Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Оңтүстіктің ең шеті. АгроКараван Сүт 2021, 19 күн
«Ташкент!» - дегенде ыстық туралы ойлаймыз. Түркістан облысы Ақдала ауылы Өзбекстанмен шекараға дейін бір аттам жерде орналасқан ауыл. Сондықтан, ElDala.kz командасы бұл ауылға Сүт және аралас тұқымды ірі қара малдың республикалық палатасы мен «Мустанг-Азия» компаниясының қолдауымен АгроКараван шеруімен жетті. Бұл мекен оңтүстіктің ең соңғы нүктесі болып есептеледі. Мұнда «Қазына Жер» сүт фермасы жұмыс істейді, ол 2020 жылы 5613 тонна сүт өндірген болатын.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы 2020 жылғы ТОП-50 сүт өндірушілер
Фермаға мал әкелу үш жыл бұрын басталған. Мал басын Қазақстанның әр өңірінен, Украинадан және басқа да елдерден 100-200 сиыр әкелу арқылы бірнеше партия тасылды. Таза голштино-фриз тұқымды сиырларға ыстық климатта оңай болмады және маусымдық ауысу кезеңі сауынды сиырларға әсер етті.
Тақырыпқа байланысты оқу: Голштин тұқымын таңдау. АгроКараван Сүт 2021, 11 күн
Қазір жем жеп тұрған мал басы 750 сиырды құрайды, оның ішінде сауынды сиыр 650. Мұнда малды ұстауда сауатты түрде азық рационы құрастырылады. Ыстық күндері 25 литр сауылады. Ферманы ұстауда Украинаның мамандары кеңес береді. Атап айтқанда, басқарушы міндетін Diary Global Experts компаниясының өкілі Сергей Иванов атқарады.
-Мұндай ыстықта жануарларға ыстық қатты әсер етіп, жылудан стрес болады, олар жемді аз жейді және қолайсыздық сезінеді, - деп түсіндірді Сергей Иванов (суретте). - Қазір көлеңкедегі температура 48 градусқа дейін жетеді. Өкінішке қарай, жазда олар үшін оңтайлы қолайлы температураға қол жеткізу мүмкін емес.
Фермада желдеткіштер мен қондырғылардан тұратын арнайы салқындату жүйесі жұмыс істейді, ол судан тұман жасап, оны қораптарға шашады. Сонымен қатар, сиырлардың ортасында біз басқа ешқайда көрмеген үлкен төбедегі желдеткіштері айналып тұрады. Салқындату жүйесі автоматты режимде жұмыс істейді. Егер температура 18 градустан жоғары көтерілсе, бірден желдеткіштер қосылады, егер температура бәрібір өсе берсе – суару жүйесі де қосылады. Бұл жүйе сырттағы ауамен салыстырғанда ғимараттың температурасын 10 градусқа төмендете алады. Бірақ далада 50 градус болса, тіпті 40 болса да малдарға қиынд болады. Жануарлар үшін ең қолайлы температура + 18 градустан аспауы керек. Мұндай жағдайда олар өздерінің барлық генетикалық әлеуетін көрсетіп, барынша көп сүт бере алады.
Тақырыпқа байланысты оқу: «Бөрте милка» сүт фермасы. АгроКараван Сүт 2021, 18 күн
- Тәулігіне 30-35 литр сүт беретін голштин тұқымдары ұсталатын фермалар бар, - деп атап өтті Сергей Иванов. - Бізде көктемде тәулігіне 29 литр сүт алуға болды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Алматы фермерлері не себепті алатау тұқымын таңдайды. АгроКараван Сүт 2021, 16 күн
Шаруашылықта мал басын көбейту жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Орташа есеппен айына 60-70 мал бұзаулайды. Ұрықтандыру жасанды түрде бір жынысты тұқыммен (секцияланған) де, дәстүрлі қос жынысты тұқыммен де жүргізіледі.Мұнда сандық жүйе жоқ, бәрі көзбен көріп, қолмен жасалады. Ферманың жұмысшылары үнемі аралап, қажетті жұмыстарды жасайды.
