АШМ субсидия берілетін мал тұқымдарының тізімін анықтады

«Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының «Отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін асыл тұқымды өнімнің (материалдың) қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидия берілетін мал тұқымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрығының жобасы жарияланды.

Аталған тізімге: ірі қара мал, қой, жылқы, шошқа, тауық, үйрек, қаз, түйеқұс, түйе, бұғы мен аралар кіреді.

Ең көп субсидия ірі қара малға беріледі.

Тізімге ірі қара мал тұқымдары енгізілген:

  • Сүт бағытындағы: Қара ала, Қызыл Дала, Голштинофриз қара ала, Әулиеата, Айршыр, Латыштың қызыл қоңыр, Голштинофриз қызыл ала тұқымдары.
  • Сүт және ет бағытындағы: Алатау, Симменталь, Швиц тұқымдары.
  • Ет бағытындағы: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл, Ангус, Герефорд, Санта-Гертруда, Шароле, Қалмақ, Обрак, Галовей тұқымдары.

Қой:

  • Биязы жүнді және ет бағытындағы: Оңтүстік Қазақстан меринос, Солтүстік Қазақстан меринос, Бесқарағай және Сұлукөл тұқымдары, Мерке және Күйік тұқымдары.
  • Биязы жүнді және ет және жүн бағытындағы: Қазақ архармериносы, Қазақтың жұқа жүнді  және етті меринос, Волгоград меринос.
  • Ұзын жартылай биязы жүнді ет бағытындағы: Қазақтың жартылай биязы жүнді, Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтық түрлері, Қазақтың ет-жүнді, Кальченгиль, Ақсеңгір, Шу қол тұқымдары, Ақжайық ет-жүнді, Дегерес жартылай биязы жүнді тұқымдары.
  • Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар: Гэмпшир.
  • Жартылай биязы жүнді:  қойлардың қолтұқымдары.
  •  Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары: Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы, Қарғалы, Ақтөбе, Байыс, Дегерес құйрықты қылшық жүнді түрлері.
  • Қаракөл қойы: Атырау құйрықты етті тұқым.
  • Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары: Еділбай, қазақтың семіз құйрықты қойы, Сарыарқа майлы құйрықты қой тұқымдары.

Жылқы:

  • Өнім беретін жылқылар: Қазақ  жабысы, Мұғалжар, Күшім, Адай, Қабы, Жаңаалтай.
  • Мініс жылқысы: Таза қанды ағылшын, Ахалтеке, Таза қанды араб, Ганновер.
  • Жазық дала жылқысы: Дон, Қарабаир, Қостанай.
  • Солтүстік дала жылқысы: Ресей жылқысы, Орловск жылқысы.
  • Жүк жылқысы: Ресей жүк жылқысы, Першерон, Владимир жүк жылқысы, Совет жүк жылқысы.

Ет бағытындағы шошқа малы: Ірі ақ шошқа, Ақсай қара ала, Неміс асыл тұқымды, Дюрок, Ландрас.

Бір күндік балапандар:

  • Ет бағытындағы : Росс – 308, Хаббард, КОББ 500, Сибиряк, Смена.
  • Жұмыртқа бағытындағы: Қоңыр хайсекс, Ақ хайсекс, Ломан, Родонит, Иза браун, Hy line, Омск.

Үйректер: Кросс Медео пекин тұқымы.

Қаздар:Ақ Итальяндық.

Страустар: Қара африкалық.

Түйелер: Қазақ бактриан, Түркмен бактриан, Арвана.

Аралар: Карпат,Ортаресей тұқымдары.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.