Қазақстандағы 2020 жылы сүт өндіруші ТОП-50 компания

Қазақстандағы ірі сүт өндірушілердің рейтингін екі жыл қатарынан ElDala.kz порталы құрап келеді. 2020 жылы көшбасшы топтың қатарында ларда ешқандай өзгеріс болмады. Бұл аралықта, барлық компанияларда өндіріс көлемі айтарлықтай өсті, бұл көрсеткіш ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидия бөлу мөлшері мен шаруашылықтардың өсуін қолдау туралы шешімінің дұрыстығын растайды.

Тақырыпқа қатысты оқу:   Қазақстандағы ТОП-69 ірі сүт өндірушілер

Сүт өндірушілердің алғашқы ондығы:

Естеріңізге сала кетейік, Өнімділікті арттыруды субсидиялау ережесі бойынша, әрбір сатылған немесе қайта өңделген сүт килограмына субсидия мөлшеріне фермада берілетін жем сиыр басының санына байланысты. Ең жоғары мемлекеттен қолдауды ауыл шаруашылығындағы 600 бас малы бар және одан жоғары сауынды сиыры табыны бар кәсіпорындар алуда - мұнда бір литр сүтке 45 теңге төленеді. Егер 400 бастан бастап мал басы болса, субсидия литріне 30 теңгені құрайды. Мал басы 50-ден асатын фермалар үшін - литріне 20 теңге беріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды ауыл шаруашылығы кооперативтері пайдаланады - бір литр сүтке 20 теңге.

Тақырыпқа қатысты оқу: Қазақстанда АгроКараван сүт іс-шарасы басталады

ІҚМ жүргізетін статистика бойынша сүтті және аралас тұқымды ІҚМ республикалық палатасы (12-31 шілде аралығында ElDala.kz порталын өткізетін сүтті АгроКараван (серіктесі) жүргізіп отырған статистика бойынша соңғы жылдары өндіріс көлемінің өсуінде қуатты серпін байқалып отыр). Мысалы, егер  «Родина» агрофирмасы 2015 жылы 7 615 тонна сүт өндірсе, 2020 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі үш есеге артып, 21 678 тоннаға жетті. 

- Сүт саласын мемлекеттік қолдау төңірегінде қазір көптеген даулар жүріп жатыр, - деді «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр. - Өкінішке орай, көп жағдайда бұл мәселені ауыл шаруашылығынан алыс адамдар талқылайды деген үрдіс бар. Кімге беретінін, неге беретінін, қанша беретінін айтады. Өкінішке қарай, бұл сарапшылардың барлығы негізінен бұл саладан ауылы алыс адамдар. Олардың ешқандай дәлелі жоқ, бәрі эмоциялық деңгейде айтылады. Ал нақты фактілер басқаша: егер бүгін республикалық деңгейде талдау жүргізетін болсақ, онда елдегі ең арзан майлылығы 3,2%, табиғи сүт, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында сатылады. Мұның себебі неде?  Өйткені елорданың негізгі сауда желілірін еліміздің екі ірі шаруашылығы, КТ «Зенченко және К» және «Родина» агрофирмасы қамтамасыз етеді. Ал біз бағаны екі жылдан бері өзгертпей, ұстап тұрмыз. Егер біршама өсу  болып жатса, онда оны сауда желілері өзгерткен, солардың ұятында. Ал біз көтермейміз. Бұл субсидия қажет екендігінің айқын дәлелі емес пе? Егер субсидия болмаса, біз көп уақыттан бері бағаны ұстап тұра алмас едік. Барлығымыз білеміз, ешкімге де құпия емес – кәзір бәрі  қымбаттады, біздің шығындарымыз өсті. Біз шығындарды қысқарта алмаймыз, өйткені біз құрылысқа, жаңа техникаға, жай ғана жемшөпке салуымыз керек. Өткен жылы біз 1,3 млрд теңгеге мал азығын сатып алдық, ал биыл сол шығын 2 млрд теңгеге өсті. Оған қоса, электр энергиясынан бастап, сүтті құятын қорап материалдарына дейін барлығы қымбаттады. Егер мемлекет бізге бір литр сүтке 45 теңге субсидия бермесе, біз бағаны көтеруге мәжбүр болар едік. Сондықтан, шын мәнінде, мемлекет бізді субсидияламайды, мемлекет біздің азаматтарымызды субсидиялайды. Мұны түсіну керек. Біз субсидиялардан өзіміз пайда таппаймыз. Шын мәнінде, бұл бағаны тежеу құралы. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау өндіріс көлемін ұлғайта отырып, бізге ары қарай дамуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылы шаруашылықтың барлық түрімен 6 млн тонна сиыр сүті сауылды. Өндірістің өсімі бір жылда 3,2% құрады.