- Фермадағы кез келген адам, малшы болсын, немесе басқа біреу болсын, егер күйлеп жүрген малды көрсе, қай топта және малды байқағанын дереу хабарлайды, - деді Сергей Иванов. - Содан кейін будандастыру үшін арнайы маман сиырды тауып, ұрықтандырады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Сүтті мал шаруашылығы не себепті ет шаруашылығына қарағанда тиімді. АгроКараван Сүт 2021, 12 күн
«Қазына жер» шаруашылығындағы голштин тұқымында Джерси қаны аздап бар. Бұл тұқымды сиырлардың сүттері майлы және ақуызы көп болады. Бұл сиыр тұқымдары әкелінді, үш айға жуық уақыт бойы онымен жұмыс жүріп жатыр.
Бұл жерде төл алу үшін бір жынысты тұқыммен жұмыс істейді. Сиырларды дәстүрлі түрде будандастырады. Бұқаларды аз ғана мөлшерде қалдырады, өз қажеттіліктері үшін, негізінен, оларды бес күндік кезінде сата бастайды. Олар жергілікті халық арасында үлкен сұранысқа ие.
Тақырыпқа байланысты оқу: Сүт фермалары Қазақстандықтарды етпен қамтамасыз етуге дайын. АгроКараван Сүт 2021,13 күн
- Голштин тұқымы сүтті, соған сәйкес ет тұқымына қарағанда салмағын баяу жинайды, - деп түсіндірді Сергей Иванов. - Ет сапасы да ет тұқымдарындағыдай емес, дегенмен, ол тұқымсыз малдан жақсы, сондықтан жергілікті халық бұл бұқаларды қуана алады. Жергілікті тұқымсыз мал екі жыл бойы союға қажетті салмаққа дейін өсуі мүмкін, ал голштин бұқалары, егер азықтандырса, бір жылда 400-450 кг жинайды. Бұл сою үшін жақсы салмақ.
Ыстық ауа райы сиырлар тұратын жер де ғана емес, сиырларды сауатын залда да салқындату жүйесін орнатуға міндеттейді. Мұнда желдеткіштер мен суару жүйелері бар, олар мұнда өте қажет. Өйткені малдар сиырлардың тұратын секциясында болса, бір-бірінен алшақ бөлек тұрады, онда жел соғып, жақсы салқындайды. Сауын залында малдар тығыз тұрады, бір-бірін жылытады, температура жоғары болады, дәл сол жерде малдар негізгі жылу стрессін алады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Көшбасшының үйінде қонақта. АгроКараван Сүт 2021, 6 күн
Сиырларды сауу үшін GEA типті 28 орындық карусель құрылғылар қолданылады. Күніне үш рет сүт сауатын машина оператор жұмыс істейді, әрқайсысының өз орны бар. Еденде олардың аяқ астында төселген кілемшелер әрбір оператордың жұмыс аймағын белгілейді, ол аймақтан шығуға болмайды. Әрбір оператор өзінің жеке жұмысын жасайды. Ең алдымен сиырдың желінін жуады, дезинфекциялайды,ал екінші оператор желінін сүртеді және аппаратты қосады, үшіншісі маститтердің алдын алу үшін сапасын бақылайды және йод негізіндегі препаратты консервілейді.
Ферма тәулігіне 13 тоннаға жуық сүт алады, ол Food Master және «Алтын дан» екі сүт зауытына жіберіледі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Барлық мәселе мал азығында. АгроКараван Сүт 2021, 4 күн
Шаруашылықта араласқан азықты пайдаланады, жануарлар оны тәулігіне екі рет алады, рационның құрамына жүгері сүрлемі, люцернаның шабындығы, шалғынды пішен, астық, күнбағыстың шроты, рапс, спиртті барда, ұсақталған жүгері қосылады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мал азығы сүт фермасының тиімділігін арттырады
«Қазына жер» шаруашылығының азықтық цехында ұсақталған жүгері, рапс шроты, күнбағыс шроты, сондай-ақ құрғақ және сауын сиырларға арналған тұз, сода және қосымшалар қосылады. Бұл жерде премикстер негізінен құрғақшылық кезінде жануарларға беріледі, өйткені құрғақшылық және транзиттік уақыт жануарларға ең ауыр кезеңдердің бірі болып табылады. Әдетте, дәл осы кезеңдерде өнімділігі жоғары сиырларда ең көп проблемалар туындайды.
