсақ, онда келер ұрпаққа құнарлы жер қалдыра аламыз.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан жері жеке меншік болуы тиіс
Сонымен қатар басқа да құралдарды, космомониторингті де қолдануға тиіспіз, кейбір жауапсыз адамдарды, жерді күтіп-баптай алмайтындарды жақындатпауымыз қажет, соларды анықтай білсек дұрыс болады. Барлық лайықсыз ұл-қыздарды бұл іске қатыстырмау керек, оларға басқа нәрсемен айналыссын. Менің ұстанымым осындай.
- Еркін, әңгімеңізге, сұхбат бергеніңізге көп рахмет! Жер реформасы жөніндегі комиссия дұрыс шешім қабылдап, заңнамаға барлық қажетті түзетулер енгізеді деген ойдамыз.
- Иә, мен жер комиссиясының мүшесі болмасам да, өз ойыммен бөліскім келді: жер мәселесін қарапайым, жеңіл жолмен шешуге болмайды. Мұның бәрін қандай да қызыққа айналдырудың қажеті жоқ, өзін осы жағдайда патриот ретінде немесе патриот емес ретінде көрсетуге тырысудың да қажеті жоқ. Бізге болашақ туралы ойлана отырып, ұзақ мерзімді, құндылықтарымызды сақтай отырып, ақылмен қарау керек. Егер біз осы нәрселерді ұстанатын болсақ, біз дұрыс шешім қабылдаймыз. Қазіргі ойымыз керемет болмаса да, оны келешекте түзетуге және толықтыруға мүмкіндік болады. Ең бастысы - дұрыс бағытта жүру. Келте ойлауға болмайды, алыпсатарлықпен айналысып, жерді саудалап, танымал болудың қажеті жоқ. Тағы да айтарым - біз жерге анамыздай қамқорлық жасап қарауымыз керек және соның аясында заң шығарып, технологиялар мен бизнес жасауға тиіспіз.