Арқалық құс фабрикасы жұмысын тоқтатты

«Агроинтерптица» ЖШС Арқалық құс фабрикасында құс тұмауының шығуына байланысты құстар қырылып, жұмыс тоқтатылғаны туралы хабарлады.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, эпидемия басталғанға дейін құс фабрикасында құс саны 502 600 болған. Құстардың өлімін тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар - АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті және АШМ Республикалық эпизоотияға қарсы тобы келіп, тіркеуі тиіс. Бірақ, компания мәлімдегендей, мемлекеттік органдардың өкілдері келмей бұл процес кешігіп жатыр.

Тақырыпқа байланысты оқу: Тоқаев Ауыл шаруашылық министрлігін құс тұмауының таралуына байланысты сынады

«Бізге ешқандай  орган келмеді, бірде-бір құс өлімін растайтын акті толтырылып, тіркелмеді. Біздің фабрикада әлі де ашық далада 70 мыңға жуық құс өліп жатыр. Біз құстарды өз бетімізше көміп, жоя алмаймыз, мұндай іс-шараны мемлекеттік органдарсыз жүргізуге құқығымыз жоқ. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар ережеге сәйкес уақытылы әрекет етпесе, тиісті ресімдеу жасамаса, өтемақы мен көмек төленбейтіні белгілі», - деді кәсіпорынның құрылтайшысы және инвесторы Александр Лоренц. Ол қазіргі жағдайда фабрика басшылығы жұмысты толығымен тоқтатуға және қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр екенін айтты. Бұл ретте компания барлық қаржылық міндеттемелерді орындауда. Қызметкерлерге қыркүйек айында жалақы төленді. Енді несие берушілермен есеп айырысып, коммуналдық төлемдер мен салықты төлеу қалды, деп хабарлады.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда  жұмыртқа өндіру саласы 20% -ға құлдырады

«Өлім - жітімнен келген тікелей шығын 554,7 млн теңгені құрады, жұмыртқа сатуден түскен пайда сомасы - 356 млн теңге, банк пен өнімді жеткізушілер алдындағы қарыз - 500 млн теңгеден астам», - деп мәлімдеді Лоренц.

Компанияның есептеуі бойынша фабриканың қызметін қайта бастауға кемінде бір жыл және шамамен 1,5 млрд теңге қажет болады. Сонымен қатар, компанияда жұмыртқа құс фабрикаларына қатысты АШМ-нің өзгерген жаңа саясаты бойынша, жұмысқа қайта кірісу керек пе деген сұрақ туындайды.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.