Осы көлемнен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 463 мың 29,1 тонна тиесілі, бұл 53 жылғы деңгейден 12,8% мың тоннаға (2019) жоғары.

Шаруа және фермер қожалықтары 1 млн 230 мың 295,2 тонна берді (2019 жылға қарағанда өсім 63 мың тонна немесе 5,3%).

Ауыл тұрғындары жеке қосалқы шаруашылықтарда тағы да 4 млн 310 мың 861,8 тонна өндірді. Бұл жерде өсім 1,7% немесе 70 мың тонна.

Тақырыпқа қатысты оқу: Қазақстан бойынша сүт сауу бойынша ТОП өңірлер

Осылайша, статистика ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өсуіне мемлекеттік салымдар барынша тиімді екендігін растайды, себебі өсімді сала бойынша орташадан төрт есе жоғары қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының сүті техникалық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді, бұл туралы ЖҚШ өнімдерін айтуға болмайды.

Сергей Буянов

Атауы
Сүт көлемі, тонна
1
Зенченко
Зенченко
27873
Сүт көлемі, тонна: 27873

 «Зенченко и Ко»- астық дақылдарын өсірумен және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын  серіктестік. Сүт өнімдері: 

• сүт; 

• айран; 

• майлы айран; 

• сүзбе; 

• қаймақ. 

«Иван Зенченко» - ірі қара мал өсіруге, майлы дақылдар өсіруге маманданған компания

2
Родина агрофирмасы
Родина агрофирмасы
21678
Сүт көлемі, тонна: 21678

«Агрофирма «Родина» - өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын көп салалы ауыл шаруашылығы компаниясы.

3
К. МАРКС атындағы шаруашылық
К. МАРКС атындағы шаруашылық
16656
Сүт көлемі, тонна: 16656

«К. Маркс» атындағы - тұқым шаруашылығы дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен, ІҚМ өсірумен айналысатын кәсіпорын.

4
Камышинское ШҚ
Камышинское ШҚ
16019
Сүт көлемі, тонна: 16019

«Камышинское» - ірі қара мал өсіруге, сондай-ақ сүт өндіруге маманданған шаруа қожалығы. 

«Камышинское 2» - кәсіпорын тұқым шаруашылығы, ІҚМ сүт тұқымдарын өсіруді қоса алғанда, дәнді және дәнді-бұршақты, майлы, жемшөп дақылдарын өсірумен айналысады.

5
Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы
Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы
13073
Сүт көлемі, тонна: 13073

«Майлы дақылдардың тәжірбиелік шаруашылығр»  (МДТШ) - селекция мен тұқым шаруашылығымен, сондай-ақ сүтті мал шаруашылығымен айналысатын компания.

6
Айс
Айс
11026
Сүт көлемі, тонна: 11026

«Айс» - сүт өңдеуге маманданған кәсіпорын. «Айс» компаниясының шығаратын сүт өнімдерінің ассортименті:

  • Стерилденген сүт өнімдері; 
  • Пастерленген және ерітілген сүт;
  • Ассортименттегі балмұздақ; 
  • Қышқыл сүт өнімі; 
  • Бифидокультуралармен байытылған қышқыл сүт өнiмi.
 
7
Тұрар
Тұрар
8905
Сүт көлемі, тонна: 8905

«Тұрар» - ірі қара мал өсірумен, тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді және бұршақты дақылдар өсірумен айналысатын компания.

8
Dinara-Ranch
Dinara-Ranch
8774
Сүт көлемі, тонна: 8774

Dinara-Ranch - етті бағыттағы ІҚМ өсіруге маманданған асыл тұқымды шаруашылық.

9
Алматы асыл тұқымды мал зауыты
Алматы асыл тұқымды мал зауыты
7787
Сүт көлемі, тонна: 7787

«Алматыдағы асыл тұқымды мал зауыды» майлы дақылдар мен олардың тұқымдарын өсірумен, сүтті бағыттағы ірі қара малды өсірумен, қой мен ешкі өсірумен айналысады.