- Жүгеріні ұсақтаймыз, егер мұны істемесек, онда мал көп астықты сіңіре алмайды, - деп түсіндірді Сергей Иванов. – Жүгеріні барынша ұсақтау керек, сонда жақсы сіңеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Симменталдар vs Голштиндер. АгроКараван Сүт 2021, 5 күн
Фермада сиырлар әртүрлі жағдайда ұсталады, бокстарда, цехтарда - әртүрлі жерде тұрған жануарлар белгілі бір физиологиялық жағдайда болады. Ерте құрғақшылыққа шығу үшін жануарлар 21 күнге дейін бөлек тұрады, кеш құрғақшылыққа шығу үшін бұзаулаған соң малдар 21 күн тағы бөлек тұрады. Сиырлар бұзаулаған соң жеке боксқа жіберіліп, жануарлардың денсаулығы бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілетін жерде болады. Одан әрі сиырлар бұзаулайтындығына қарай бөлінеді - жоғары, орташа, төмен өнімді топтар және құрғақшылыққа шыдамды. Жануарлар бақылауда болады сауу, лактация күндерінің саны, ұрықтандырылған және т.б. сипаттар бойынша қозғалады. Осы көрсеткіштерге сәйкес жануарлар үнемі қайта топтастырылып отырады.
Тақырыпқа байланысты оқу: «Амиран» өнімдері балаларға арналған. АгроКараван Сүт 2021, 17 күн
Фермада сауынды сиырды бақылау және табынды сиырды басқару бағдарламалары бар. Бұл құрылғыларда сиырлар туралы толық ақпарат бар – малдың ауыратын жері, қалай емдеу керектігі. Малдың тегінен бастап соңғысына дейін. Аяққа бекітілген чип арқылы малдың сауылуға келгені туралы белгі береді, ол сиырдың сауылатын жерін белгілейді. Осы жерде жиналған ақпарат жазылады.
Фермадағы табынды басқару үшін голландтық Unifarm agri бағдарламасы енгізілді, ол табынды бақылауға, оның ішінде қайта топтастырулар жасауға, талдамалық есептеулер жасауға, малдарды көрсеткіштер бойынша салыстыруға толық көлемде көмектеседі. Бұл бағдарламада мал өсімін молайту, вакцинациялау, денсаулық бойынша мәліметтер сақталады. Малды буданддастыру немесе вакцинациялау алгоритмін жасауға болады, бағдарлама кез келген уақытта қажетті ақпаратты береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Швидтік тұқым ыстық климатқа төзімді. АгроКараван Сүт 2021,15 күн
Фермадағы басқа да оңтайлы шешімдердің бірі - көңді жою жүйесі. Барлық фермаларда, барлық елдерде көң ең көп проблемалардың бірі болып табылады. Көбінесе, көңді шығаратын жер жоқ. «Қазына жер» шаруашылығында бұл үшін - дельтаскрепер жұмыс істейді, ол көңді жылжытады, одан кейін көң траншеяға барып түседі, сумен араласып, сепараторға жетеді, онда сұйық фракция алынады да құрғақ көң ғана қалады. Ол арбаға салынып, тыңайтқыш ретінде далаға шығарылады. Арнайы құбырдың бойымен ағыпғ сұйық фракция лагунаға шығарылады.
Шаруашылықта жерді суару үшін арықтар салынған. Су қажетті жерге дейін траншеялар қазылады.
- Биыл жемшөп мәселесі қиын болып тұр деген әңгіме жүріп жатыр, бірақ біз жоңышқаны екі рет шауып алдық, - деп түсіндірді Сергей Иванов. - Екі шұңқыр қаздық, мұндағы бір шұңқыр өткен жылдан қалған. Сондықтан бізде қазір шөп жиналған қор бар. Ешқандай қиындық болмайды деген ойдамыз, дегенмен біз әзірше жүгері сүрлемін жинаған жоқпыз және оның қанша мөлшерде болатынын және сапасы қандай болатынын қазір есептей алмаймыз. Салмағы қанша болатынын әзірге таразыдан өткізбейінше, жем-шөптің мөлшері туралы айту қиын.
ЖОБАНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ
СҮТТІ ЖӘНЕ АРАЛАС ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ РСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