Алматы облысының Ақсу ауданында егіс айналымына 7 мың га жер енгізіледі

Алматы облысының Ақсу ауданында суару жүйесі салынатындықтан егіс айналымына шамамен 7 мың га жер енгізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қызылағаш алқабында суару желілерін салудың жаңа жобасы әзірленді, ол тағы да 7 мың га жерді  сумен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Қызылағаш өзеніндегі су қоймасының, су жинау торабының және магистральдық каналдың жұмысы қайта жасалып, қалпына келтірілді»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Қазсушаруашылық» РМК Алматы филиалының директоры Смайыл Куметовтың айтуынша, маңызды нысанның құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында басталған, бөгетті автоматтандырылған басқару жүйесін орнату және төтенше жағдай кезінде халықты жергілікті хабардар ету жұмыстарын салу қалған. Қазіргі уақытта жобаның кейбір тұстары түзетіліп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қажетті процедуралар жасалғаннан кейін орнату жұмыстары басталады.

«Шаруа қожалықтарына егістікті суару қажет болғандықтан, бөгеттен Қызылағаш ауылының алқаптарына су беріледі. 700 гектардан астам жер ылғалмен қамтамасыз етілген. Су қоймасынан 20 млн текше метр су жиналды», - деп нақтылады      С. Куметов.

Ауданда сондай-ақ ирригациялық жүйені дамыту бойынша жұмыс жалғасады. Қызылағаш алқабында суару желілерін салудың жаңа жобасы әзірленді, ол жаңадан егістіктерді қолдануға мүмкіндік береді және 7 мың гектарға жуық жерді сумен қамтамасыз етеді, бұл Қызылағаш ауылдық округінде қосымша 200 шаруа қожалығын құруға жағдай жасайды. Жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Аталған суару арналары қант қызылшасы, соя, бидай, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны сапалы түрде іске асыру үшін уақыт қажет болғандықтан, әзірше су жол –жөнекей азайып су қоймасынан шаруа қожалықтарының алқаптарына жетуде.

Жалпы Алматы облысы бойынша ирригациялық желілердің жалпы ұзындығы 17 мың километрді құрайды. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Осыған байланысты өңірде су шаруашылығын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Алматы облысының бірқатар аудандары суару проблемаларын бастан кешуде, соның салдарынан өңірде  су тарату үшін комиссия құрылған болатын. Сондай-ақ, суаруға байланысты қиындықтар Қазақстанның оңтүстігінде де егін шығынына әкелді.

 

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.