10
Луганск
Луганск
7613
Сүт көлемі, тонна: 7613

«Луганск»  - сүтті бағыттағы ІҚМ өсірумен айналысатын өндірістік кооператив.

11
Пахарь
Пахарь
7529
Сүт көлемі, тонна: 7529

«Пахарь»- етті және сүтті ірі қара мал өсірумен, көкөніс, жемшөп және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.

12
Бек +
Бек +
7390
Сүт көлемі, тонна: 7390

«Бек+» - сүт бағытындағы ІҚМ өсірумен, сүт өндірумен, жемшөп дақылдарын өсірумен айналысатын компания.

13
Адал агроөнеркәсіптік компаниясы
Адал агроөнеркәсіптік компаниясы
6895
Сүт көлемі, тонна: 6895

«Адал» Агроөнеркәсіптік компаниясы  - кәсіпорын мал өнімдері мен шикізатын - сүт, сүт және қышқыл-сүт өнімдерін өндіреді, өңдейді және өткізеді.

 Өнімдері: сүт, 

  • айран, 
  • қаймақ, 
  • сары май, 
  • кілегей, 
  • сүзбе, 
  • ірімшік, 
  • спред, 
  • қаймақ өнімі, 
  • құрамында сүт бар өнімдер.
14
Галицкое
Галицкое
6564
Сүт көлемі, тонна: 6564

«Галицкое» - компания ІҚМ өсірумен, астық, дәнді-бұршақ және майлы дақылдар өсірумен, құрама жем өндірумен айналысады.

15
РЗА
РЗА
6537
Сүт көлемі, тонна: 6537

«РЗА»  - ІҚМ өсіруге және сүт өңдеуге маманданған кәсіпорын. 

Сүт өнімдері:

  • сүт; 
  • айран;
  • қаймақ ; 
  • сүзбе;
  • сары май;
  • құрт.
 
16
Сарыағаш
Сарыағаш
6305
Сүт көлемі, тонна: 6305

«Сарыагаш» - кәсіпорын «Арай Холдингінің» құрамына кіреді және жұмсақ және қатты сортты бидай өсіру, сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ІҚМ өсіру сияқты аралас ауыл шаруашылығымен айналысады.

17
Победа
Победа
5987
Сүт көлемі, тонна: 5987

«Победа»- ірі қара мал өсірумен және дәнді дақылдарды өсірумен айналысатын компания.

18
Тайынша-Астық
Тайынша-Астық
5873
Сүт көлемі, тонна: 5873

«Тайынша-Астык» - астық өсірумен, сүт өндірумен, сүтті ІҚМ өсірумен айналысатын компания.

19
Қазына жер LTD
Қазына жер LTD
5613
Сүт көлемі, тонна: 5613

«Казына-Жер LTD» - сүт ІҚМ өсіретін, сүт өнімдерін шығаратын, жем-шөп өндіретін ірі агроөнеркәсіптік компания.

20
Амиран
Амиран
5577
Сүт көлемі, тонна: 5577

Қазақ тамақтану академиясының «Амиран» зауыты - Қазақстандағы алғашқы және жалғыз зауыт. «Амиран» сүт өңдеу зауыты  тәулігіне 15 тонна сүт өңдейді және 6 айдан бастап балаларға арналған өнімнің 5 түрін шығарады:

  • Балаларға арналған ауыз сүт және ботқа дайындауға арналған сүт, 3,2%, 230 мл.
  • Балаларға арналған ашытылған сүт өнімі, 3,5%, 180 гр. 
  • Балаларға арналған сүзбе пастасы, 9%, 100 гр.
  • Балаларға арналған дәнді сүзбе, 9%, 100 гр. «Тірі» балалар йогурты, 2,8%, 180 гр. Сондай-ақ ересектерге арналған өнім: 
  • Қарапайым қышқыл сүт өнімі «тірі», 3,5%, 380 гр. 
  • Сүт сарысуы, 0,2%, 500 мл.
  • Сүт сарысуы, 0,2%, 1 л.
  • Сүзбе, 9%, 450 гр.
  • Сүзбе, 9%, 220 гр.
  • Сүзбе, 0%, 450 гр. 
  • Сүзбе, 0%, 220 гр. Қаймақ, 20%, 1000 гр. Қаймақ, 20%, 380 гр. Қаймақ, 20%, 150 гр. 
  • Сүт, 3,2%, 0,8 л.
  • Сүт, 2,5%, 0,8 л. Айран, 3,2%, 0,5 л. Айран, 2,5%, 0,5 л. 
  • Ерітілген май, 99%, 900 гр.
21
Үштерек және К
Үштерек және К
4580
Сүт көлемі, тонна: 4580

«Уштерек и К»  - ІҚМ өсірумен және сүт өнімдерін өндірумен айналысатын компания.

