Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қытай шекарадағы шектеулерді көктемнің соңына дейін созады
Қаңтар айының соңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қытай тарапымен келіссөздер жүргізді. ҚХР өкілдері Қазақстаннан келген жүк пойыздары көлемін «Алашанькоу» станциясында тәулігіне 18-20 пойыз, «Қорғас» станциясында тәулігіне 8-10 пойызға дейін арттыруға уәде берді. Алайда жағдай әлі де өзгеріссіз.
Қаңтар айында ҚТЖ басшылығы мен қазақстанның мемлекеттік органдардың өкілдері ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үкіметімен ұзақ келіссөздерден кейін екі тарап 2020 жылдың қарашасынан бері шекарада тұрған өнім тиелген ұзын-сонар вагондарды түсіруге келіскен болатын. Алайда Қытай тарапы келісімдерді бірлі жарым ғана орындады. Сонымен қатар ҚХР Сыртқы істер министрлігі шекарада карантинге байланысты қатаң шектеулердің көктемнің соңына дейін ұзартатындығын мәлімдеді. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
«Шекарада тұрып қалу салдарынан кәсіпкерлер белсенділігінің төмендегенін байқадық. Бизнесмендеріміз Қытай еліндегі маңызды серіктестерінен айрылып қалуы мүмкін, Қытай серіктестері бізбен жұмыс істеуге ынталы, бірақ ҚХР үкіметінің шектеу шаралары салдарынан біздің тарап келісімшарттағы міндеттерін бұзуға мәжбүр болып отыр. Осы жағдайға байланысты Ұлттық палатаға ҚХР Сыртқы істер министрлігінен Қытай шектеу шараларын көктемнің соңына дейін күшейтетіні жайында хат келіп түсті. БАҚ –та хабарланғандай, екі елдің теміржолдары арасында келісімдер жасалып, 1 ақпаннан бастап вагондарды қабылдау басталатыны туралы айтылғанымен, көріп тұрғанымыздай, жағдай өзгермеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қытай тарапы Алашанкоу бекетінде қазақстандық вагондардағы жүктерді түсіре бастады
Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше,қазіргі кезге дейін қазақстандық тарапта 8 мыңға жуық вагондар қараусыз қалды. Қаңтардағы келіссөздерден кейін Қытайға вагондарды жіберу динамикасы біршама байқалған еді, бірақ бұл аз ғана уақытқа созылды. Мысалы, астық үш күн сайын жіберілуде, ал келісім бойынша Қытай тарапы күніне бір рет өткізуі тиіс еді. Деректер бойынша жүк жөнелтушілерге маршрут бойындағы тұрған өнімдерге келтірілген зиян шамамен 17-18 млрд теңгені құрауы мүмкін.
«Ұлттық тасымалдаушы ретінде, біз өз тарапымыздан жүк ағынын тоқтап қалмауы үшін барымызды салудамыз. Қытай темір жолы 2021 жылдың қаңтар мен ақпан айына жабық вагондармен астық және тартылған өнімдерді тасымалдауға жоспарды бізбен келіспеді. Қытай тарапы жүк тиелген вагондарды тіпті ірі сатып алушыларына да қабылдамай қойған жағдайлар да бар. Біз бір амалын тауып, тартылған дәнді-дақылдарды биг-бэгтерге салып, жөнелттік. Шекарадан тез өтудің сәтті жағдайлары да бар, бірақ ҚХР кедергісіз жібере беретініне кепілдік жоқ», – деді «КТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы директорының орынбасары Қанат Көбесов.
Сондай-ақ, жүк жөнелтушілердің вагондарына қатысты қиындықтар туындады. «Северное зерно» компаниялар тобының негізін қалаушы Евгения Карабановтың айтуынша, жүктері ұзақ уақыт тұрып қалған кейбір вагондарды жөндеу қажет болуда, соған байланысты тасымалдаушылар оларды қайтарып жатыр. Кәсіпкер экспортаушылардан Сауда және интеграция министрлігіне жүк жөнелтушілерге шығындарды өтеу тәртібін қайта қарау туралы өтініш айтып жүгінуді ұсынды.
«Біз барлығын төлеп қойдық емес пе: сертификаттау, вагон операторларының қызметі, кері қайтару үшін төледік. Сауда министрлігінде экспортаушылардың шығынын өтеу бағдарламасы бар. Бәлкім ҚХР шекарасында зардап шеккен экспорттаушыларды да осы бағдарламаға қосуға мүмкіндік бар шығар?», – деп ойын айтты Евгений Карабанов.
Тауарларды өткізуді жылдамдату үшін ұлттық тасымалдаушы компания Қазақстанда дезинфекциядау процедурасын жасауға дайын және сертификатталған, қытайлықтар халықаралық деңгейде мойындаған және аккредитациядан өткен China Certification & Inspection Group (CCIC) компаниясын шақыртып, дезинфекциялық станцияны сатып алуға дайын.
Тақырыпқа байланысты оқу: Экспорттаушылар ҚХР-ға вагондарды әділ түрде өткізуді сұрауда
Сондай-ақ, «Атамекен» палатасында аталған жағдайға байланысты ҚР Индустрия министрлігі екі рет ҚР Премьер-Министрінің қолы қойылып ҚХР үкіметіне хат жолдады, алайда әлі күнге дейін нақты толық жауап болмауда.
«Министрлік ҚХР бағыты бойынша жүктерді тасымалдау мәселесін Көлік жөніндегі кеңестің келесі отырысында қарастыруды ұсынуда», - деді ҚР ІІМ Көлік комитеті теміржол көлігі бөлімінің бастығы Елдос Нестай.