Қазақстандағы 2020 жылы сүт өндіру мөлшері бойынша ТОП-50 сүт фермасы

«Сиыр қанша сүт береді?». Бұл сұраққа жауап беру үшін шаруашылықта малды асырау мен азықтандырудың барлық жүйесі қаншалықты дұрыс та сауатты түрде құрылғанын анықтау қажет. Иә,белгілі бір кезеңге дейін мал басын арттыру арқылы өндірістің көлемін өсіре отырып нәтижеге қол жеткізіп, экстенсивті даму жолымен жүруге болады. Алайда, еңбек өнімділігін арттыру үшін селекционерлер сауын сиырдың барлық гендік әлеуетін пайдаланған кезде тек жақсы жетістікке қол жеткізуге болады.

 АгроКаравана Сүт 2021 іс-шарасы барысында ElDala.kz порталының командасы малды асырау мен азықтандырудың алдыңғы қатарлы тәжірибесіне назар аударды. Ал біздің серіктестеріміз - Сүтті және құрама ірі қара мал тұқымдары  республикалық палатасы және «Мустанг Азия» компаниясы әр ферманың жақсы және әлсіз жақтарын түсінуге көмектесті.

Сонымен қатар, Қазақстан бойынша статистика көңіл көншітпейді, 2020 жылы бір сиырдың орташа сауымы 2 360 литрді құрады. Бұл - шаруашылықтардың барлық деңгейінде болды, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, фермерлік шаруашылықтар мен жеке шаруа қожалықтары да бар.

Алайда, мұнда нәтиже ферманың ауқымына тәуелді екендігі байқалады. Ірі шаруашылықтар малды күтіп-бағу және азықтандыру технологияларына инновацияларды енгізуге мүмкіндіктері бар болғандықтан, олардың нәтижелері де жоғары болуда. Ал ауыл тұрғындары ескі әдіспен жұмыс істейтін шаруашылықтарда  нәтижелер өте нашар.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда сүтті АгроКараван іс-шарасы басталады

Яғни, егер 2020 жылы Қазақстанның сүт кәсіпорындарында бір бас малға шаққандағы орташа сүт сауу мөлшері 4 864 литрді құраса, ал жеке шаруа қожалықтарында бұл көрсеткіш 2 424 литрді құрайды. Фермерлік шаруашылықтарда көрсеткіш одан да төмен, бір сиырдан 1 835 литр сүт сауылады. Бірақ бұл жерде жалпы жағдайға бірнеше құрғақ аймақтар (БҚО, Атырау, Маңғыстау) бойынша деректер әсер етті. Ал жалпы алғанда, жеке шаруа қожалықтар және ұсақ фермаларда бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен болуда, мұның өзі жемшөп, ветеринария және басқа да мәселелерге байланысты.

Сүт алудан көшбасшы компаниялар жайлы айтатын болсақ, олар ферманың жұмысын ұйымдастыру кезінде мамандардың ұсыныстарына құлақ асып, мал азығының рациондардын құрастыруда талаптарды орындау керектігін айтуда.

Атап айтқанда, рейтингте бірінші орына тұрған «Айс» компаниясы тұр олар қатал климатта Ақтөбеде бір сиырдан 12 292,4 литр мөлшерінде орташа көрсетікішке жете алды. Бұл нәтижеге шаруашылықтың өз суармалы жерлерінде өсірілген шырынды жемшөптерін қолдану, сиырлардың қора-жайларында қолайлы микроклиматты ұстап тұру, сиырларға дұрыс жемшөп қоспаларын беру арқылы,  нақты есептелген сапалы да рациондарды құрастыру және бұзаулаған кезде стресстерді жеңуге көмектесу арқылы қол жеткізілді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Шөл даладағы «Айс». АгроКараван Сүт, 1 күн

Сондай-ақ, «Родина» агрофирмасында (10 040,8 литр), «РЗА» АҚ (9 515,3 литр), «Бек+» ЖШС (9 377,9 литр) және МДТШ (9 016,1 литр) барлық жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл көшбасшы бестікті ElDala.kz порталының командасы АгроКараван барысында көріп, оқырмандарға жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін фермаларда қандай жұмыс жасалатындығы туралы жан-жақты айтып берді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Сүт өндірушілер рейтингін Зенченко и Ко және «Родина» Агрофирмасы бастап тұр