22
Петерфельд-Агро
Петерфельд-Агро
4430
Сүт көлемі, тонна: 4430

«Петерфельд-Агро» - компания мал шаруашылығына маманданған және ет пен сүт өндірумен айналысады.

23
Хильниченко және К
Хильниченко және К
4172
Сүт көлемі, тонна: 4172

«Хильниченко и К» - сүтті мал шаруашылығына, қой шаруашылығына, жылқы шаруашылығына, астық және майлы дақылдарды өсіруге және оларды өңдеуге маманданған командиттік серіктестік.

24
Викторовское
Викторовское
4054
Сүт көлемі, тонна: 4054

«Викторовское» - астық, дәнді-бұршақ және майлы дақылдарды өсірумен және ІҚМ сүт тұқымдарын өсірумен айналысатын кәсіпорын.

25
ТастобеАгроФуд
ТастобеАгроФуд
4011
Сүт көлемі, тонна: 4011

«ТастобеАгроФуд» - компания сүтті мал шаруашылығымен және жемшөп жүгері өсірумен айналысады.

26
НурСен Агро
НурСен Агро
3617
Сүт көлемі, тонна: 3617

«НурСен Агро» - ет және сүт бағытындағы ІҚМ өсірумен, сүт өнімдерін өндірумен айналысатын компания.

27
Ертіс
Ертіс
3610
Сүт көлемі, тонна: 3610

«Ертic» - сүтті бағыттағы ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.

28
Еңбек
Еңбек
3515
Сүт көлемі, тонна: 3515

«Енбек» - кәсіпорын дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен және тұқым шаруашылығымен, сүт өндірумен айналысады.

29
Гамбург
Гамбург
3404
Сүт көлемі, тонна: 3404

«Гамбург» - сүт бағытындағы ІҚМ өсірумен, шұжық өнімдерін өндірумен, шошқа өсірумен, етті қайта өңдеумен, дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды өсірумен айналысатын компания.

30
Байсерке-Агро
Байсерке-Агро
3403
Сүт көлемі, тонна: 3403

«Байсерке-Агро» - етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ІҚМ өсірумен, қой шаруашылығымен, жылқы шаруашылығымен, түйе шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен, ара шаруашылығымен, балық шаруашылығымен, инновациялық құрама жем зауытында жем өндірумен және ауыл шаруашылығының өзге де салаларымен айналысатын көп салалы агрохолдинг.

«Байсерке-Агро» «RAZIYA» брендімен сүт және сүт өнімдерін - айран, йогурт, қаймақ, сүзбе және ірімшіктің бірнеше түрін шығарады және сатады.

«Байсерке-Агро» сүт өңдеу зауытының қуаты жылына 10 мың тонна өнімді құрайды.

«Байсерке-Агро» сүт фермасы Алматы облысы Талғар ауданы Арқабай кентінде орналасқан. Роботталған сүт кешенінде 2013-2014 жылдары Канададан әкелінген голштиндік қара-пестра тұқымды асыл тұқымды мал ұсталады.

31
Шеминовка
Шеминовка
3398
Сүт көлемі, тонна: 3398

«Шеминовка»- астық дақылдарын өсірумен және ІҚМ өсірумен айналысатын компания.

32
Белағаш
Белағаш
3380
Сүт көлемі, тонна: 3380

«Белагаш»- "Агрофирма TNK" компаниялар тобына кіретін және астық өсіру мен өңдеумен, тұқым шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы кәсіпорны.

33
Бөрте милка
Бөрте милка
3310
Сүт көлемі, тонна: 3310

«Борте Милка»- МРС және ІҚМ өсірумен айналысатын компания.

Өнім:

  • сүт;
  • йогурт;
  • айран;
  • қаймақ;
  • майы;
  • курт;
  • тұздалған айран
  • балмұздақ.