Әрине, көшбасшылар жоғары нәтижелерге қалай қол жеткізу қеректігі туралы құпияларымен бөлісуде. Табыстың кілті ең бастысы бар мәселе «Сиырдың тілімен не жесе, сүтінде сол болады» деген сөзден көрініс тапқан. Яғни, ең бастысы (генетикалық әлеуеттен басқа, әрине) - бұл азықтандыру рационы. Оның маңыздылығы туралы бізге Қазақстанның ірі сүт компанияларында малды азықтандыру және күтіп-бағу бойынша толық көмек көрсететуші «Мустанг Азия» компаниясының аға консультант-сарапшысы Михаил Морозов айтып берді.

- Бірінші кезекте, жүгері сүрлемі, бұршақ немесе дәнді дақылдардың (жоңышқа, эспарцет және тағы басқалар) сапасы маңызды, - деп атап өтті Михаил Морозов (суретте). - Мұның барлығы малды толыққанды азықтандыру үшін қажет. Егер фермада негізгі азық жетіспесе, онда рационды концентраттармен байытуға тура келеді. Бұл жерде қауіпті жағдайдың бірі - егер қандай да бір концентраттарды пайдалану шегінен асып кетсе, онда малдың метаболизмінің бұзылуын тудыруға әкеледі, бұл малдың түрлі ауруларына әкеп соғады. Бұл - бірінші. Екіншіден - жемшөп дайындау үшін барлық құрамдас бөліктердің болуы ғана емес, сонымен қатар сапалы миксер-жемшөп араластырғышты пайдалану да маңызды. Өйткені, рационды есептеу - жұмыстың бір бөлігі ғана және ол басты нәрсе емес. Табыстың кепілі - сапалы жасалған және тартылған жемшөпте. Барлық жемге қосылған азықтарды дұрыс араластырып, сиырға дұрыс беру керек. Сондықтан миксердің жұмыс істеу техникалық жағдайын бақылау маңызды. Бірақ бүгінде көбінесе жүзі сынып қалған пышақтары бар ескі құрал-жабдықтарды көреміз, ол жемді толыққанды араластыра алмайды. Қажетті пропорцияларды, компоненттерді дұрыс ұсақтап, үгіту қажеті - мұның бәрі өте маңызды.

Сондықтан да сүтті малды азықтандыру үдерісін бақылайтын-жасайтын мамандардың міндеті - жемшөп қоспаларының аудиті (total mixed ration). Олар жемшөпті рациондарды есептеп қана қоймай, миксерге компоненттерді белгілі бір пропорцияларда салу бойынша тапсырмаларды орындайды, сонымен қатар осы тапсырмалардың орындалуын да бақылайды. Алайда көптеген фермалардағы жұмысшыларының біліктілігі көңіл көншітпейді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Дұрыс жасалған мал азығы сүт фермаларының тиімділігін қалай арттыруда

Сүт мөлшерін арттыруға қатысты жағдайда түрлі тәсілдер көмектеседі. Мысалы, «Родина» агрофирмасында және ««Галицкое» ЖШС-да немістің «Dairy Feeder» бағдарламасы орнатылған. Олар жемшөп қоспасын жасау кезінде жіберілген қателіктер мен дұрыс емес жақтарын анықтап,көрсетеді. Мұндай бақылау - табыстың кепілі.

- Фермада үш түрлі рацион болуы мүмкін, мысалы, зоотехник есептеп құрастыратын, жем-шөп таратушы араластырып беретін, ең соңында сиыр жейтін жемшөп болады, - деп атап өтті Михаил Морозов. - Яғни, қателік үш кезеңде де болуы мүмкін, ол - рационды жасау, араластыру, тарату кезінде. Ал егер сиыр зоотехник есептеген рационды жесе, онда нәтиже де жақсы болады.

 

Сергей Буянов

 

ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ

ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ СҮТТІ ЖӘНЕ АРАЛАС ТҰҚЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ

 

МУСТАНГ АЗИЯ

Атауы