 

34
Мәмбетов и К
Мәмбетов и К
3169
Сүт көлемі, тонна: 3169

«Мамбетов и К» - астық өсіруге, тұқым сатуға, ІҚМ өсіруге және жылқы шаруашылығына маманданған компания.

35
Жаңа қала
Жаңа қала
3033
Сүт көлемі, тонна: 3033

«Жаңа қала»- сүтті бағыттағы ІҚМ өсірумен айналысатын шаруа қожалығы.

«Жаңа қала» кәсіпорнының ІҚМ сүт-тауарлы фермасы бар. Жаңа МТФ жобалық қуаты жылына 2,8 мың тонна сүтті құрайды.

36
Шаймерденов Б. А
Шаймерденов Б. А
2851
Сүт көлемі, тонна: 2851

«Шаймерденов Б. А.»  ұжымшар шаруашылығы ірі қара мал өсірумен айналысады.

37
Сергей
Сергей
2831
Сүт көлемі, тонна: 2831

КХ «Сергей» — крестьянское хозяйство, которое занимается выращиванием зерновых и зернобобовых культур, картофеля, овощей, разведением КРС, производством молока и мяса.

38
Олжа Садчиковское
Олжа Садчиковское
2807
Сүт көлемі, тонна: 2807

«Олжа Садчиковское» - ІҚМ сүт тұқымдарын өсіруге және дәнді және бұршақты дақылдарды өсіруге маманданған компания.

39
Астана-өнім
Астана-өнім
2750
Сүт көлемі, тонна: 2750

«Астана-Өнім» - ІҚМ өсірумен, сүт өндірумен және өңдеумен, жылқы шаруашылығымен айналысатын компания.

40
Первомайский
Первомайский
2677
Сүт көлемі, тонна: 2677

«СП «Первомайский»- сүт өндіру мен өңдеумен, ІҚМ өсірумен айналысатын компания.

41
Қақпатас-Қордай
Қақпатас-Қордай
2640
Сүт көлемі, тонна: 2640

«Какпатас-Кордай» — жылқы шаруашылығына және етті және сүтті тұқымды ІҚМ өсіруге маманданған кәсіпорын. «Қақпатас-Қордай» шаруашылығында күнделікті сауылатын сүт мөлшеріы шамамен 25 литр.

42
Айдарбаев
Айдарбаев
2553
Сүт көлемі, тонна: 2553

«Айдарбаев» — ІҚМ өсірумен, сүт өндірумен және өңдеумен айналысатын компания.

43
Агро-Даму
Агро-Даму
2512
Сүт көлемі, тонна: 2512

«Агро-Даму» -ұн өндірумен, сүтті бағыттағы ІҚМ өсірумен, сүт өндірумен, дәнді және майлы дақылдар өсірумен айналысатын компания.

44
Нежинка-Ерке
Нежинка-Ерке
2325
Сүт көлемі, тонна: 2325

«Нежинка-Ерке» — ІҚМ өсірумен, дәндә дақылдар өсірумен айналысатын компания

45
Баталинское
Баталинское
2130
Сүт көлемі, тонна: 2130

«Баталинское» — ІҚМ өсірумен, дәнді дақылдар өсірумен айналысатын компания

46
Заря
Заря
2011
Сүт көлемі, тонна: 2011

«Заря» —бұршақ дақылдарын өсірумен айналысатын компания

47
Агрофирма АКАС
Агрофирма АКАС
1960
Сүт көлемі, тонна: 1960

Агрофирма «АКАС» — компания, которая занимается производством и переработкой молока, разведением КРС, выращиванием зерновых и зернобобовых культур, включая семеноводство.

48
Новая Заря
Новая Заря
1847
Сүт көлемі, тонна: 1847

«Новая Заря» —симменталь тұқымды ІҚМ өсірумен, сүт өндірумен сүт өндірумен айналысатын компания.

49
Бекет
Бекет
1611
Сүт көлемі, тонна: 1611

«Бекет» — предприятие, специализирующееся на разведении КРС и переработке молока.

50
Е. Зайтенов
Е. Зайтенов
1370
Сүт көлемі, тонна: 1370

«Е. Зайтенов» — ет пен сүтті өндіру мен қайта өңдеудің толық циклін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін шаруашылық.